ҰЛАҒат қараша



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата06.04.2017
өлшемі1,23 Mb.
#11182
1   2   3   4   5   6   7   8

Алмагүл БАЙЖАНҚЫЗЫ,
Ақмола облысының
Степногорск қаласындағы
№1 «Бестөбе» орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
 «ІСКЕРЛІК ШЕБЕРХАНАСЫ» 
АТТЫ ТАңДАУ КУРСЫНЫң 
КүНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
Білім  беру  жүйесі  әлемдік  білім  беру  аясына 
кіруге  бағытталған.  Осыған  орай  білім  жүйесінің 
жаңа моделінің басты міндеті – оқыту үрдісін ұлттық 
құндылықтар мен әлемдік стандартқа негіздей отырып, 
оқушыларға көп деңгейлі білім беруді ұйымдастыру. 
Таңдаулы  курс  мектептің  жоғарғы  сатысындағы 
бағдарлы оқытудың құрамына кіреді. Ол оқушылардың 
таңдауы  бойынша  оқытылады.  Таңдаулы  курс  екі 
міндет атқарады:
-  берілген  бағдарлы  стандарттық  деңгейдегі  негізгі 
бағдарлы  пәнді  игеруге  қолдау  жасайды,  оқытудың 
бағдарішілік  мамандануына  және  оқушының  жеке 
білім негізін құрауына көмектеседі. Бағдарлы оқыту – 
оқушылардың  біліктілігі  мен  икемділігіне  және  жеке- 
даралық қабілеттері мен таңдауларына қарай бөлінеді. 
Ендеше,  әр  бағыт  олардың  болашақ  мамандығын 
болжауға апаратын баспалдақ болып саналады. 
Жеке  тұлғаның  рухани  мүмкіндіктерін  ашып, 
адамгершілік,  ізгілік,  тілге  деген  сүйіспеншілікті 

26
қалыптастыруға  бағытталған  жұмыс  түрлері  жүргі-
зілуде.  Әдеби  білім  мазмұны  болашақ  мамандық 
таңдау  жолдарына  қарай  бағдарлап  оқытылады. 
Оқушы  шығармашылығын  арттыру  үшін  жұмыс 
жүргізу  керектігі  негізге  алынады.  Қоғам  қашан  да 
болмасын  осындай  шығармашыл,  дарынды,  қабілетті 
адамдарға мұқтаж. Ғылым мен техника дамыған жаңа 
дәуірде мамандық атаулының барлығы адам баласынан 
қоғам талабына лайықты өзгеше қасиет пен қабілетті, 
білімділік  пен  ептілікті,  шапшаңдық  пен  ерекше 
сауаттылықты,  түрлі  жағдайларда  тез  икемділік  пен 
шығармашылық қабілетті қажет етеді.
Сондықтан да ұлттық байлықты білім берудегі озық 
ұстанымдармен  байланыстыра  отырып,  әр  оқушының 
қабілетін,  талантын  ашу,  өзіне  деген  сенімділігін 
арттыру – басты міндеттердің бірі. Мұғалім қызметі – 
оқушыларға  бағыт-бағдар  беру  болса,  оқушы  қызметі 
–  ізденуші,  зерттеуші,  сарапшы,  жинақтаушы.  Осы 
негізде 10 «А» сыныбындағы «Іскерлік шеберханасы» 
атты таңдаулы курс бойынша апталық сағат саны – 1 
сағат, жалпы жылдық сағат саны – 34 сағат.
Бағыты – жаратылыстану-математикалық.
Бағдары – қазақ тілі мен қазақ әдебиеті.
Таңдау курсы – іскерлік шеберханасы.
Өзектілігі  –  заман  талабына  лайықты  білімді  де 
іскер жастарды тәрбиелеу. 
Мақсаты – бүгінгі қоғам дамуының бағыт-бағдарын 
білу,  өз  Отанына  қажетті  мамандық  иесі  болу,  жан-
жақты дамыған іскер тұлға негізін қалау. Жеке тұлғаның 
рухани мүмкіндіктерін ашу. 
Міндеті  –  оқушылардың  қазақ  тілінің  заңдылық-   
тары  туралы  өткен  сыныптардағы  ұғымдары  мен 
түсініктерін жинақтау әрі бекіту. Туған тілін құрметтеу-

27
ге және қадірлей білуге үйрету. Оқушыларды қосымша 
ақпарат  негіздерімен  жұмыс  істеуге,  жан-жақты 
терең  білім  алуға,  іскерлік  дағдыларына  жұмылдыру. 
Оқытудың  бағдарішілік  мамандануына  және  оқушы-
ның жеке білім негізін құруына көмектесу. 
Мазмұны  –  іс  жүргізу,  іскерлік  қарым-қатынас 
ерекшеліктері,  іскерлік  отырыс,  іскерлік  қатынас 
түрлері,  сөз  әдебі,  тілдік  норма  тақырыптары 
құрастырылады.   
Құралы  –  түрлі  сызбалар  мен  кестелер,  тест 
жұмыстары, анықтамалар, сөздіктер. 
Өткізілу  тәсілі  –  баяндау,  сұхбат,  түсіндіру,  сұрақ- 
жауап, әңгімелеу. 
Мұғалім  қызметінің  түрі  –  түсіндіру,  оқушыға 
жағдай  жасау,  оқушы  қабілетін  ашу,  оқушы  білімін 
тереңдету,  шығармашылық  қабілетін  арттыру,  оқушы 
қызығушылығын ояту. 
Оқушы  –  жан-жақты  білімді,  өздігінен  жұмыс 
жүргізе  алатын,  өз  пікірін  айта  да,  қорғай  да  алатын, 
өзгенің  пікірін  құрметтейтін  тұлға.  Іскерлік  қарым-
қатынас, жалпы іскерлік жайында білім алу.
р/
с
Тақырып
Жалпы 
сағат 
саны
Теория-
лық
сағат
Практи-
калық
сағат
1
Кіріспе сабақ
1
1
2
Негізгі бөлім.
1. Іскерлік қарым-
қатынасқа байланысты 
сөздер: әдеби, ауызша, 
жазбаша сөйлеу тілі, 
диалог.
 Іскерлік қарым-қатынас 
ерекшелігі: диалог, 
монолог, полилог.
4
2
2
1
2
1

28
2. Ауызша және жазбаша 
қарым-қатынастың 
түрлері. Жарнама. 
Іскерлік қағаз.
3. Іскерлік әңгіме: 
бастауы, хабарлау, дәлелі, 
пікір, шешім қабылдау.
Телефон байланысы 
арқылы іскерлік әңгіме 
жүргізу.
2
1
1
1
1
4. Іскерлік отырыс. 
Тақырып. Мақсат. 
Талқылауға негізделген 
сұрақтар. Отырыстың 
басталуы мен аяқталу 
кезеңі. Өткізілетін орны.
5. Пресс-конференция. 
Құрылымы. Кіріспе 
бөлім. Амандасу. 
Түсініктеме. Жоспар. 
Сөйлеушілерді 
таныстыру. 
2
1
1
1
1
6. Іскерлік қарым-
қатынастың жаңаша 
түрлері: Презентация. 
«Дөңгелек үстел». 
Акционерлер отырысы. 
Брифинг. Көрме. 
7. Іскерлік қатынастың 
түрлері:
а) көпшілікке арналған 
сөз;
ә) интервью;
б) түсінік беру;
Көпшілікке арналған, 
яғни, топ алдында 
сөйлеу сөзіне қойылатын 
мақсаттар мен міндеттер.
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1

29
8. Іскерлік қарым-
қатынасқа ғана 
негізделген жанр 
ерекшеліктері: Сөзталас. 
Полемика. Ойталқы. 
Қорытынды сөз.
1
1
3. 1. Стилистика және 
сөйлеу мәдениеті.
1
1
2. Іскерлік сөз әдебі. Сөз 
әдебінің түрлері: Әскери 
іскерлік қарым-қатынас. 
Дипломатиялық-іскерлік  
қарым-қатынас. Діни 
негіздегі қарым-қатынас.
1
1
1
3. Сөз әдебінің негізгі 
түрлері: Амандасу. 
Қоштасу. Сұраныс жасай 
білу. Ризашылық білдіру. 
Шақыру, т.б.
1
1
4. Риторика – іскерлік 
қарым-қатынастың бір 
тармағы (метафора, 
ирония, градация).
1
1
5. Іскерліктегі 
лингвистика саласы.
6. Стиль түрлері. Іс-
қағаздар, құжаттар стилі.
1
1
7. Іскерлік талаптар 
жайында түсінік. 
8. Іскерлік хат және оның 
түрлері.
1
1
1
1

30
4
1. Іскерлік қарым-
қатынастағы тілдік 
нормалар.
2. Іскерлік тілдің 
лексикалық нормасы.
3. Іскерлік тілдің 
фразеологиялық 
нормасы. 
4. Іскерлік тілдегі 
грамматика негіздері.
5. Іскерлік тілдегі 
синтаксис негіздері.
6. Іскерлік тілдегі 
фонетикалық өлшем. 
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
5
Қорытынды. «Дөңгелек 
үстел», «Қазақстан 
болашағы – менің 
болашағым».
Пікір алмасу. «Кәсіби 
бағдарлы мектепте оқу не 
береді?» 
Реферат. Баяндама 
(белгілі тақырып 
бойынша).
1
1
Қосымша блок. 
«Мамандық таңдау»
1
1
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.  Ж.Қараев.  «Оқытудың  педагогикалық  техно-
логиясы». А., «Атамұра», 2004.
2.  Р.Құрманғалиева.  «Қазақ  тілін  тереңдетіп               
оқыту». А., «Атамұра», 2000. 
3.  Т.Қордабаев.  «Жалпы  тіл  білімі».  А.,  «Мектеп», 
1983.
4.  Ә.Табылдиев.  «Әдеп  әліппесі».  А.,  «Мектеп», 
2004.
5. Қ.Жұбанов. «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер». А., 
«Ғылым», 1999.

31
Мінез-құлық мінбесі
Гүлден АЙҚЫНБАЕВА, 
Л.Н.Гумилев атындағы 
ЕҰУ-дың доценті, п.ғ.к.
Құралай СТАМҚҰЛОВА, 
Астана қалалық 
№54 мектеп-лицейінің
психологі.
Нұрсұлу БЕЛЕСОВА, 
Л.Н.Гумилев атындағы 
ЕҰУ-дың 1-курс магистранты.
ДАРЫНДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНІң 
ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дарындылық  –  адамның  ой-өрісінің  деңгейі  мен 
өзіндік  іс-әрекетінің  ерекше  өрістенуіне  себепкер 
болатын  адамның  жан-жақты  дамуының  қайнар 
көзі,  арнаулы  қабілеттерінің  шарықтап  дамуының 
нәтижесі.  Нышанның  ықпалымен  қалыптасқан 
қабілеттің  түрін  дарындылық  дейді.  Адамның 
дарындылығы оның жоғарғы жүйке қызметінің тума 
типіне (мида уақытша байланыстардың тез жасалып, 
берік орнығуы, жүйке үдерістерінің қозғалғыштығы 
динамикалық  стереотиптердің  шапшаң  жасалып, 
оңай өзгеруі, т.б.) байланысты болып келеді. 
Дарындылық  мәселесі  әлемдік  тарихта  және 
отандық  ғылымда  ерте  кезден  бастап-ақ  өзінің 
көкейкестілігімен  ғалымдарды  өзіне  қаратқан. 
Әр  кезеңде  философтар  мен  ойшылдардың 

32
талқылауында болған, олар – Сократ, Платон, Кант, 
Гегель,  Локк,  Дидро,  Гельвецкий.  Ал,  аталмыш 
мәселенің  педагогикалық  негізін  қарастырғандар 
– 
А.Дистервег,  И.Г.Песталоцци,  Я.А.Коменский, 
В.А.Сухомлинский,  К.Д.Ушинскийлер.  Сонымен 
бірге  дарындылық  мәселесінің  психологиялық 
жағын  келесідей  ғалымдардың  еңбектерінен  көруге 
болады,  олар  Л.С.Выготский,  С.Л.Рубинштейн, 
А.Н.Леонтьев, 
В.В.Давыдов, 
Б.И.Теплов, 
К.К.Платонов,  А.В.Петровский,  В.А.Крутецкий, 
В.Д.Шадриков,  А.Н.Савенков,  т.б.  Бұл  аталмыш  ға-
лымдардың  еңбектеріне  дарынды  баланың  жастық 
ерекшелігі және жалпы және арнайы қабілеттіліктің  
көрінуінің  дифференциалдық  өзгешеліктері  негіз 
болған. 
Дарындылықтың  көрінуін  адамның  шығармашы-
лық  потенциалы  ретінде  теориялық  тұрғыдан 
қарастырған  А.М.Матюшкин  және  В.С.Юркеевич 
болып табылады.
Дарындылықтың  дамуы  туралы  динамикалық 
теория 
Ю.Д.Бабаевпен 
құрастырылған, 
ол 
Л.С.Выготскийдің ой-пікірі негізінде жасалған.
В.В.Панов  болса  адамның  дамуының  этно-
психологиялық негізі ретінде дарындылықтың дамуы 
туралы экопсихологиялық келіс ұсынылған. 
Қазақстанда  дарындылық  мәселесі  төңірегінде 
Н.А.Дарханов,  Г.Ж.Ақылбаева,  А.М.Бултычева, 
Н.Н.Волошина, 
С.А.Филько, 
О.Копыленко, 
Л.Руденко, 
Л.М.Нарикбаева, 
Г.К.Байжикенова, 
Д.В.Ярцев, 
Д.Г.Ганелин, 
А.Г.Қазмағамбетова, 
О.Л.Медведковалар  өздерінің  ой-пікірлерін  жан-
жақты қарастырған әрі дарынды баланың дамуы мен 

33
табиғи  ерекшеліктері  мәселелеріне  орасан  зор  ден 
қойған. 
Сонымен  бірге  дарындылық  мәселесіне  батыс 
педагогтары мен психологтары да зор қызығушылық 
тудыруда,  атап  айтар  болсақ,  олар:  Ф.Гальтон 
(Англия),  Л.Термен,  Р.Мейли,  Л.Пенроуз,  Р.Кеттел, 
П.Торренс,  Э.Торндайк,  Танненбаум,  Дж.Рензуллин 
(АҚШ),  Г.Мюллер,  Г.Мюнстерберг,  В.Штерн, 
(Германия), Дьюи (Франция), Ф.Монкс (Голландия), 
т.б.
Жоғарыда  аталған  ғалымдардың  еңбектері 
мазмұнды  негізде  дарындылық  ұғымын  түсінудегі 
көрсеткіштердің  ауқымды  болуына  септігін  тигізді 
әрі  дарынды  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеудегі 
ерекшеліктердің маңызын аша түсті. 
Дарындылық  –  қабілеттердің  жоғары  деңгейі. 
Дарындылық  –  ағыл-тегіл  ақылдылық.  Дарын- 
зеректілігімен,  қабілеттілігімен  дамып  отыратын 
үздіксіз үрдіс. Дарындылық - адамның белгілі бір істі 
орындауға бейімділігі мен ыңғайлылығын білдіретін 
дарындылық қасиет, психологиялық ерекшелік.
Дарынды  балалаларды  зерттеудегі  ерекше 
орын  алатын  Н.С.Лейтестің  еңбегін  атап  өтпеске 
болмайды.  Бала  бойындағы  дарындылық  сияқты 
ерекше қасиетті зерттеген Н.С.Лейтес қабілеттілікке 
«іс-әрекеттің  белгілі  бір  түрінде  жетістіктерге 
жеткізетін  психологиялық  қасиет»-  деген  анықтама 
береді. Ақыл-ой қабілетінің алғы шарты «белсенділік 
және өзін-өзі реттеу» деген қорытынды жасайды. 
Балалар 
дарындылығының 
дамуының 
психологиялық ерекшелігін зерттеу мәселесіне негіз 
берген  ғалымдардың  бірі,  олар:  А.В.Брушлинский, 

34
Я.А.Понамарев, 
Н.С.Лейтес, 
В.А.Крутецкий, 
В.Д.Небылицин, 
Е.Е.Кравцова, 
О.М.Дьяченко, 
В.Т.Кудрявцев, А.А.Нурахунова және т.б. 
Сонымен  бірге  бастауыш  мектеп  жасындағы 
балалардың  шығармашылық  қабілетінің  дамуы 
туралы  психологиялық  ой-пікірлерді  кең  өрісте 
талқылап  жүйелеген  Н.Н.Подьяков,  Д.Н.Узнадзе, 
А.В.Запорожец, А.Н. Матюшкиндер болып табылады. 
Әрі дарынды балалардың моделін жасауда  батыс 
ғалымдарының  еңбектерін  де  атап  өтуге  болады, 
олар:  Дж.Гильфорд,  Дж.Рензулли,  П.Торренс.  Ал 
дарындылардың  физиологиялық  ерекшеліктерін 
зерттеуде биология ғылымдарының докторы, профес-
сор В.П.Эфроимсонды айтуға болады.    
Дарынды  балалардың  ерекше  психологиялық 
белгілері 4 топ негізінде қарастырылады: 
1. Дарынды балалардың өзгеше ойлауы;
2.  Дарынды  балалардың  ішкі  сезімі  жағынан 
өзгешеліктері; 
3. Дарынды балалардың физикалық және одан тыс 
сезімдер тұрғысынан өзгешеліктері;
4. Әлеуметтік тұрғыдан ерекшеліктері. 
Жоғарыда  аталған  өзгешеліктердің  белгілері 
бойынша төмендегідей ерекшеленеді: 
1.  Көп  көлемді  білімді  меңгеру  және  оларды 
ұмытпауы, бұл:
- жоғары деңгейдегі түсіну қабілеті;
-  әдеттен  тыс  түрлі  тақырыптарға  қызығушылық 
таныту, көп сауал қою;
-  дауыс  ырғағы,  сөздік  қоры  және  сөйлеу 
шеберлігіндегі артықшылық;

35
- шапшаң ойлау, тез нәтижеге жету, ілгерілеу;
- кең және өзгеше ойлау;
- аумақты талдау қабілеті; 
- түсініксіз, әдеттен тыс және өзгеше байланыстарды 
айқындау қабілеті;
- өзіндік пікірлер және шешімдер шығару.
  -  жалпылама  қорытынды  жасау,  нәтижелерді 
аңғару,  абстрактілі  ойлау  және  баламаларды  табу 
мәселесінде ерте және тез даму;
- айналысатын бір іс іздеу, бос тұра алмау;
- сөз таластырудан ләззат алу;
- өзіне көңіл бөлуді қалау, мақтағаннан масаттану, 
көп сөйлеу;
- пысықтық.
2. Ішкі сезімі жағынан өзгешеліктері:
-  айналасындағыларға  өте  сезімталдықпен  қарау, 
айтылатын ойды тез ұғу;
-  өзінің  ерекше  екендігін  өзі  сезінумен  бірге 
басқаларды да сендіруге тырысу;
- жасынан байқалатын идеализм;
- терең сезімталдылық;
- толыққандылық;
- кейбір пәндер бойынша өте ерекше үздік үлгерім 
таныту;

беймәлім 
құпия 
тақырыптарға 
үлкен 
қызығушылық таныту;
- басқалардың не айтатынына көп көңіл бөлмеу;
-  ықылас  қойған  бір  тақырыпты  негізгі  мәселе 
ретінде қойып, жан-жақты қарастыру. 

36
3. Физикалық және одан тыс сезімдер тұрғысынан 
өзгешеліктері: 
- сезім мүшелерінің қабылдауының ерекше болуы 
(түс, дыбыс);
- физикалық және интеллектуалдық дамуда ерекше 
бір ілгерілеу шапшаңдығы;
- көркем өнер салаларының біріне ерекше қабілетті 
болу;
- философиялық іс-қимыл, басқаша ойлау;
- көркем және әдеби сөздерді қолдану;
-  бастаушылық    және  тартысты  талап  ететін 
тақырыптарда тапқырлық таныту; 
- жан дүниесінің тереңдігі
- талап және ішкі күш-жігердің жоғары деңгейде 
болуы;
- жиі-жиі ойға берілу, яғни, күшінің басымдылығы.
4. Әлеуметтік тұрғыдан ерекшеліктері:
-  өз  талап-тілектерін  орындау,  адамгершілік 
мәселесінде ерте даму; 
-  әлеуметтік  мәселелерде  тиімді  және  нақты 
шешімдер ұсыну;
-  басшылық  топ  құру,  әріптестерді  топтау  және 
ұйымдастыру; 
-  әлеуметтік  мәселелерді  дұрыс  түсіне  білу, 
қоғамдық  әділет,  әсемдік,  турашылдық  сияқты 
жоғары талаптармен шұғылдану;
- жоғары моралдық қасиеттерге ие болу;
- жоғары деңгейдегі әділдік сезімі;
- өз-өзіне сенімділік, батылдық;
- өзінен үлкендермен достықты қолдау.

37
Жоғарыда  көрсетілген  топтардағы  ерекшеліктер-
дің  барлығын  дарынды  оқушының  бойынан 
байқауымыз мүмкін. 
Дарындылық  бір  адамның  бойындағы  бірнеше 
қабілеттің  жиынтығын  құрайды.  Дарындылықтың 
санасы – зейінділік. Дарындылық – сананың белгілі 
бір нысанаға бағытталып, сол нәрсеге шоғырлануы. 
Дарындылық – қуат пен серпін беретін сиқырлы күш. 
Дарындылық  –  даналығымен  даралану,  ойлы-
лығымен  ерекшелену.  Дарындылар  –  материалдық, 
рухани  жағынан  бай  адамдар.  Мектептердің  ұлы 
мақсаты – оқушылардың бүгінгі ақпараттар ағынын 
сауатты игере алатын, сол игерген білімнің қай жерде 
нақты көмекке келетінін пайымдай алатынын, қандай 
әлеуметтік топпен де қарым-қатынас жасай алатын, 
өз бетінше оқу, іздену арқылы кез келген мәселенің 
шешімін таба алатын ұлт азаматтарын, дарынды да 
қабілетті адамдарды даярлау мен қалыптастыру.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.  Ю.З.Гильбух.  Внимание:  одаренные  дети.  М., 
1991, 89-93-с.
2.  Ә.Дүйсебек.  Дарынды  тұлғалар  тәрбиелейік. 
Қазақстан мектебі. 2004, №1, 35-37-б.
3. А.Құсайынов. Торренс әдістемесіндегі тапсыр-
маларды қолдану арқылы балаларда шығармашылық 
қабілетті анықтау және дамыту жолдары. Мектептегі 
психология. 2012, 28-30-б. 
4.  Н.С.Лейтес.  Психология  одаренности  детей  и 
подростков. М., 1996.
5.  М.Мүрсәлімова.  Дарынды  балалармен  жұмыс. 
Қазақстан мектебі. 2004, №6, 34-36-б.

38
Білім ордасы: таным және тәрбие
Гүлжамиға ІЛИЯСОВА,
Қызылорда облысының 
Арал қаласындағы 
Абай атындағы орталық 
кітапхана директоры.
БАЙЫПТЫ БАҒДАРЛАМА
Елімізде  үлкен  қолдауға  ие  Елбасының  әлеуметтік 
жаңғырту мәселелеріне арналған «Жалпыға ортақ Еңбек 
қоғамына қарай – 20 қадам» бағдарламалық мақаласын 
оқып таныстық. Онда Еліміздің тәуелсіздік жылдарында 
қол жеткен экономикалық өсімінің және әл-ауқатының 
жемістерін  тиімді  пайдалануға  бағытталған  20  нақты 
тапсырма беріліп отыр. Бүгінгі таңда адамдардың еңбек 
етуіне,  жұмыс  табуына  жағдай  жасау  заман  талабына 
айналды.  Тапсырмаларды  орындау  5  бағыт  бойынша 
жүзеге асады: біріншісі – әлеуметтік заңды шығаруды 
жаңғырту;  екіншісі  –  еңбек  қатынастарын  жаңғырту; 
үшіншісі – әр адамның тұрмысын жақсарту, төртіншісі 
–  бұл  жөнінде  ақпараттық-мәдени  шаралар  жасау; 
бесіншісі – мемлекеттік басқарудың қолайлы жүйесін 
тауып орнықтыру.
Мемлекет басшысының төртінші бағыты – мәдениет 
және  ақпарат  саласы  үшін  өте  маңызды  құжат. 
Онда  мемлекеттік  бұқаралық  ақпарат    құралдарын 
жаңғырту, «Ақпараттық Қазақстан – 2030» мемлекеттік 
бағдарламасын  әзірлеу,  отандық  әлеуметтік-мәдени 
өнімдерді жаңғыртудың бесжылдық салалық жоспары, 

39
Журналистік  этика  кодексін  жасау,  Қазақстанның 
ұлттық  электронды  кітапханасының  қорын  кеңейту 
және басқалары. 
–  «Біз  коммунистік  идеологиядан  кеттік»  деп 
идеология мәселесін тәрк еттік. 
Ол дұрыс емес. Идеологиясыз ешбір мемлекет жоқ! 
Біз  болсақ  немқұрайлы  қарап  келе  жатырмыз.  Бір 
жүйе  жоқ.  Идеология  тек  қана  бір-екі  адамның,  бір 
әкімшіліктің  шаруасы  емес.  Оған  өз  ісінде  барлығы 
көңіл  бөлуі  керек.  Өйткені  бұл  бағытта  «бір  жеңнен 
қол,  бір  жағадан  бас»  шығару  қажет  деді  Елбасы 
бағдарламалық құжатта. Осы бағытта ақпарат беттеріне 
мәдениет министрлігінің алқа мәжілісінің материалдары 
жарияланды.  Олай  болса  бүгінгі  бас  қосуға  келіп 
отырған  мәдениет  саласы  қызметкерлерінің  алдында 
ауқымды  да  жауапты  міндеттер  тұр.  Олай  дейтініміз 
бізге  берілген  тапсырмада  Мәдениет  саласындағы 
жұмыс жаңа сипатқа ие болуы тиіс. Өйткені мәдениет 
қазіргі  замандағы  адамды  қалыптастыруға  және 
дамытуға ықпал ететін әлеуметтік жаңғыртудың елеулі 
жиынтығы болып табылады.
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстанның 
әлеуметтік  жаңғыртылуы:  Жалпыға  ортақ  Еңбек 
Қоғамына  қарай  –  20  қадам»  атты  бағдарламасын 
оқырмандар  арасында  насихаттау  барысында    барлық  
кітапханаларда  «Ел  игіліне  бағытталған  игі  істер», 
«Жастар мүддесі – ортақ мүдде», «Денсаулық – адам 
өмірінің басты құндылығы», «Бағдарымыз – айқын, 
болашағымыз  –  жарқын»,  «Дербес  дамудың  дара 
даңғылы», «Жастарға қамқорлық – кемел келешек 
кепілі», «Дені сау ұрпақ – қоғам дамуының кепілі», 
«Қазақстанның  экономикалық  өрлеу  жолы», 
«Дамудың басты бағыты», «Қазақстанның қуат көзі 

40
– халық қамы», «Кемел болашаққа жасалған батыл 
қадам», «Адамның саулығы – қоғамның байлығы» 
атты    кітап  көрмелері,  мәдени-көпшілік  шаралар 
ұйымдастырылып  өткізілуде.
Соңғы  10  жылда  кітапханалар  саны  -  579-ға, 
мұражайлар  -  58-ге  және  мәдениет  үйлері  1,5  мыңға 
артты.  Сонымен  бірге,  мәдениет  мекемелеріне  бару 
деңгейі осы саланың даму динамикасынан кейін қалуда 
деп  атап  көрсетті.  Мұны    барлығымыз  толығымен 
мойындаймыз.  Оған  себеп  –  кітаптар  мен  мерзімді 
басылымдар үлесінің жеткіліксіздігі, жаңа ақпараттық 
технологиялармен  қамтамасыз  етудің  өз  деңгейінде 
болмауы,  материалдық-техникалық  базаның  заман 
талабына сай болмауы, тағы басқалар.
Бағдарламалық  құжатта  ұлттық  электронды 
кітапхананың  қорын  кеңейтуді  қамтамасыз  ету 
тапсырылды.  Осыған  сәйкес  мәдениет  министрлігі: 
«Биылғы  жылдан  бастап  мемлекеттік  тапсырыс 
бойынша  жарық  көретін  барлық  кітаптардың 
электронды  нұсқасы  болады.  Оларды  кітапханаларға 
тапсырамыз» деп атап айтты.
Қазіргі  таңда  елімізде  кітапханалар  РАБИС 
бағдарламасымен  жұмыс  жасайды,  бұл  –  қазіргі  
заманғы  кітапханалық  жүйеге  қойылатын  барлық 
халықаралық талаптарға жауап беретін кітапханаларды 
автоматтандыру 
жүйесі. 
Бүгінде, 
интернет, 
электронды пошта, компьютерлендіру және кітапхана-
библиографиялық 
үдерістерін 
автоматтандыру, 
жаңа  технологияларды  ендіру  сияқты  жаңа  заман 
талаптарынсыз  кітапхананың  толыққанды  және 
нәтижелі жұмысын елестету мүмкін емес.

41
Аудандық 
орталықтандырылған 
кітапханалар 
жүйесінде РАБИС / республикалық автоматтандырыл-
ған кітапханалық-ақпараттық жүйе / бағдарламасымен 
жұмыс  атқарылуда.  Қазіргі  таңда  аудандық  орталық 
кітапхананың  кітап  қорын  толықтыру  және  өңдеу 
секторы  катализатор  және  іздеу,  тапсырыс  модулі 
бойынша жұмыс атқарады,оған енгізілген  әдебиеттер 
саны – 74988 дана, 3942 атау құрайды. 
Мәдениет  мекемелеріне  адамдардың  көп  келуін 
қамтамасыз  ету  бағытында  өткізілетін  шаралардың 
бірүлгілік ережелер қабылдау туралы мәселе қарастыру 
жайы  көңіл  қуантады.  Осы  бағытта  Қазақстан 
азаматтары  үшін  мәдениет  және  өнер  саласындағы 
мәдени  игіліктер  мен  ұйымдардың  барынша  қол 
жетімді болуын қамтамасыз ету, мәдениет саласындағы 
ұсынылатын қызметтік сапасы мен оның әр алуандығын 
арттыруға жағдай жасау, Қазақстан халқының мәдени 
мұрасын  сақтау  және  насихаттау,  ел  тұрғындарын 
отансүйгіштікке  тәрбиелеу,  қазақ  тілін  мемлекеттік 
тіл ретінде ауқымды әрі күнделікті тұрмыста қолдану 
қажеттілігін  қамтамасыз  ету  жұмыстарын  жүргізуге 
барлығымыз атсалысуымыз қажет.
Осы  мақсатта  Елбасының  маңызды  да  заманауи 
тапсырмасын,ең  алдымен,  еліміздің  әр  азаматы  үшін 
мақсатты түрде жетістікке жету жолы деп қабылдайды. 
Сондықтан  да  біз  барлығымыз  оның  жүзеге  асуына 
атсалысып,  Ортақ  Еңбек  Қоғамының  құрылуына  өз 
үлесімізді қосуға тиіспіз.

42

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет