Әз-наурыз, ТӨрлет төріме! 3-бетте 8-бет 9-бетте Шеберлік шыңына шығар жол


мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 70 жылдық мерейтойға орай ұйым дастырылған «Қазіргі кездегі



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата07.04.2017
өлшемі11,94 Mb.
#11211
1   2   3   4   5   6

мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 70 жылдық мерейтойға орай ұйым дастырылған «Қазіргі кездегі 

көп тілді білім беруді дамытудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғы лыми-практикалық конференция өтті. 

Қыздар университеті 

ұстаздарының ісі – 

жауапты да сауапты 

П а р а с а т   м е к т е б і   –   Қ ы з д а р 

университетінің ұжымын 70 жылдық 

м е р е й т о й ы м е н   ш ы н   ж ү р е к т е н 

құттықтаймын. Кез келген ұлттың 

ә л е у е т і   ш е ш у ш і   д е ң г е й д е   қ ы з 

тәрбиесімен, аналар тәрбиесімен, 

ұстаздар тәрбиесімен анықталады. Осы 

тұрғыдан алғанда Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық университетінің 

қазақ ұлтының болмысын анықтаудағы 

орны ерекше. Сол себепті де бұл оқу 

орнындағы ұстаздардың ісі – жауапты 

да сауапты деп білемін. 

Осынау жылдар ішінде Қыздар 

университетін бітіріп шыққан түлектер 

орта мектептің мұғалімінен бастап 

мемлекеттік қызметке дейін өсіп, 

өздерінің білімдері мен біліктіліктерін 

танытып, елдің өсіп-өркендеуіне 

үлес қосып келеді. Болашақта да 

университет түлектері осы оқу орны 

қабырғасынан алған білімдерінің 

арқасында, ұстаздарының өнегесінің 

арқасында, осы ортаның өзіндік 

е р е к ш е л і г і н   б о й ы н а   с і ң і р у д і ң 

арқасында, ананың сүті, әкенің 

қанымен келген қабілеттерін одан 

әрі дамытып, біздің еліміздің жарқын 

болашағы жолында жасампаздықпен 

еңбек етеді деп сенемін. Оған негіз 

ретінде осы ұлттық мәдениетіміз бен 

руханиятымызды сақтай отырып, 

қазіргі заманға сай білімді алады деп ой-

лаймын. «Ұстаздың бақыты – шәкірті 

өзінен озғанда» дейді. Бүгінгі 70 жылға 

толып отырған Қыздар университетінің 

барлық профессорлық-оқытушылық 

ұжымына, студенттерге де ұстаздық, 

аналық бақыт тілеймін. Мерейтой 

құтты болсын! 



Әлихан БӘЙМЕНОВ, 

ҚР Мемлекеттік қызмет 

істері агенттігінің Төрағасы 

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

6

№4 (111)



30 сәуір

2014 жыл


Б І Р Л І К   К Ү Н І

(Басы 1-бетте)

Е ш б і р   д ұ ш п а н   б а с ы н б а ғ а н 

елміз,басымыздан сөз асырмаған елміз.

Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды 

ақтай білген елміз» деп айтқан сөзінің 

өзі қазақ халқының бүкіл болмыс-бітімін 

танытып тұрғандай. Ешқашан ешкімге 

қару ала шаппаған қазақ халқы татулық 

пен тұрақтылықты сақтап, тыныштық пен 

берекені құп көрген. Екі атаның баласы 

араз болса, достастыруға асыққан қазақ 

халқы «Ағайын тату болса – ат көп, абысын 

тату болса – ат көп» деп бекер айтпаған-

ды. 


Т ә у е л с і з   Қ а з а қ   е л і н і ң   т ұ ң ғ ы ш 

Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарба-

ев: «Бірлік адамзаттың бүкіл тарихында 

әрдайым бағаланды. Бірлік арқылы мемле-

кет пен халық зор биікке жетті, тұрмысын 

жақсартты, табысты дамыды. Қазақстан 

тәуелсіздік жылдарында бір шаңырақ 

астында өмір сүрді. Соның арқасында біз 

биік белеске көтерілдік, дамыған мемлекет 

құрдық, халықтың тұрмысын жақсарттық, 

оны күллі әлемге таныттық. Біздің отаны-

мыз бір, тағдырымыз бір және жеріміз бір. 

Біздің халқымыздың барлық ұмтылыстары 

бірлікке негізделген. Ол адамдардың өз 

болашағы мен балаларының болашағына 

сеніммен қарауы үшін мемлекеттің 

қуатты, ал халықтың бақытты болуын 

қамтамасыз етуге бағытталған», – деп 

халықты әрдайым келісімге, ынтымаққа, 

татулыққа шақыратындығын тағы бір 

дәлелдеп келеді. Мемлекет басшысының 

қандай жиындарда болмасын татулық пен 

ынтымақтастыққа шақыруы – бүгінгі 

берекенің бұзылмауына, ел ертеңіне деген 

сенімнің жоғалмауына негіз болары сөзсіз. 

Елбасынан бастап, бүкіл Қазақстан 

халқы бірлік жайында терең толғаныста 

болуы бекерден емес. Шығысында ұйғыр, 

қытай, батысында түркімен, солтүстігінде 

орыс, татар, оңтүстігінде өзбек, қырғыз 

ағайындардан бастап қоныс тепкен 

Қазақстан Республикасы бұл күнде 

көптеген ұлт өкілдерінің Отанына, қасиетті 

қара шаңырағына айналды. Сол өзге ұлт 

өкілдері қазақ даласында мекен ете оты-

рып, Қазақстанның азаматы ретінде өз 

құқықтары мен бостандықтарын сақтап, 

қоғамның теңқұқылы, толыққанды мүшесі 

ретінде өмір сүріп келеді. Ата Заңмен 

қорғалған демократиялы мемлекеттің 

азаматтары Қазақ шаңырағының астында 

өз ана тілдерінің ұмытылмауына, салт-

дәртүрлерінің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын 

табуына мүмкіндіктері бар.

Өмір бойы бір ғана «Кеңестік Одақ» 

идеясымен өмір сүріп, қуатты держа-

ва құрамыз» деген идея одақпен бірге 

құлаған уақытта 15 мемлекет Тәуелсіз ел 

екендіктерін жариялап, жеке, дербес өмір 

сүруге талпынған уақытта Америка Құрама 

Штаттары, Англия, Жапония сынды 

әлемнің талай елдері не боларын күткендері 

хақ. ХХ ғасырдың соңғы онжылдығы 

Қазақстанға Тәуелсіздік сыйлап мерейін 

асқақтатса, қиын-қыстау кезеңнен 

жұдырықтай жұмылып өтуге бел байлатып, 

бірлікке шақырды. Аласапыран заманда 

көші-қон қозғалысы тоқтамады. Дегенме-

нен байырғы қазақ даласында тұрақтаған 

өзге ұлт өкілдерінің саны артпаса, кеміген 

жоқ. Мемлекет басшысынан бастап, қазақ 

зиялыларының, ұлт жанашырларының ал-

дында елді ауызбірлікке шақырып, болашақ 

үшін, Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту 

үшін біртұтас ел ретінде өмір сүруге үндеді. 

Қойнауына 130-дан аса ұлт өкілдерін 

сыйдырған қазақ даласына әлем тосырқай 

қарап, «Өсе ме, өше ме?» деген сауал қойғаны 

да түсінікті. Ал Қазақ елі дүниежүзіне 

табиғи қазба байлықтарымен, мұнайымен, 

көгілдір отынымен, жалпы материалдық 

базасымен ғана емес, өзінің татулығымен, 

тыныштығымен таныла бастады. Бұл – 

үлгі аларлықтай үлкен көрсеткіш. Елба-

сы өзінің Қазақстан халқына арналған 

кезекті Жолдауында: «Біз өзіміздің жат-

сынбас тұрпатымызбен, этносаралық, 

конфессияаралық татулығымызбен және 

өзара үндесуімізбен күллі әлемге танымал-

мыз», – деп ерекше атап өткен болатын.

БЕРЕКЕ БАСТАУЫ – 

Мемлекетті дамытуда ішкі тұрақтылық 

пен тыныштық, береке-бірлік ең басты 

құндылық екендігін білген мемлекет бас-

шысы Н.Ә.Назарбаев 1995 жылы Қазақстан 

халқы Ассамблеясын құрды. Мемлекеттік 

әріптестік және азаматтық қоғам институт-

тары аясында этносаралық өзара түсіністік 

пен бірыңғай саяси, құқықтық, мәдени 

жүйе қалыптастыруға оңтайлы ықпал 

етуді негізгі міндетіне балаған саяси мән-

маңызы жоғары бұл құрылымның қызметі 

жылдан-жылға өсіп келеді. Ең алғаш рет 

1992 жылы Қазақстан халықтарының 

бірінші форумында Мемлекет басшысы 

түрлі ұлт өкілдері тұратын, көп конфесси-

ялы, жас тәуелсіз елге мұндай ұйымның 

қажеттігін айтып, бастама көтерген бо-

латын. Ассамблея осы аралықта, міне, 19 

жыл бойы этносаралық толеранттылық 

пен қоғамдық келісімнің қазақстандық 

моделін дүниежүзілік қауымдастыққа 

сәтімен ұсына білді. Соның нәтижесінде 

беделі ешкімнен кем түспейтін ұйымға 

айналды. Қазір әлем халқы, оның ішінде 

көптеген саяси қайраткерлер татулық 

пен ынтымақтастықты ту еткен осы 

қазақстандық модельге қызыға да қызғана 

қарайды 

Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар 

тұтастығы мен халықтар достығының 

арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, 

ілгері басып келеді. Біздің мемлекетіміздің 

басты жетістігі еліміздің халықтарының 

ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, 

өзара түсіністігі мен сыйластығы болып та-

былады. Қазақстанның көпұлтты халқының 

татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі – 

ең басты байлығы. Қазақ қашаннан да бау-

ырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден 

пана іздеп келген өзге ұлттардың бәрін ба-

уырына басып, төрінен орын беріп, қандай 

қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды 

бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған 

қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға 

келді. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың 

өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр 

кешіп жатыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Біріккен 

Ұлттар Ұйымының, Еуропадағы қауіпсіздік 

және ынтымақтастық ұйымына қатысушы 

елдердің және Копенгаген, Вена, Жене-

ва, Нью-Йорк сынды қалаларында өтіп 

тұратын халықаралық форумдардың на-

зарына ұсынылды. Әрине, ұзақ жылғы 

жемісті еңбектің нәтижесінде Қазақстан 

халқының бірлігі мен ынтымақтастығы 

қайран қалдырғаны анық. БҰҰ-ның 

Бас хатшысы Пан Ги Мун елімізге кел-

ген ресми сапарында Қазақстан халқы 

Ассамблеясының жұмысымен жіті та-

нысып, бұл құрылымның жұмысы БҰҰ-

ның ұстанымына, бағыт-бағдарына сай 

келетінін жеткізені дәлел болады. Сондай-

ақ, қазақстандық модельдің Еуропадағы 

қ а у і п с і з д і к   ж ә н е   ы н т ы м а қ т а с т ы қ 

ұйымының мақсат-мүддесімен сәйкес 

келетіні туралы да аз айтылмады.

Қазақстанның әр өңірінде жұмыс істеп, 

әрбір ұлттың мәдени орталықтарын ашуға 

мұрындық болып отырған ассамблеяның 

ішкі-сыртқы саясатта өзіндік орны 

бар. Ішкі тұрақтылық пен тыныштықта 

қоғамның әрбір азаматын достастықта өмір 

сүруге үйретіп, келер ұрпақты осы жолда 

тәрбиелеуге атсалысып отырса, сыртқы 

саясатта кез келген мемлекет үлгі болады. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазір бой 

жарыстыратын заман емес, ой жарыстыра-

тын заман» деп бекер айтпайды. Қару ала 

шабатын заман емес, соны жаңалықтар, 

озық та заманауи технологиялардың 

ғасырында жастардың сапалы білім мен 

саналы тәрбие алуына жағдай жасайтын 

уақытта келеңсіздіктерге бой алдырмай, 

сабырлық сақтап, татулықта өмір сүрген 

әлдеқайда абзал екендігі түсінікті. Қазақтың 

көк байрағының астында түрлі ұлт өкілдері 

бас қосты деген сөз – қыз-қыз қайнаған 

өмірдің, алуан түрлі мәдениеттің, түрлі 

мінез-құлықтың орын алғаны. Бір-біріне 

кедергі болмай, дамуына, кемеледенуіне 

септігін тигізуі арқылы сыртқы әлеуетті де 

арттыру өзге мемлекеттер үшін қызығатын 

дүние!

І ш к і   т ұ р а қ т ы л ы қ   п е н   с ы р т қ ы 



ынтымақтастық туралы бекерге ай-

тылмайды. Қазір іштей араздасқан, 

т ү с і н і с п е у ш і л і к к е   б о й   а л д ы р ғ а н , 

сабырсыздықтың кесірінен бүтін бір 

мемлекеттің талан-таражға түскен уақыт 

туғандығын көріп отырмыз. Дүниежүзінің 

әр түкпірінде саяси әлеуметтік мәселелерді 

ушықтырып, халықтың тыныштығын 

бұзып, күнделікті тұрмысынан тайдырып, 

ереуілдерге шығарған оқиғалар саны артып 

келеді.

Көрші қырғыз ағайындарының ішкі 



тұрақсыздығынан бастап, Араб елдері, 

Ливия, Мысыр, Тунис, Сирия елдеріндегі 

толқулардың, Украина майданының қай-

қайсында алар болсақ ішкі тұрақтылық, 

халықтың жағдайына, әл-ауқатына кері 

әсерін тигізгені анық. Ұсақ-түйекті сылтау 

етіп басталған толқулар аз ғана уақыттың 

ішінде өте ауқымды, маңызды мәселелерді 

қозғап, бүтін бір елдің тыныштығын бұзып, 

шаңырағын шайқалтқандығының сырттай 

куәсі болып отырған Қазақстанға ішкі 

тұрақтылықты нығайтуға, тыныштықты 

сақтауға барыншы күш салу керектігі де 

түсінікті. Себебі, сол аталған елдерде тұрып 

жатқан негізгі халықтың өкілдері біздің 

елімізде де бар. Олардың ішкі күйзелісі, 

жанайқайы өзге себептерді қозғап, кері 

әсер етуінен сақтану керек. 

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 

айыр қалпақты ағайындардың жыл сайын 

қайталанатын «дәстүрлі» көтерілістерін 

еске алмауға болмайды. Себебі, «халықтың 

әл-ауқытын жақсарту керек» деген мәселе 

бүкіл үкіметті орнынан тыныш кетіріп 

жатқан жоқ. Қарапайым халық зардап 

шекті. Басы жарылып, аяғы сынғаны өз 

алдына, қан төгіліп, жан тапсырғандары 

жүректі ауыртады. Сыртқы жаудан гөрі, 

ішкі тұрақсыздықтың салдарынан бүтін бір 

елдің дамуына тежеу қойылуы ауыр. 

2011 жылы «араб көктемі» басталды. 

Бастауын Тунистен алған көтерілістер 

тізбегі араб елдерін бірінен кейін бірін 

жаулады. Бір уақытта бірнеше араб елін 

шарпыған бұл көтеріліс өз «жемісін» тез 

берді. Тунисте абсолютті көсем Бен Алидің 

биліктен аластатылуы, Египетте Хосни 

Мүбарактың да кетуі, Ливиядағы Муаммар 

Каддафидің өлтірілуі, Йемен президенті 

Али Абдалла Салехтің өз еркімен кетуі араб 

«көктемінің» иісін Сирияға да жеткізді. 

Алғашында тек үкіметке қарсы акция бо-

лып басталған митинг, кейін келе азаматтық 

соғысқа ұласты. Ең алғашқы толқулар 

2011 жылдың 26 қаңтарында басталды. 

Кейіннен 15 наурызда жаппай наразылық 



Халықтың бірлігі Қазақстан 

мемлекеттігінің негізі ғана 

емес, сонымен бірге біздің 

мәңгілік құндылығымыз да 

болып табылады.

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ



ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

7

№4 (111)



30 сәуір

2014 жыл


Б І Р Л І К   К Ү Н І

шерулердің басталуына келді. Бұл шеру-

лер ел президенті Башар Асадқа қарсы 

бағытталған бүкілхалықтық көтеріліске 

алып келді. Нәтижесінде, қай мемлекеттік 

алып қарасақ та, халқының негізгі бөлігінің 

мүшкіл халі, тұрақсыз саяси жүйе мен 

әлсізденген ұлттық идеология қалды.

Екі жыл бойы болып келе жатқан 

Сириядағы соғыстың салдары орасан зор. 

Біріншіден, елдің экономикасы одан бетер 

құлдырады. Екіншіден, сан мыңдаған астам 

адам қаза тапты. Үшіншіден, 1 миллионға 

жуық сириялықтар үй-күйсіз қалып, басқа 

елдерде босқын болып жүр. Төртіншіден, 

Сирияның халықаралық аренадағы 

абыройының түсуі. Елдің құлдыраған 

экономикасына 2 жылдық азаматтық 

соғыс 80 млрд АҚШ долларына тең шығын 

әкелді. ЮНЕСКО-ның тарихи мұраларына 

кірген, ортағасырлық өркениеттен қалған 

Дамаскідегі базар мен Омейядтар мешітін 

қиратты. Бұл тек Сирия халқына емес, 

бүкіл әлемдік мәдениетке алып келген 

зардап. Миллионға жуық адамын әр елге 

тарыдай шашып жіберді. Елді 40-50 жылға 

артқа тартты. Халықтың бірлігі жоғалды. 

Елдің болашаққа деген сенімі мен үміті 

қалмады. Өз елін халықаралық соғыс аре-

насына айналдырды

Тунис пен Мысырда ел президенттері 

Бен Али мен Мубаракты тақтан тайдырған 

саяси оқиғалар басқа араб елдеріндегі 

ахуалды күрт шиеленістіріп, Африка мен 

сайын ушықтыруының арты жақсылыққа 

а п а р м а й т ы н ы   б е л г і л і .   М ы ң д а ғ а н 

адамдардың Ресей, АҚШ сынды алпауыт 

елдердің Украинаның ішкі жағдайына 

араласпауын өтінген жанайқайлары да 

майданға үн қосуда. Қазіргі таңда Украина 

тыныштығының бұзылу себептерін сан 

түрлі болжап, мәселенің шешілу жолдарын 

ұсынғанымен, халықтың жағдайы ауыр 

күйде қалып отыр. Ереуілшілердің бей-

берекет әрекеттерінің нәтижесінде тарихи 

маңызы зор ғимараттардың қиратылуы, 

мәдени ошақтардың жойылуы бүгінгі 

материалдық шығын ғана емес, бүкіл та-

рихи, мәдени қазыналардың жапа шегуіне 

алып келді.

Әлемдегі толқулар мен ереуілдердің 

шығу себептері мен қатысушыларына мән 

берер болсақ, басым көпшілігі – жастар. 

Жастардың болашағы алда, түйткілді 

мәселелерді ушықтырып, асқындырып 

жеткізе отырып, намыстарын қайрап 

жіберсе, бойларында қаны тасыған олар 

аттандап ала жөнелетіндіктерін де көріп 

отырмыз. 

Әрине, «Араб көктемі», «Қызғалдақ 

көтерілісі» секілді түрлі атауларға ие болған 

ереуілдер мен толқулардың нәтижесі 

оң емес. Билік басына кімдер келсе де, 

қандай жолмен жетсе де, жапа шегетін, 

зардабын тартатын, шығынға ұшырайтын  

халық. Қарапайым халық өз әлеуметтік 

БІРЛІКТЕ

күн сайынғы жұмысы», – деп ерекше 

атап көрсеткен Елбасы Н.Ә.Назарбаев 

біздің қоғамымызда қарапайым адами 

сұраныстарға – жұмысқа орналасуға, 

отбасындағы әл-ауқатты жақсартуға, ба-

лалар үшін білім беруге, денсаулықты, 

тұрғын үйді, қауіпсіздік пен демалысты 

қамтамасыз етуге қажетті жағдайлар жаса-

лып отырғандығын жеткізді. 

Қазақстан халқының бірлігі жайында 

сөз қозғағанда Қазақстан халқы Ассам-

блеясы туралы міндетті түрде айтылады. 

Себебі Ассамблея – татулық пен достықтың 

тірегі. Оның аясына шоғырланған әрбір ұлт 

өкілдері өздерінің мәдениетін, әдебиетін, 

тілін, салт-дәстүрін сақтап, дамытуға 

мүмкіндік алып отыр. «Әралуандықтан – 

біртұтастыққа» ұстанымындағы Ассамблея 

жүзі бөлек – жүрегі бір, тілі бөлек – тілегі 

бір жандарды ортақ мақсаттарға ұйыстыруға 

атсалысуда. Қазақстандық патриотизм 

негізінде жастардың бойына жанашырлық, 

ізгілік ниеттерін сіңіріп, сол арқылы рухани 

бай тұлға болып қалыптасуларына септігін 

тигізуде. 

Біздің елімізде кез келген мемлекеттік 

мерекелерде ұлан-асыр той тойланып, әр 

ұлттың әні шырқалып, биі биленіп, түрлі 

мәдениеттердің тоғысуы өтіп жатады. 

Бірін-бірі жатсынбай, туыстай көрген 

ұлттардың достастығының арқасында 

Қазақстан әлемді өзінің берекелігімен, 

тыныштығымен қызықтырып отыр. Бұл 

қазақ халқының ата-бабадан келе жатқан, 

қанға сіңген қасиеті. «Алыстағы ағайыннан 

қасыңдағы көршің артық», «Көрші ақысы 

– құдай ақысы» деген сөздермен ұрпақтан-

ұрпаққа тәрбие бере отырып, араздасуға 

болмайтынын, берекені қашырмауды 

үйретуде. Сондай көрегендіктің, тектіліктің 

арқасында қазақ жеріне келген өзге ұлт 

өкілдері, көптеген ұлыстар берекелі өмір 

сүріп келеді.

Сол ата-бабалардың аңсаған арманын 

ақиқатқа айналдырған Тәуелсіз Қазақ 

елінің алдында ендігі мақсат – дербестікті 

сақтап, егемендікті нығайту. Қазақ да-

ласында жастарға жоғары білім беретін, 

қабілеттіліктерін дамытатын оқу орда-

лары осы жолда да еңбек етіп етіп отыр. 

Жоғарғы оқу орындарының ішінде бірегей 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінің де басты ұстанымы – 

татулық пен ынтымаққа негізделген даму. 

Қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін 

сабақтар тек қазақ қыздарына ғана 

оқытылмайды. Бұл оқу ордасында өзбек, 

қызғыз, ұйғыр, түрік, орыс, украин, тәжік 

ұлтының қыздары да білім алып отыр. Сту-

денттер арасында достық пен татулықты 

сақтап, бір үйдің баласындай қарап, тәлім-

тәрбие беру жұмыстары әрдайым жүргізіліп 

келеді. 


Мемлекеттік тіл апталығының аясында 

өзге ұлт өкілдерінің арасында өткізілген 

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты 

қалалық байқаудың өзі қаншама істердің 

дәлелі бола алады. Өз ана тілдерінде еркін 

сөйлейтін өзге ұлт өкілдерінің студенттері 

қазақ тілін жетік меңгергендіктерін көрсетті. 

Қыздар университеті –татулық пен 

ынтымақта өрістетуге, дамытуға атсалысып 

отырған оқу ордасы. Мемлекеттік деңгейде 

аталып өтілетін іс-шаралар ҚазМемҚызПУ-

дың назарынан тыс қалмайды. Болашақ 

ұстаздар – ұлт тәрбиешілері. Қолдарына 

дипломдарын алып, еліміздің әр аймағына 

аттанатын түлектер болашақтың ұстаздары. 

Ал ұстаз – жан жақты маман иесі. Ол 

өз пәнінің білікті оқытушысы ғана емес, 

бала жанын түсінетін психолог, жетекші 

ұйымдастырушы, көреген кеңесші бо-

луы керек. Бұл қасиеттердің барлығы 

студенттердің бойына әрбір дәріс, іс-шара 

арқылы сіңіп, қалыптасады.

Көршіңмен татулық барша жұрпен 

татулыққа ұласады. Қазақстанда өмір күре 

отырып, ішкі тұтастықты сақтау - кемел 

келешек жолындағы сенімді қадамдар. 

Сондықтан да береке мен ынмақтастықты 

дәріптеген Қазақстан халықының бірлігі 

күні құтты болсын!

Қарлыға ТЕЛМАН

Таяу Шығыс елдерінде ірі толқулар мен 

бой көрсетулер жиілей бастады. Алжир 

мен Ливияда, Иран мен Бахрейнде, Йемен 

мен Иракта, ішінара Иран мен Иордания 

және Сирия мен Палестинада билікке 

және өздерінің әлеуметтік тұрмысына 

разы емес қалың бұқара көшелерге шығып, 

наразылық акцияларын өткізді.

А л ж и р д і ң   А л ж и р ,   А н н а б а ,   К о н-

стантин, Оран сияқты ірі қалаларында 

қалың жұрт ел президенті Абдельазиз 

Бутефликаның қызметтен кетуін талап 

еткен наразылық акцияларын өткізді. Жал-

пы, мұндай бейберекетсіздік елде кешелі-

бүгін емес, сонау өткен жылдың желтоқсан 

айында басталған еді. Ел астанасындағы 

орталық алаңға жиналған мыңдаған оп-

позиция өкілдерін қауіпсіздік күштері 

қызметкерлері қоршап алып, олардың 

алдарына тосқауыл қойды. Кәсіподақ 

белсенділері мен адвокаттарды және құқық 

қорғаушыларды біріктіретін “Алжирде 

демократиялық өзгеріс енгізу қозғалысы” 

халықты “Ашу-ыза Күнін” өткізіп, ел 

көлемінде жаппай жаңа наразылық акция-

ларына шығуға шақырды.

Таяу Шығыстағы төңкерістерге қолдау 

көрсету акциясын өткізіп: “Кеше – Ту-

нис, бүгін – Мысыр, ертең – Йемен!” 

деген ұрандар тастады. Қақтығыстардың 

нәтижесінде бірнеше адам жарақат алып, 

зардап шекті.

Солтүстік Африка мен Таяу Шығысты 

жайпап өткен «дауылға» «Араб көктемі» 

деп айдар тағылды. Алғашында әлеуметтік-

экономикалық мәселелердің шешілмеуінің 

салдарынан басталған наразылық, кейіннен 

саяси сипат алып, араб елдерінің аяғын 

аспаннан келтірді. Бірнеше мемлекет өз-

өзін құртып жіберудің алдында тұрды.

Келесі толқу Украинаға келгендей... 

Алаңға шыққан наразы топтың әрекеті 

бір мемлекеттің қозғалысына алып келді. 

Ішкі тыныштықтың бұзылуынан қаншама 

адам зардап шегіп отыр. Саяси тұрақтылып 

жоғалып, ел экономикасы құлдырап, 

ішкі келіспеушіліктер мемлекетті талан-

таражға салуды көздегендей. Халық жап-

пай дүрлігіп, Қырым, Донецк, Липецк 

сынды бірнеше аймақты Украинадан бөліп, 

дербес республика құру мәселесін күн 

тұрмысын жақсартамын деп ойлағанымен, 

қантөгіс шайқастары ауыр шығындарға 

ұшыратып, «шықпа, жаным, шықпаның» 

күйіне түсіретіндігі сөзсіз. 

«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті 

ел озады» деген қазақ халқы қазіргі 

таңда сыртқы саяси жағдайларға өте 

алаңдаулышық күйде отыр. Мемлекет 

басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан 

халқы Ассамблеясының XXI сессиясын-

да сөйлеген сөзінде: «Бүгінгі сессияның 

өзегі – бейбітшілік, руханият және 

келісім мәдениеті біздің осындай бірлікті 

Ел болмысымыздың кепілі. Мәдениет – 

тіршіліктің тірегі, ортақ игіліктерді ұлықтап, 

ұлтты ұлы істерге ұйыстырудың бірегей 

тетігі. Бейбітшілік, руханият пен келісім: 

бәрінің тамыры – мәдениетте. 21 ғасырдың 

ең басты заңы – татулық», – деп атап 

көрсетті. Татулығы жарасқан елдің ырысы 

да, берекесі де, ынтымағы да таусылмақ 

емес. 


Еліміз ырысы мен ынтымағы, бірлігі 

мен тірлігі жарасқан мемлекет болып 

орныққаны көңілге қуаныш, жанға медет 

сыйлайды. Қазақ елі қабырғасы қатайған, 

пікіріне халықаралық қауымдастық 

өкілдері құлақ асатын беделді елге айнал-

ды. Еркіндікті аңсаған ата-баба мұрасы 

жүзеге асып, Алаштың ең асыл мұраты 

– тәуелсіздікке қол жетті. Қазақ жерінде 

атқан егемендік таңы, ең алдымен, ата-

бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды 

да нақты нәтижесі. 

«Біздің қоғамда ешкімнің де этностық 

артықшылығы жоқ және бәрі де Заң ал-

дында тең. Барлық қазақстандықтар – 

бір туған жердің балалары. Біз бәріміз 

– біртұтас Қазақстан халқының әртүрлі 

және бірдей балаларымыз. Біздің бәрімізді 

б і р   м ә с е л е   т о л ғ а н д ы р а д ы   –   б ү к і л 

Қазақстан халқының әл-ауқаты. Біздің 

бәріміздің мақсатымыз бір – біздің ортақ 

Отанымыздың өркендеуі. Бұл біздің ортақ 

табысымыз, ортақ мақтанышымыз. Бұл 

осы жылдар бойына Мемлекет басшысы 

ретінде мен жүргізіп келген, жүргізіп 

отырған және жүргізе беретін саясат. 

Тұрақтылық пен келісім – әрбір әкімнің, 

ә р б і р   б а с ш ы н ы ң ,   ә р б і р   а з а м а т т ы ң 

1 мамыр – Қазақстан халқы 

үшін ынтымақ пен бірлік күні. «Бе-

реке бастауы – бірлік, ел іші – тату 

тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін 

бұл мейрамның орны ерекше. Жыл 

сайын атаулы мерекені Қазақстан 

аумағында тұрып жатқан 130-дан 

астам ұлт пен ұлыс өкілдері тойлай-

ды. Түрлі ұлыстарды бұрынғыдан 

да жақындастыру үшін еліміздің 

әр аймағында жаппай патриоттық 

шерулер  ұйымдастырылады. Әр 

ұлттың өкілдері достастықта, 

татулықта ерекше көңіл-күймен 

мерекелік алаңдарға шығып, ән ай-

тып, би билейді. 

Мен түбі түркіден шыққан, 

қазаққа қандас, тамыры терең өзбек 

халқының перзентімін. Менің 

ұлтым өзбек бола тұрып, тарихы 

тереңде жатқан, болашағы жарқын 

да айқын Тәуелсіз Қазақстан елінде 

туып-өскенімді мақтан тұтамын. 

Қ а з а қ с т а н д а   е р е к ш е   о р н ы 

бар Қазақ Мемлекеттік Қыздар 

педагогикалық университетінде 

білім аламын. Біздің университетте 

көптеген ұлт өкілдері бар. Біздің 

оқу орнымызда көптеген ұлттың 

өкілдері тұрады. Мемлекетіміздің 

кішкентай ғана бөлшегі – Қыздар 

университетінде қоғамдағы достық 

пен татулықтың ұшқыны сақталған. 

Студенттер өзара тату.  

Тілі, ұлты басқа болса да, 

тілегі, мақсаты бір болашаққа нық 

сеніммен қадам басқан елміз. Ел 

бірлігі – ең асыл қазынамыз. Сол 

қазынаны болашақ ұрпаққа жеткізу 

біздің басты міндетіміз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет