ҰЛАҒат қараша



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата06.04.2017
өлшемі1,23 Mb.
#11182
1   2   3   4   5   6   7   8

1-жүргізуші:
Қонақ күту – салтымыз,
  Оқып-біліп жатырмыз.
  Салт-дәстүрлер сақталса,
  Арта берер даңқымыз.
2-жүргізуші:
Қазақ халқының ежелден желісі үзілмей келе жат-
қан рухани-мәдени және адамгершілік тұрғыдан қымбат 

116
қазыналардың бірі – көне салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы.
Мәди:
-  «Халқым  қандай  десең,  салтымнан  сынап  біл» 
демекші, салт-дәстүрден халықтың мінез-құлқын, үлгі-
өнегесін,  даналығы  мен  даралығын,  шешендігі  мен 
тапқырлығын, ақыл-ойын көреміз.
Әйгерім:
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,
  Тәлімді ой-саналы, тәрбие көзін қалдырған.
  Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын,
  Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
Дана:
- Туған соң адам боп
  Білімсізден жаман жоқ.
  Ел дәстүрін білмесең
  Жұрт айтады надан деп.
  Ата-баба ардақты 
  Жамандыққа бармапты.
  Ардақ тұтып үлкенді 
  Ата жолын жалғапты.
Арсылан:
Ата-салтым, асыл мұрам – ардағым. 
  Бабалардың жалғастырар арманын.
  Сан ғасырдың қалпын бұзбас қадірім,
  Өткенімді бүгініммен жалғадым.
Жанаргүл:
Бауырласқан тәніміз,
  Бұзылмаған антымыз.
  Кең даланың ежелгі
  Қазақ дейтін халқымыз!
Аружан:
-  Қазақ  халқының  салт-дәстүр,  той-томалақтары 
өте  көп.  Келін  түсіру,  қыз  ұзату,  беташар,  шілдехана, 

117
бесікке салу, тұсау кесу, сүндет той, тілашар тойы, т.б.
Мәди:_-_Енді_салт-дәстүр_мен_ырымдардың_мағынасына_көз_жіберейік._Жүргізуші'>Мәди: 
-  Енді  салт-дәстүр  мен  ырымдардың  мағынасына  
көз жіберейік.
Жүргізуші:
-  «Шілдехана»  рәсімі  бала  дүниеге  келген  соң  бір 
жеті бойы ана мен баланы күтіп, олардың қасында көңіл 
көтеріп,  дастарқан  жаю  әдетімен  өткен.  Қырық  күн 
толғанда бөбекті қырқынан шығарып, бесікке бөлеген.
Мәди:
Бүгін біздің ауылда – той.
  Той болғанда «Шілдехана» тойы!
Аружан:
- Барлықтарыңызды тойға шақырамыз. Келіңіздер! 
Ән: «Тойға арнау».
(Жанында немересі бар ақсақал келеді):
- Армысыздар халайық! Қалың елім!
  «Сәлем сөздің – анасы» деген халқым, 
  Өмірге кімдер келіп, кім кетпеген,
  Жақсыны жақсы ғана білмек деген.
  Бүгінігі сәтті күнде той қылыпсыз, 
  Шілдехана тойыңыз құтты болсын! Ағайын!
Дана:
Баланы бесікке бөлейді,
  Алас-алас, баладан – алас,
  Көзі жаманның көзінен алас. 
  Қырық қабырғасынан алас,
  Отыз омыртқасынан алас.
Қыздар бесік жырын айтады.
Мәди: 
- Алқа-қотан – той-думан,
  Ортамызды ашайық. 
  

118
  Ән мен күйді төгілтіп
  Інжу-маржан шашайық!
Жүргізуші:
-  Ән:  «Қазақы  дастарқан»  (Орындайтындар:       
Қуандық пен Жанаргүл).
Жүргізуші:
- Ата сөзі – қасиетті, киелі, 
  Ата сөзі жанға жайлы тиеді. 
  Ата сөзі – өміріме өнеге –
  Ата сөзі сыйластықты тілейді.
Жүргізуші:
- «Аталы сөз – баталы сөз»,
«Халықтың  қартын  сыйлауы  –  елінің  салтын 
сыйлауы» деген сөз бар.
Арсылан:
Ауыл бар ма, ақсақалсыз, ағасыз, 
  Оның әрбір сөзіне айтқан нанасыз. 
  Сөз берейік қарияға төрдегі, 
  Тағылымынан зор ғибрат табасыз.
Ақсақал: 
-  Қымбатты  ағайын!  Жас  нәрестенің  тойы  құтты 
болсын! Қазақ халқы аталар сөзімен өсіп-өнген. Бабалар 
бұлағынан нәр алған.
Халқының  салт-дәстүрін  мұра  тұтқан  емес  пе?  Ақ 
дастархан үстінде ақ батамды берейін.
- Дастарқаныңа береке берсін, 
  Достарыңа мереке берсін. 
  Астарыңа  адалдық, 
  Бастарыңа амандық берсін! 
  Дендеріңе саулық берсін. Әумин!
Жүргізуші:
Бишілерде өнер көп, билейді биді мәнерлеп.
  Қыздар биін көріңдер,

119
  Өнерге баға беріңдер.
  Ұлттық би. Орындайтын – «Қыздар» тобы.
Әлима:
-  Әй,  құрбылар,  енді  мына  жігіттерге  жұмбақ 
жасырайық. Олар шешуін тапсын.
Төмен қарап өседі,
Күн жылына өшеді (сүңгі)
Розалина:
Бес жанды бір жансызға мінгескен,
  Айналып ақ тақырдан із кескен 
                                            (Бес саусақ пен қалам)
Мәдина:
Дегендей ешкім тимесін
  Алыпты қадап инесін     (Кірпі)
Даяна:
Мата қиындыларын қидаладым, қимай оны қызға 
арнадым.     (Құрақ)
Айдос: 
Біз де құр алақан емеспіз. Біздің де жаттаған мақал-
мәтелдеріміз бар.
Білезікті қолдан тастама
Елдің аты сақталған.
Санжар:
Ердің қасиеті – ерлігінде,
  Қыздың қасиеті – жүзігінде.
Қанат:
- Сырғаның көздерінде ұлттың ұлылығы бар,
  Оны түсінген қыздың жүрегінде сыры бар.
Ақсақал:
-  Ой,  бәрекелді!  Айналайындарым,  өнерлерің  өрге 
жүзсін!

120
Көрініс – «Ата өсиеті».
Жүргізуші:
Таза мінсіз асыл тас
  Су түбінде жатады.
  Таза мінсіз асыл сөз
  Ой түбінде жатады,- демекші, «Ұлттық ұғым» атты 
мына ойынымызды көремендермен ойнаймыз:
1. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата.
2. Аттың түрлерін білесің бе?
3. Ұлттық ойындардың түрлерін ата.
4. Бес асыл іс пен бес дұшпанды білесің бе?
5. Жеті күнді ата.
6. Жеті атаңды білесің бе?
7. Жеті қазынаны білесің бе?
Жүргізуші: - Хор. «Қазақы дәстүрлер».
2-жүргізуші: 
Ізеттілік басымдау салтында оның,
  Қайырымды берген алтын кенін.
  Құрметті қонағына кетерінде
  Тай мінгізіп, кигізер жалғыз тонын. (Шапан кигізу)
Ақсақал:
Таудай талапты болыңдар!
  Қырандай талмас қанатты болыңдар!
Осы  шаңырақтың  иелерінің  «Шілдехана»  тойына 
арнаған  сый-сияпатына  көп  рахметімді  айтамын. 
Жас  нәрестенің  денсаулығы  зор,  ата-ананың  сенімін 
ақтайтын азаматы болып өссін!
Хор: «Қазағым».
Соңы.
Қорытынды.

121
Ашық сабақ ауылында
Сәуле ОРАЛБЕКҚЫЗЫ,
Семей қаласындағы
№21 жалпы орта білім
беретін мектептің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
АХАТ ШӘКӘРІМҰЛЫНЫң     
ӘДЕБИ МҰРАСЫНЫң 
ЖАРИЯЛАНУЫ, ЗЕРТТЕЛУІ
Тақырыптың  өзектілігі:  Ахат  Шәкәрімұлының 
әдеби  мұрасын  тереңдей  зерттеп,  ақынның 
өмірбаянының қалың көпшілікке беймәлім тұстарын 
ашып көрсетуге тырысу.
Мақсаты:  Ахат  Шәкәрімұлының  шығармаларын 
мүмкіндігінше  толық  жинап,  оларды  ерекшелікте-
ріне  және  тақырыбына,  мазмұнына  қарай  жіктеп 
салыстыра  зерттеу.  Ахат  Шәкәрімұлының  қазақ 
әдебиетіне  қосқан  үлесін  саралап,  әдебиет 
тарихындағы алар орынын анықтау.
Міндеттері:
-  Ахат  Шәкәрімұлының  өмір  сүрген  кезеңдегі 
қоғамның  тарихи  тынысын  талдап,  мәдени 
жағдайына  ерекше  мән  беру,  сол  арқылы  ақынның 
уақыт ағымына қосқан үні анықталады;

122
-    Ахат  Шәкәрімұлының  өміріне  қатысты  тың 
деректер жиналды;
-   ақын тәлім-тәрбие алған мектептері айқындалды;
-  ақынның  әр  тақырыптағы  өлеңдерінің  мағына-
сын ашып, талдап, оны Абай, Шәкәрім шығармалары-
мен салыстыра қарап, ұқсастығы мен айырмашылық-
тары анықталды;
Ахат Шәкәрімұлының лирикасы. Ақын өлеңдерінің 
тақырыптық аясы және алғашқы кезеңдегі өлеңдері. 
(1915- 1928)
Ұлы  Абай:  «Сыртын  танып  іс  бітпес,  сырын 
көрмей»,  «Жұртым-ай  шалқақтамай  сөзге  түсін, 
ойланшы сыртын қойып, сөздің ішін» деген жолдары 
арқылы  өлеңнің  күрделі  ішкі  құрылымына  үңілуді 
үндейді. Ахат ақын шындық үшін ширыққан шабытты 
сәтінде  төгілген  ойларын  қалыптасқан  өлшемге 
салуға  соншалықты  ұмтылмаған,  бірақ  өлеңдерінің 
көпшілігі мазмұны жағынан ұтымды шыққан.
Суреткер  өлеңдерінің  тақырыптық  аясы  өте 
кең,  олай  дейтініміз,  тақырып  пен  идея-әдеби 
шығарманың мазмұны, ал әдеби шығарма мазмұнды 
болу үшін, Ибсен айтқандай, әдебиетшінің өмірінің 
өзі  мазмұнды  болу  қажет.  Ал  Ахаттың  сан  қырлы 
өмір  жолы  өлеңдерінде  айқын  көрініс  тапқан. 
Өлеңдерінде азаматтық лирика, махаббат лирикасы, 
философиялық  толғаулар  да  кездеседі.  Көркем 
шығармашылық суреткердің өмір тарихымен тығыз 
байланысты. Сондықтан ақын өлеңдерін қарастырмас 
бұрын, оны өмірінің елеулі кезеңдеріне байланысты 
шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлмекпін:

123
1) 1915 жылдан 1928 жылға дейін;
2) 1928 жылдан 1940 жылға дейін;
3)  1940  жылдан  1981  жылға  дейінгі  шығар-
машылығы.
Ұлылықтың  қайнар  бұлағы  –  Абай,  Шәкәрім 
шығармашылығының  қыры  мен  сырын,  түпсіз 
тұңғиық  жырларын  терең  сезініп,  бойына  сіңірген 
Ахат Құдайбердиевтің өзі де он бес жасынан өнерге 
бой ұрып, ән шығарған.
Талантты ақынның қай өлеңін алсақ та, онда үлкен 
философиялық  ой,  өмір  шындығы  жатыр.  Ақын 
негізінен  шығармаларына  өзі  өмір  сүрген  уақыт 
кезеңіндегі  туған  ел,  өскен  жер  тағдырын,табиғат 
құбылысын арқау етті.
Он бес жасынан «ақын бала» атанғанымен, бірақ, 
өзі айтуы бойынша, «Менен гөрі Қабыш ағамыздың 
ақындығы  артық  еді»  дейтін.  Бұл  ағаның  алдына 
шыққысы  келмеген  сыпайыгершілігі  де  болар. 
Әйтпесе,  1919  жылы  10  шілдеде  өзінің  он  тоғыз 
жасқа толған күні жайлауда жазған мына өлеңін алып 
қарасақ:
Сен тудың арлы атадан тәлім алар,
Алдыңда басшың отыр жолға салар.
Ар саған адалдықты ақтамасаң,
Орының жоқ басқадан кейін қалар.
«Өзіме» деп аталатын бұл өлеңінде өз алдындағы 
ұлыларға  еліктеу,  айтқандарын  өз  өмірінде  жүзеге 
асыру,осы  өткізген  он  тоғыз  жасына  есеп  беруі, 
қандай  қателіктер  жібергенін  ой  толғамына  салып 
аңғару,  жақсы  мен  жаманды  ажырата  білу,  келешек 
өміріне зор мақсаттар қою... Бұл – Абай мектебі.

124
Абай мектебі қашан да сөз зергерлері үшін бағыт-
бағдар  берер  арна  ғана  емес,  мәдениеті  жоғары 
шығармашылық  жолмен  үйренудің  тамаша  үлгісі 
болып  қала  берері  даусыз.  «Ұлы  ақынның  басқа 
ақындарға әсері оның поэзиясының сол ақындарында 
көрініс  табуында  емес,  солардың  өз  басындағы 
қуатты қозғап оятуында» деп орыстың ұлы сыншысы 
Белинский  айтқандай,  Абай  оятқан  таланттар  саны 
ешқашан шектелмес.
Шәкәрімдей ұлы тұлғаның да тууы – жаңағы сол 
қозғаушы күштің әсері.
Өйткені  әдебиеттің  даму  заңдылығының  өзі  осы 
білу,  үйрену,  қорыту,  дамыту  сияқты  үдерістерден 
тұрмақ.
Мағжан  поэзиясында  Абайдың  хас  суреткерлік 
шеберлігі  өз  жалғасын  тапса,  Шәкәрімде  Абай 
поэзиясындағы  жоғары  интеллектуалды,  парасатты 
ой-өрісі  мейілінше  кеңейтілді.  Әрине,  бұл  арада 
Мағжандағы  парасатты  ой,  Шәкәрімде  суреткерлік 
жоқ  деген  теріс  ұғым  тумау  керек.  Ойсыз  сезімнің, 
сезімсіз  ойдың  болмайтыны  –  аксиома.  Әйтсе  де, 
ой мен сезім қаншама жұбы жазылмайтын құбылыс 
болғанымен,  көркем  шығармада  ақын  көңілінің 
табиғатына, құлқы мен мінезіне қарай оқушысына әр 
түрлі жетеді.
Абайда  алғаш  жүйелі  жырланған  адамгершілік 
идеясы,  Шәкәрім  поэзиясының,  тіпті,  бүкіл 
шығармашылығының  пафосына  айналып,  ғылыми 
деңгейде  тереңдетіліп  толықты.  Шәкәрім  мұрасына 
көп тоқталып отырған себебіміз, Ахаттың поэзиялық 
мұрасы жайлы онсыз сөз қозғау мүмкін емес. Ахат-

125
ақын  –  Шәкәрімнің  шәкірті.  Бүкіл  шығармашылы-
ғында әкесі әрі рухани ұстазы – Шәкәрім мұрасына 
жиі жүгініп отырады.
«Адам болып тудың ғой,ойла өзің,
Абай құйды құлаққа, әкең құйды
Неге алмайсың бағалы асыл сөзді» деп жырлаған-
дай  Ахаттың  ақын  болып,  ата-әке  идеясын 
жалғастырмауы  мүмкін  емес,  қажеттілік  деп 
қабылдауға  тиіспіз.  Ахат  ақыннан  қалған  әдеби 
мұра  мол,    соның  ішінде,  ең  алдымен,  өлеңдерін 
қарастырамыз.
Ақынның  алғашқы  кездегі,  яғни,  1915-1928 
жылдар  аралығында  туған  өлеңдерін  қарастырсақ, 
жалпы  саны  –  126.  Жоғарыда  көрсетілгендей, 
ақынның  шығармашылық  сапары  15  жасынан 
басталады. Жастық шақтың үлесіне тиетін алғашқы 
төл туындылары: «Кетпеші, балалық» (1915), «Кетті 
он бес» (1916), «Ер болмайсың ел қадірін ақтамай», 
«Қош, балалық шағым!» (1923), «Махаббатсыз тыныс 
жоқ» (1921), «Жол үстінде» (1921), «Туған елдің өз 
баласы  бола  алсам»  (1918),  «Сақта  бойға  арыңды», 
«Балалықтың  кеңесі»  (1917),  «Дүние  –  тасқын» 
(1920),  «Қатерлі  түнде»  (1918)  «Атаның  жолын 
қумаса»  (1915),  тағы  да  басқа  өлеңдерін  жатқызуға 
болады.
Ахат  Құдайбердиев  –  көңіл-күйінің  әр  түрлі 
құбылыстарына орай, балалық шақ, жастық, достық, 
махаббат жайын жырлаған сыршыл ақын. Ақынның 
көңіл-күй лирикаларында кейде сырлы, кейде мұңды 
ой сарындары көркем түрде өрнектеліп, әр жағдайда 
бейнелі  образ,  көркем  детальдармен  безендіріліп 

126
отырады.  Ақынның  суреткерлік  тұлғасын  танытар 
шығармаларының  бірі  –  «Қош,  балалық  шағым» 
(1918).
Қайда, қай жерде қойдың қалып,
Қызықты балалық шағым?!
Білмеймін, айырылдым неғып,
Өткендей болдың-ау, сағым!
18  жасында  жазылған  бұл  шығармадан  ақынның 
өзіндік  болмысын,  қиялының  кеңдігін  байқаймыз. 
Формалық  көркемдігі  әлсіз  болғанымен,  тіл  көр-
кемдігі,  сөз  бейнелеуі  жағынан  ұтып  тұр.  Өлеңінің 
пафосы-сезім,  жақсы  көру,  сағыныш  сезімі. 
«Балалық» деген дерексіз ұғымды шебер заттандыру 
арқылы  бірде  «бесікте  ұйықтап  жатқан  нәресте» 
кейіпіне  енсе,  бірде  жүгіріп  жүрген  «балақай» 
бейнесінде  көрініп,  балалықтың  соншалық  табиғи 
поэзиялық суретін көз алдымызға әкеледі.
Шығармашылық жолының алғашқы кезеңдерінде 
жазылған  шығармаларының  бірқатары  махаббат 
тақырыбына арналған. «Жас қайың», «Сенсіз бақыт 
жоқ»,  «Арманда  өткен  ғашықтар»  атты  лирикалық 
өлеңдерінде әсірелеу мен шығыстық нақыш басым.
Улатты ойды,
Ерітіп бойды,
Өртейсің, сәулем,өртейсің!
Боламын алаң,
Күйемін, жанам,
Мұңымды неге көрмейсің?!
Алғашқы  кездегі  өлеңдерінен,  әсіресе,  арнау 
түріндегі,  Ахат  ақынның  суырыпсалмалық  дәстүр-
мен  байланысын  аңғарамыз.  Оның  «Төлеутайға», 

127
«Қоқайға»  сияқты  өлеңдері  түрі  жағынан  ауыз 
әдебиетіне аса жақын.
Бұлай  болуы  заңды  да,  өйткені  халықтың  ауыз 
әдебиетінен  сусындамай  өткен  ақындар  кемде-кем 
болар.  Осы  тырнақалды  шығармаларының  өзі-ақ 
оның ақындық қуатын танытып тұр. Әсіресе, дәстүрлі 
көркемдік  тәсіл,  дыбыс  қуалаушылық  негізінде 
жазылған  «Төлеутайға»  деген  туындысында  «С» 
дыбысының әр тармақ басында ғана емес, ортасында 
да  ұшырасуы,  шағын  өлеңнің  өзіне  ерекше  екпін, 
эстетикалық әсер беріп тұр.
Сарапқа салмай ойыңды сақтағаннан не пайда,
Сана жеңбей бойыңды, сандалмасаң жол қайда?
Сағым қуған салынар сары уайымға, сарынға,
Сабарға сансыз табылар, сар қайғыға салынба?!
Қысқа ғана өлеңде үлкен ғибрат бар әрі ақынның 
шешендік өнерге жақындығын да байқау қиын емес.
Шығармашылығы  дамыған  сайын,  ақынның 
азаматтық  тұлғасы  да  есейіп,  Шәкәрімдік  сарын 
барынша  айқындала  түседі.  Ахат  –  Шәкәрімге 
жалаң  еліктеуші  емес.  Еліктеу  дегеннің  өзі  кейде 
ақынның еркінен тыс болып отырады, ол – идеялас, 
мақсаттас болу деген ұғым. Нағыз еліктеушілік,  ойы, 
мазмұны, ұқсамаған түр қайталаушылықтан тұрады. 
Ал,  мазмұн  ұқсастығы  –  идеяластықты  танытады. 
Шәкәрім мен Ахат арасындағы үрдіс – осы сипатта. 
Ахат  –  Абай,  Шәкәріммен  туыстық  тұрғыда  ғана 
емес, шығармашылық тұрғыда да табысушы.
Ахаттың  поэзиялық  пафосы  –  ар,  адамгершілік, 
азаматтық идеясы. Бұл идея оның тек осы тақырып-
тарға арналған дербес шығармаларында емес, бүкіл 

128
поэзиясына тән.
«Күдер үзіп, көңіліңді суытпа,
Арам ниетті жүрегіңе жуытпа.
«Еңбек еткен бір жетеді мақсатқа»
Деген бар ғой, есте сақта, ұмытпа»,–
деп алдындағы ұлылар өсиетін уағыздап отырады.
Абай,  Шәкәрімнің  поэзиялық  лексикасында  жиі 
ұшырасатын  «ақ  жүрек»,  «таза  еңбек»,  «ынсап», 
«махаббат»,  «нәпсі»,  «жар»  сияқты  «адамшылық» 
ұғымына қатысты бұл сөздерді Ахат поэзиясынан жиі 
кездестіреміз. Ахат та – тек «арға» табынып, «арды» 
қастерлеген моралист ақын. Нақты дәлелдер:
«Арға ғана бағынам дұға қылып,
Махаббатым – жүрегім тұрар жылап.
Бақытты өмір берерін тұрмын біліп,
Ар  өссе,  адамды  ойла  оңалды  деп».  («Арың 
қымбат). 
Сол  сияқты  «Арсызды  тек  арлы  жеңбек»  деген 
өлеңінде  ақын  «адам»  болып  қалу  үшін  қажырлы 
еңбек ету керектігін айта келе:
Ақталса адам күші өмір өнбек,
Ақырда жемісі мол жеңер еңбек.
Артылып тапсыз қоғам тәрбиесі,
Адамға жаңа сезім,сана бермек,–
деп өлеңді «А» дыбысының алитерациясына құра 
отырып, әсерлі де мәнді жеткізген.
Абай мен Шәкәрімде жырланған гуманистік идея 
Ахат поэзиясында да насихатталады.
Барлық адам бөтен емес, бір бауыр,
Неге десең, бір адамның баласы.

129
Ұлтқа бөлген – тиер маған сол ауыр,
Бір-біріне  адамның  жоқ  аласы»,–  деп  жырласа, 
мына бір өлеңде ой түйіні әдемі тұжырымдалады.
Өнер-білім, қайрат-күнің,
Бойда берік сақталсын!
Еңбек ет тек адам үшін,
Адам атың ақталсын! 
Адамгершілік, өмір-тіршілік жайлы ой-толғаулары 
Шәкәрімдегідей  ғылыми-философиялық  деңгейде 
болмағанымен, Ахатта тұрмыстық, халықтық сипатта 
болып келеді.
Адамды жүреді ғой тұрмыс айдап,
Қояды мәңгілікке кімді байлап?..
«Адамды жүреді ғой тұрмыс айдап»
Өмір-дүние  тақырыбын  осылай  дидактика 
жолымен  түсіндіреді.  Бірақ,  құр  тізбелемей,  мысал 
келтіре сурет етіп беруге тырысады. Шәкәрімді көп 
толғантқан  –  адамның  жетілуі,  ақыл  мен  парасатқа 
ұмтылуы,  адал  болу,  халық  қамын  ойлау  сияқты 
тақырыптар Ахатта түгелдей дерлік өріс табады.
Көпшілігі насихат, ғибрат түрінде болып келсе де, 
Абай,  Шәкәрім  салған  сыншылдық,  шыншылдық 
сарын көрініп, дамып отырады.
Осындай дидактикамен уағыздау басымдылығына 
қарамастан Ахат өлеңдерінен алар ғибрат, үлгі мол.
Жолыңда нелер қиын бар,
Алғызбас оңай керекті.
Қажымас, сыйы бар,
Беретін елге көмекті.  /«Еңбек етсең ер алар»/
Мұндай  формасы  мен  мазмұны  үйлесім  тапқан 
келісті  шумақтар  ақын  шығармаларында  жиі 

130
ұшырасып  отырады.  Кез  келген  ақын  жайлы,  оның 
әдеби  мұрасы  жөнінде  сөз  қозғағанда,  алдымен 
ескеретін  бір  жай,  оның  поэзияға,  ақындарға 
көзқарасын,  эстетикалық  талғамын  тану.  Әр 
қаламгердің  поэзияға келудегі өзіндік мақсат-мұраты 
болары хақ. Ахат та – ақындық жайлы, ақындық өнер 
жайлы өз талғамын жариялай білген ақын.
Ойымызды  қорыта  келе  айтарымыз:  Ахат 
Шәкәрімұлы қазіргі кезде әдебиеттегі толық зерттеле 
қоймаған,  терең  зерттеуді  қажет  ететін  мәселе 
екендігін  атап  өтеміз.  Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай 
түйіні ретінде төмендегідей пікірлерді ұсынамыз: 
1.  Қосымша  сабақ  ретінде  жергілікті  ақын-
жазушыларды  таныту  сабағы  жүргізілсе,  ғалымдар 
тарапынан жүйелі зерттелсе;
2.  Ақын  кітаптарын  дүкен  сөрелеріне  сатуға 
шығаруды көбейтсе.
Өйткені  ол  туған  халқының  мәйекті  ойы  мен 
маржандай тілі негізінде ғажайып сұлу, мазмұны те-
рең,  кестесі  көркем  шығармаларын  қазақтың  көкі-
регі ояу, көзі ашық зиялы қауымына, халқымыздың 
ардагер азаматтарын ардақтай білген саналы жастарға 
арнаған.  Абайтануға,  Шәкәрімтануға  айтарлықтай 
үлес  қосқан  Ахат  Шәкәрімұлының  өлеңдерін, 
шығармашылығын зерттеу – біздің міндетіміз. 
Абай – түпсіз мұхит, Шәкәрім – телегей теңіз, Ахат 
–  арналы  өзен  деген  теңеу  қасиетті  бабаларымызға 
әбден лайық.

131
Тәуелсіздікке – 21 жыл                                   
Айгүл БЕКҚҰЛИЕВА,
                                                 Алматы қаласындағы
№113 мектеп-гимназияның
                                                        қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
ТӘУЕЛСІЗДІК ТӨРІНДЕ
(6-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – «Туған жерім» 
модулі  бойынша    оқушылардың  білімін  пысықтау 
және  тереңдету;  дамытушылық  –  әңгіме,  мақал-
мәтелдер,  диалог  арқылы  оқушылардың  тіл  байлы-
ғын,  ой-өрісін  дамыту;  тәрбиелік  –  оқушылардың 
туған  жерге,  елге  деген  сүйіспеншілігін  арттырып, 
елжандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Әдісі:  ойландыру,  іздену,  баяндау,  сұрақ-жауап, 
әңгімелеу. Көрнекіліктер: мультимедия, қалалардың 
суреттері, үлестірме қағаздар.
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Сабақтың мақсатын айту.
– 
Бүгін  сабақта  өтілген  тақырыптар  бойынша 
өз  білімдерімізді  көрсетеміз.  Бұл  сабақта  өтілген 
тақырыптар  бойынша  тапсырмалар  орындаймыз. 
Сабақ  сайыс  сабағы  түрінде  өтеді.  Сынып  2  топқа 
бөлінеді.

132
1-топ – «Жалын», 2-топ – «Жұлдыз».
1. Ойлан, тап.
1-топ:
1. Ту қандай түсті?
2. Тудың авторы кім?
3. Туда нелер бейнеленген?
4. Ту неліктен көк түсті?
2-топ.
1. Елтаңбаның авторлары кімдер?
2. Елтаңбада нелер бейнеленген?
3. Шаңырақ нені білдіреді?
4. Елтаңба қандай түсті?
2. Мақалды толықтыр.
1. Туған жердің  ...  де ыстық,  ...  де ыстық.
2. Туған жерге ... тік.
3. Отан үшін ... түс күймейсің.
4. Ер – елінде, ... жерінде.       
5. Отан ... басталады.
6. Отанды сүю  .........  басталады.
7. Отан ... да ыстық.
8. Отансыз ...... – ормансыз ........ .

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет