Әз-наурыз, ТӨрлет төріме! 3-бетте 8-бет 9-бетте Шеберлік шыңына шығар жол



жүктеу 0.5 Mb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата07.04.2017
өлшемі0.5 Mb.
  1   2   3   4   5   6

www.kazmkpu.kz

Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады

№4 (111)


30 сәуір

2014 жыл


Химия – мәңгі 

жас ғылым

ӘЗ-НАУРЫЗ, 

ТӨРЛЕТ ТӨРІМЕ!

3-бетте


8-бет

9-бетте


Шеберлік 

шыңына 

шығар жол

БЕРЕКЕ БАСТАУЫ – БІРЛІКТЕ



Біздің студенттер – 

Қазақстан 

чемпиондары

Сәуірде көктемнің 

жаңбырына шомылып 

тәуір болатын Табиғат 

Ана мамырда өзгеше 

құлпырып, жайнап шыға 

келеді. Көк майсасы 

желкілдеп, гүлдері жұпар 

шашқан мамыр айы барша 

жұртты мамыражай күйге 

бөлейді. Бұл тек табиғаттың 

соны өзгерісі ғана емес, 

сондай-ақ, оның ерекше 

сұлулығымен қатар қоғам 

өмірінде зор маңызға ие 

мейрам аталып өтіледі. 

Ол 1 мамыр – Қазақстан 

халықының бірлігі күні 

мерекесі.

(Соңы. Басы өткен санда)

РУМИЛІК ҰСТАЗ

Кападокиядан келген соң 

Нийде университетінің спорт-

залына қарай шұбырдық. Бағыт 

– сол жерде ұйымдастырылатын 

сема рухани биін билейтін Түркия 

сопылық-міскіндік (мистицизм) 

өнер ұжымының өнерін тамаша-

лау. Онда бір топ ер азаматтар 

ортаға шығып, Құдайға сиынып 

айналып би билейді. Жергілікті 

тұрғындардың айтуынша, бұл 

мистикалық би – еркек нәпсісін 

тыйып, жүрек тазалығы арқылы 

Хақ Тағалаға жақындатады. 

А д а м   б а с ы   а й н а л ғ а н ш а 

дөңгелене беруді «Сема» деп 

атайды екен. Оны сенушілер 

« б и »   д е п   қ а б ы л д а м а й д ы , 

сыбызғы мен сырнай үніне 

елтіп, адамның жан тербелісін, 

жан айғайын, ішкі сезімін аспап 

күйімен үндестіре жеткізетін 

т а ң ғ а ж а й ы п   қ и м ы л д а р 

жиынтығы ретінде бағалайды. 

Ол сырттай қарағанда шарқ 

ұрып айналған биге ұқсайды. 

Сема сайып келгенде, тәннің 

емес, жанның шарықтауымен 

үндесетін қимыл. «Тыңдау» 

дегенді білдіретін бұл қимылдың 

басты жаңалығы – жанның тәнді 

бағындыруы, нәпсіні тыю

Семаның негізін қалаған 

шығыс шайырларының ішінде 

шоқтығы биік парсы ақыны 

(түрік ақсүйектерінің отбасы-

нан деген де дерек бар), суфизм 

поэзиясының көрнекті өкілі 

Жалал Ад-дин Руми. Кейбір де-

рек көздері Жалал Ад-дин Руми 

бұл биді өзі өнері мен табиғатына 

ғашық болған ұлы ақын Шам-

сиден айрылғаннан кейін ой-

лап тапқан дейді.Сопылық 

поэзиясындағы орны орасан 

ақын сызылтып тартқан сыр-

най үнімен семаның серпіліс 

күйіне түсіп, шыркөбелек ай-

налып жүріп, алты дәптерден 

тұратын «Маснави маънави» 

шығармасын жырлап шыққан. 

С е м а ғ а   т ү с к е н д е   а й т қ а н 

ақынның өлеңдерін шәкірттері 

қағазға түсіріп отырған.

(Жалғасы 4-бетте)

Сан жылдар бойы түрлі саяси 

ахуалдың, көптеген оқиғалардың 

нәтижесінде Алтай мен Атыраудың 

атырабына кең жайылған қазақ 

даласы көптеген өз ұлт өкілдері мен 

ұлыстарын құшағына сыйдырды. 

Ертеден-ақ Ұлы Жібек жолы бойы-

мен сауда-саттық көші өтіп, көрші 

елдермен аралас-құраластығы бар 

қазақ халқының арасына келіп 

қоныстанып, тұрақтап қалу жаңа 

бір кезеңнің басталғанын аңғартқан 

е д і .   Қ а з ы б е к   б и д і ң   Ж о ң ғ а р 

хандығына «Біз – қазақ деген мал 

баққан елміз, ешкімге соқтықпай 

жай жатқан елміз.Елімізден құт-

береке қашпасын деп, жеріміздің 

шетін жау баспасын деп жылқы 

қылын найзасына таққан елміз.



(Жалғасы 6-7-беттерде)

Ел тұтастығы – 

болашақ кепілі

Д.Ж.НӨКЕТАЕВА,

ҚазМемҚызПУ ректоры

12 бет 


М е м л е к е т   б а с ш ы с ы н ы ң 

жарлығымен 1996 жылдан бастап 

аталып өтілетін бұл мейрамның 

маңызы айрықша. Себебі, «Алтау 

ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу 

түгел болса, төбедегі келеді» деген 

қазақ халқы бірлік пен ынтымақта 

тіршілік етуді өмір салтына ертеден-

ақ айналдырған. Сондай-ақ, «Бірлік 

бар жерде тірлік бар» деген абыз 

ақсақалдардан қалған даналық сөзі 

жұртшылықты әрдайым бірлесіп 

өмір сүруге шақырады. Дана жұрт 

мұндай сөзді тегіннен-тегін айта 

салмағаны белгілі. Ауызбіршілік 

п е н   т ү с і н і с т і к ,   қ а р а п а й ы м 

сыйластық, тілтабысу үстемдік 

құрған жерде қашанда ұйысу бола-

тыны, тіршіліктің мәні кіріп, адам 

жанының мейірі мен жылулығы 

артатыны ақиқат. 

газетінің «наурыз көжесі»

Құрметті әріптестер мен 

студенттер!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан 

ха лықының  бірлігі  күні  мере ке сімен 

шын жүректен құттық таймын!

К е ң   ж а й ы л ғ а н   қ а с и е т т і 

атамекеніміз қазақ халқының 

бойына мейірбандылық пен 

дархандықты сіңірді. Сол кеңдіктің 

а р қ а с ы н д а   к ө п т е г е н   ұ л т т ы ң 

өкілдері біздің Отанымызға қоныс 

теуіп, орнықты, өсіп-өнді. Бұл 

күнде олардың саны жүзден асып 

отыр. Қазақ халқының бауыр-

малдығының, қолы ашықтығының, 

ж о   м а р т т ы ғ ы н ы ң   а р қ а с ы н д а 

Қазақ стан деген алып елдің 

шаңырағында бейбіт өмір сүруде.

«Табалдырықтан үлкен тау жоқ» 

дейді қазақ атамыз. Біздің табал-

дырығымызды аттап, бір қазаннан ас 

ішіп, бірге өмір сүріп отырғандықтан 

ендігі мақсат келешектің қамы үшін 

ауызбіршілігімізді сақтап, тату-тәтті 

өмір сүріп, еліміздің болашағын 

ойлау басты назарда. Мемлекет 

басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан 

халқы Ассамблеясының XXI сесси-

ясында: «Дамудың сыры – бірлікте, 

табыстың сыры – тірлікте» екенін 

баршаңыз бі лесіздер. Қазақты 

қасиетті қара шаңыраққа баласақ, 

еліміздегі барша этностар – сол 

шаңыраққа шаншылған уықтар», 

– деп айтты. Сол себепті де бір 

жағадан бас, бір жеңнен қол 

шығарып, ынтымақта тіршілік жа-

сау, татулығымды өзге елдерге үлгі 

ету – кемел келешек жолындағы игі 

мақсаттардың бірі. 

Қыздар университетінің 

ш а ң ы  р а ғ ы н д а   д а   қ а з а қ 

қыздарымен қатар орыс, укра-

ин, өзбек, ұйғыр, түрік секілді 

к ө п т е г е н   ұ л ы с   ө к і л  д е р і н і ң 

қыздары білім алуда. Әрбір 

тәлімгерді нағыз қазақстандық 

патриот болуға ұмтылдыру, бір-

лік пен ынтымақта өмір сүруге 

баулы, тәрбиелеу – басты мін-

детіміз. Сол үшін достығымыз 

б е н   ы н т ы м а ғ ы м ы з   а р т ы п , 

елеміз дің ертеңі үшін берекеміз 

бағдаршамдай болсын!

ҚЫЗДАР УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

әлем түркілері бас қосады


ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

2

№4 (111)



30 сәуір

2014 жыл


А Қ П А Р А Т

Ректор АҚШ-та дәріс оқыды

Жастар жобасы – партия назарында

СТУДЕНТТЕН – КӨШБАСШЫ КӘСІПКЕРГЕ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінің екі бакалавр студенті, 

атап айтқанда 5В011900-Шет тілі: екі шет 

тілі мамандығының 4 курс студенттері 

Қымбат Бабатаева пен Әсем Бахрамова 

оқып жатыр. Екі студенттің де оқу үлгерімі 

өте жақсы болғандықтан, АҚШ тарапы 

біздің жастардың ынтасы мен құлшынысын 

тарқатып, өз қатарластарына түсіндіріп өтті. 

«Мәңгілік ел» идеясы – жастардың көзімен» 

тақырыбында студенттер баяндамалар жасап, 

өздерінің жаңа бағыттарын, тың ойларын 

ортаға салды. Бұл бағытта мүмкіндігі шектеулі 

балалар үшін IT құралдарын қолдану тура-

лы  физика-математика факультетінің 4 курс 

студенті Ә.Тоқтарова өз жобасын ұсынды. Ал 

өнер және мәдениет факультетінің 2 курс сту-

денті А.Өміржанова «Музыкалы-компью терлік 

технология – SOFT WAY TO MOZART» жобасы 

арқылы аз уақыттың ішінде музыкалық аспапта 

ойнауға әрі нотаны тануға мүмкіндік беретінін 

түсіндіріп өтті. Сонымен қатар дөңгелек үстел 

барысында студенттер Қыздар қалашығында 

тұрғызылып жатқан жаңа жатақхананың, бас-

сейн нің ауласы мен ішін безендіруге қатысты 

өз ойлары мен дизайндық үлгілерін қазақ, орыс, 

ағылшын тілдерінде көрсетті. 

«Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы 

хатшысының орынбасары А.Жұмаханов: 

«Бүгінгі жиынды студенттер үш тілде 

Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университетінің 

E n a c t u s   т о б ы   о с ы м е н   2 - р е т 

қатысып отыр. Осы жылы Enactus 

ҚазМемҚызПУ тобы толығымен 

ж а ң а   қ ұ р а м м е н   қ а т ы с т ы , 

сондықтан бұл олар үшін алғашқы 

ұлттық жарыс болды. Топ «Жа-

сау» атты жобаны қорғады. Бұл 

жобаның бастапқы идеясы – 

жастардың бойындағы ұлттық 

мәдениетке деген махаббат пен 

құрметті тәрбиелеу. Бұл байқаудағы 

жоғары бағалап отыр. Олар Миссисипи 

университетінде тамыз айына дейін қос 

дипломдық келісім бойынша білім алып, 

алғашқы екі ЖОО-ның дипломын алады.



Р.А.АМИРЖАНОВА,

Болон үдерісі және сапамен қамтамасыз 

ету орталығының директоры

қатар өткізіп, ерекше көңіл-күй сыйлады, 

ұтымды жобаларымен стимул берді. «Нұр 

Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» 

акциясының аясында «Жас Отан» Жа-

стар қанаты да жұмыла жұмыс істеп отыр. 

Сондықтан да бүгінгі жобаларыңызды универ-

ситет қабырғасында қалдырмай, «Жас Отан» 

жастар қанатына ұсыныңыздар», – деп өз 

ойын білдіріп, студенттерді бірге жұмыс істеуге 

шақырды.

Жиын соңында Алмалы аудандық «Жас 

Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшы-

сы қызметіне қазақ филологиясы және әлем 

тілдері факультетінің 1 курс студенті Алтынай 

Сүйіндікованы ұсыну, ҚазМемҚызПУ «Жас 

Отан» Жастар қанатының төрайымы міндетіне 

қызметіне қазақ филологиясы және әлем 

тілдері факультетінің студенті Ақсәуле Аман-

таеваны бекіту мен бірқатар міндеттер атап 

көрсетілген қаулыны бірауыздан қабылдады.

Қ.МЫРЗАЛИМОВА

Қыздар университетінің «Enactus» 

тобы жақсы нәтиже көрсетті. 

ҚазМемҚызПУ Enactus тобының 

эдвайзері, кәсіптік бағдар және 

карьера бөлімінің бастығы Арай-

лым Ерболатқызы «Үздік эдвай-

зер» титулына ие болды, сонымен 

қатар, Enactus ҚазМемҚызПУ 

тобының капитаны, жаратылыста-

ну факультетінің студенті Ақерке 

Амалова «Үздік топ капитаны» 

номинациясы бойынша марапатта-

лып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Екі жүз орындықты акт залында өткен 

дәріс өте тартымды болды. Аудиторияға 

жиналғандар Қазақстан туралы, онда 

жақсы қарым-қатынаста тұратын көп 

ұлыстың өкілдері, қазақ халқының салт-

дәстүрлері туралы көптеген сұрақтар қойды. 

Әсіресе, қазақтың жеті атаға дейінгі қыз 

алыспайтындығы, университеттегі қыздар 

тәрбиесінің ерекшеліктері туралы, қазақ 

отбасындағы әйелдің орны мен рөлі туралы 

қойылған сауалдар өте қызықты болды. 

Жиналғандарды ұлттық үлгіде тігілген Динар 

Жүсіпәліқызының қазақы көйлегі мен кам-

золы ерекше тәнті етті.

Лекциядан кейін Миссисипи мемлекеттік 

университетінің Президенті, профес-

сор Уильям. Б.Бинум Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық университетінің 

ректоры  Динар Нөкетаеваға «Миссисипи 

мемлекеттік университетінің химия пәні 

бойынша құрметті профессоры» атағын 

беріп, куәлігін салтанатты түрде тапсырды.

Миссисипи университетінің PR бөлімі 

жүргізген сауалнама бойынша, лекцияның 

өте жоғары деңгейде өткені нақтыланды. 

Бұл университетпен 2011 жылы екі жақты 

меморандумға қол қойылған болатын. 

Осы жолы екі университет ректорлары 

қос дипломдық білім беру туралы келісім-

шартқа қол қойды. Миссисипи мемлекеттік 

университетінің профессорлары біріккен 

ғылыми жобалар жасауға мүдделі екенін 

білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, аталған уни-

верситетте қос дипломдық бағдарлама 

бойынша осы оқу жылының басынан бері 

ҚазМемҚызПУ бастауыш партия ұйымы-

ның төрайымы С.Н.Акишева жиынды Елба-

сы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауында 

көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге 

асыру бойынша жастардың ұсыныстары мен 

жобаларына арнағандықтарын жеткізді.

Дөңгелек үстелде әлеуметтік-гуманитарлық 

факультетінің 1 курс студенті А.Балқожа 

«Мәңгілік ел» идеясы – жастардың көзімен» 

атты баяндамасында Елбасы Жолдауын талдап, 

E n a c t u s   –   б е л с е н д і 

с т у д е н т т е р д і   а к а д е м и я л ы қ 

және іскер көшбасшыларды 

біріктіретін, көмекке мұқтаж 

адамдардың өмір сүру сапасы 

мен деңгейін жақсарту үшін 

кәсіпкерлік әдісті пайдалана-

тын халықаралық коммерциялық 

е м е с   ұ й ы м .   О қ ы т у ш ы   м е н 

б и з н е с   к ө ш б а с ш ы с ы н ы ң 

қ о л д а у ы н а   с ү й е н е   о т ы р ы п , 

Enactus студенттері барлық 

әлемде жобалар жасап, олар-

ды іске асырады. Жобаларды 

жүзеге асыру барысында алынған 

тәжірибе өмірді өзгертіп қана 

қоймай, студенттердің бойынша 

косбасшылық қабілетті ашып, 

дамытуға көмектеседі, шыңдайды.

Өз тілшімізден

22 сәуір күні республиканың 45 жоғары оқу орындарының топтары, 

соның ішінде ҚазМемҚызПУ тобы да қатысқан «Enactus Kazakhstan 

National EXPO–2014» ұлттық жарысы өтті. 18-рет ұйымдастырылып 

отырған сайыс жастардың жоғары оқу орнында алған теориялық 

білімдерін іс жүзінде жүзеге асыруға үйретеді әрі кәсіпкерлік дағдыларын 

меңгеріп, бизнес этикасымен таныстырады, ең бастысы, қоғамның 

жауапты азаматы болуға үндейді.  

23 сәуір күні Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университетінің «Нұр Отан» 

бастауыш партия ұйымы «Мәңгілік елмен 

– жаңа дәуірге» атты дөңгелек үстел өткізді.

Жиынға Алматы қалалық «Жас 

Отан» Жастар қанатының атқарушы 

хатшысының орынбасары Асхат 

Жұмаханов, ҚазМемҚызПУ бастауыш 

партия ұйымының төрайымы С.Н.Акишева, 

Жастар саясатын дамыту бөлімінің бастығы 

Маржан Ахтаева, оқу орнының белсенді 

студенттері қатысты.

Cәуір айының 8 күні Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық университетінің 

ректоры Динар Жүсіпәліқызы 

Нөкетаева Америка Құрама 

Штатының Миссисипи мемлекеттік 

университетінде, осы университеттің 

Президенті профессор Уильям Б.Бинум 

бастаған оқытушы-профессорлар 

құрамы мен студенттер және 

магистранттарға дәріс оқыды.

Қыздар университетіне 

ұлттық сипат беру 

керек


Алғаш Қыздар педагогикалық инс-

титуты болып ашылған киелі оқу ор-

дасына, міне, 70 жыл толып отыр. Осы 

жылдар аралығында сан мыңдаған 

түлекті ұясынан ұшырған Қазақ 

мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінің еліміздің өсіп-

өркендеуіне, оқу-ағарту саласында 

қосқан үлесі өте зор. Жоғары білім 

беретін оқу ордаларының ішінде 

орны айрықша. Кеңес заманында да, 

еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі 

бері де Қыздар университетінің 

қабырғасынан шыққан түлектер аян-

бай еңбек етіп келеді. 

Қазіргі таңда осындай үлкен 

мерейтойға жетіп отырған Қыздар 

университетіне «Ұлттық» атақ беру 

мәселесі көтеріліп, ұсыныстар айты-

лып жатыр. Ұстаздық жолға баулып, 

ұлт тәр бие шілерін даярлап отырған 

оқу орны ұлттық сипатқа лайық. Де-

путат ретінде бұл мәселені өте орын-

ды деп ойлаймын, әрі қолдаймын. 

Оны жүзеге асыруға атсалысамын деп 

жоспарлап отырмын. Себебі, біздің 

егеменді еліміздің келешекте өсіп-

өркендеуіне, қазір алып жатқан 2050 

жылға стратегиялық жоспарының 

орындалуына Қыздар университетінің 

үлесі зор деп есептеймін. Әсіресе, 

ұрпақ тәрбиесінде, әрбір балаға сапа-

лы білім беруде ұстаздардың рөлі өте 

зор. 


Педагогтарды, әсіресе мектепке 

дейінгі білім беру ісінің маманда-

рын дайындайтын бірден-бір оқу 

орны осы Қыздар университеті деп 

білемін. Білікті маман дайындауға 

үлкен үлес қосып, қазақ қыздарының 

қамқоршысына айналған Қыздар 

университетін 70 жылдық мерейтой-

ымен шын жүректен құттықтаймын. 

Шәкірт тәрбиесіндегі еңбектеріңіз 

жана берсін! 

Тұрарбек АСАНОВ,  

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты


ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

3

№4 (111)



30 сәуір

2014 жыл


Қ А Б І Л Е Т Т І Л І К

Қай заманда болмасын халқымыз қыз 

бала тәрбиесіне үлкен мән беріп, «Гүл 

өссе – жердің көркі, қыз өссе – елдің 

көркі» деп ерекше қараған. Тал бойы- 

на нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық 

пен инабаттылықты, сыпайылық пен 

ұяңдықты, өнерпаздық пен іскерлікті, 

шеберлік пен ақ ниетті, бір сөзбен 

айқанда бар жақсы қасиеттерді сіңіріп 

өсірген ата-бабаларымыз қашанда 

қызды аса қадірлеген.

да  Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Бір қызды 

тәрбиелеу – бір ұлтты тәрбиелеумен бірдей» 

деген болатын. Бұл Қыздар университетіне 

берілген үлкен баға. 

Қазақ қыз баланы тек шаңырақтың 

шырақшысы ғана емес, ұлттың келбеті деп 

білген. Қыздар университеті қыз тәрбиесіне 

ерекше мән беріп, студент жастарға за-

манауи білім берумен қатар, адамгершілік, 

имандылық, инабаттылық, парасаттылық 

және ұлттық тәрбие мен отбасылық 

құндылықтарымызды бойларына сіңіріп 

келеді. 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университеті – тәуелсіз Қазақстанымыз бен 

ТМД аумағындағы тек аруларға жоғары 

білім беретін ордасы болып табылатыны 

баршамызға мәлім. 70 жылдық тарихы бар, 

өзіндік дара бітімімен ерекшеленетін оқу 

ошағы жоғары білімді педагог дайындап 

қана қоймай, оқу орнын бітіріп шыққан 

әр қазақ қызына өнегелі тәрбие беріп, 

қыздардың бағыт алар бағдаршамы болып 

келе жатқан киелі шаңырағына айналды. 

Бүгінде Қыздар  университеті түлектерінің 

саны 60 мыңға жуық. Болашақтың тұтқасын 

ұстар ұрпақ тәрбиешілеріне айналып, 

республикамыздың түкпір-түкпірінде 

жемісті еңбек етіп, құрметті ұстаз атануда. 

Олардың есімдері көпшілік арасында белгілі, 

атап айтар болсақ Социалистік Еңбек Ерлері 

Рафиқа Нұртазина, Рыскүл Мақатова, 

қоғам қайраткерлері Зәуре Қадырова, 

Асылы Осман, Шәмші Беркімбаева, 

ғалымдар Үшкүлтай Сұбханбердина, 

К ү л ә ш   Қ ұ н а н т а е в а ,   к ө р н е к т і   а қ ы н 

Ақұштап Бақтыгереева, елімізге танымал 

әнші Мәдина Ералиева, Мәжіліс депутаты 

Оразкүл Асанғазы және тағы да басқа белгілі 

тұлғалар көп», – деп атап өтті.

Осы тұста қала басшысы өзінің жарының 

да Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінің түлегі екендігін айтып өтіп, 

көктемнің шуақты мерекесі – Ұлыстың ұлы 

күнімен құттықтап, тәуелсіз мемлекетіміз 

таңдаған даму жолына қазақ қыздарының 

қара шаңырағы– Қыздар педагогикалық 

университеті де өз үлесін қосатындығына зор 

сенімде екендігін жеткізді.

Қала басшысының: «Қыз өссе – елдің 

көркі» дегендей, бойжеткен аруларымыз 

көрікті келбеттерімен, әдепті қылықтарымен 

елі мен жерінің мақтанышына айналсын! 

Қазақ қыздарының шамшырағына айналған 

білім ордасының жарық сәулесі әрдайым 

жарқырай берсін!» – деген жүрекжарды тілегі 

де ару Алматының төрінде білім алып жатқан 

Қыздар университетінің сырғалыларына 

арналды.


Ұлыстың ұлы күніне орай өткізілген 

шара барысында барша қауымға мерекелік 

концерттік бағдарлама ұсынылып, ар-

найы тігілген киіз үйлерде ақ  дастарқан 

жайылды.Концертте университеттің 

мақтаныштарына айналған халықаралық 

және республикалық байқаулардың лауре-

аты «Томирис» би ансамблі, елімізге әйгілі 

«Айгүл» ансамблі, республикамызға таны-

мал «Ұлар» фольклорлы-этнографиялық 

ансамблі және т.б. парасат мектебінің жас 

өнерпаздары өнер көрсетті. Мерекелік ша-

рада «көрісу», «селтеткізер», «ұйқыашар» 

секілді қазақтың салт-дәстүрлері көрсетіліп, 

Қызыр баба желмаясымен келіп дүйім жұртқа 

ақ батасын берді.Концерттік бағдарламадан 

кейін мерекенің сыйлы қонақтары киіз 

үйде қазақтың жеті түрлі тағамы салы-

нып жасалған наурыз көжесі мен қазы-

қартасынан, тіл үйірген ыстық бауырсағы 

мен құрт-майы, ірімшігі қойылған берекелі 

дастарқанынан дәм татты.

Сұлулық пен іңкәрліктің, әдемілік 

пен әсемдіктің ордасы саналатын Қыздар 

университетінде Наурыз мерекесі сән-

салтанатымен аталып өтті. Көктем шыққанда 

жаңбыр жауып, күн күрт суытатын мезгілді 

қазақта «Бес қонақ», «Тобылғы жарған», 

«Сәуір болмай, тәуір болмас» деп айтып жа-

тады. Міне, университетімізде думандатып 

тойды бастағанда-ақ сәуірдегі «бес қонақ» 

қайтып, күн шайдай ашылып, нұрланып, 

айнала құлпырып шыға келді.

Жиналған жұрт «әз-Наурыз құтты, жаңа 

келген Жылқы жылы табысты жыл болсын!», 

-деп жылы жүзбен тарқасты.



Нәзира ЕЛЕУХАН

қалыптастыратын да – аналар деп білетін 

Қыздар университеті бүгінде студент 

қыздарға заманауи білім берумен қатар, 

адамгершілік, имандылық, парасаттылық, 

елжандылық, ұлттық тәрбие мен отбасылық 

құндылықтарымызды жастардың бойына 

сіңіріп келеді.

Оқу орнын бітіріп шыққан әр қазақ 

қызына ұлттық құндылықтар негізінде 

өнегелі тәрбие беріп келе жатқан киелі 

шаңырақ 70 жылдық мерейтойы қарсаңында 

Қыздар университеті төрінде пайымы 

мен парасаты, болмысы мен бітімі бөлек 

қазақ қыздарына арналған «Қазақ Аруы» 

атты ескерткіш-субұрқағын ашты. Сал-

танатты шараға Алматы қаласының әкімі 

А.С.Есімов арнайы қатысты. Ұлыстың 

ұлы күні – мерейлі Наурыз мерекесіне 

орайластырылған шара екі бірдей айтулы 

оқиғамен есте қалды. 

Биыл 70 жылдығын атап өтуге жан-

жақты дайындалып отырған Қыздар 

университетіндегі жағымды жаңалықтың 

бірі – 9 қабатты, 450 орындық жатақхана 

бой көтермек. Қала әкімі осы оқиғаға 

да ортақтасып, өз қолымен жатақхана 

іргетасының алғашқы кірпішін қалап, 

құрылыс тағанына «Дүниенің тірегі – текті 

тәрбие, терең білім» деген тағылым өсиетнама 

сөзі  жазылған  капсуланы  орналас      тырды. 

Капсулада болашақтың дамыған, жасам-

паз Қазақ Елінің жалынды жастарына, 

ізденімпаз студенттеріне арналған хат жазы-

лып, өсиет қалдырылды. 

Жаңа жатақхана университет аумағында 

бой көтеретін болады. Бұған дейін алты 

жатақханада тұрып келген студент қыздар, 

алдағы оқу жылында тағы бір қоныс тойын 

тойлайтын болады.

С а л т а н а т т ы   ш а р а н ы ң   е ң   б а с т ы 

жаңалығы бұл ғана емес. Тәуелсіздіктің тал 

бесігіне айналған ару Алматы әдебиет пен 

мәдениеттің, білім мен өнердің киелі орда-

сы. Жасыл желегі жайқалған, апортының 

иісі аңқыған мәңгі жас, мәңгі сұлу қаланың 

ғажайып көркіне, тағы бір ерекше оқиға сал-

танатымен сәнін кіргізді. Ол – «Қазақ Аруы» 

ескерткіш субұрқағы. 

Қала әкімі салтанатты түрде ашқан  

Қыздар қалашығындағы субұрқақтың 

биіктігі 5 метрден асады. Дәл ортасында 

ұлттық киімде қазақ қызының бейнесі бей-

нелеген. Субұрқақтың айналасына қазақ 

және әлем ғұлама-ойшылдарының даналық 

сөздері жазылған 12 кітап орнатылған. 

Қыздар университетінің көрігіне көрік 

қосқан ескерткіш тұғыры білезік пішінімен 

аяқталады. Ұлттық нақышта, студент-

тер бойында рухани әдемілік пен рухани 

құндылықтарға деген ынтызарлықты артты-

ру мақсатында салынған субұрқақ мәрмәрдан 

жасалған. Қыздар университетінің ректоры 

Динар Нөкетаеваның идеясымен жасалған 

субұрқақтың авторы – мүсінші Нұрлан 

Бұхарбаев. Оның айтуынша, ескерткіште 

қолына көгершін ұстаған бейбіт өмірдің 

тілекшісі – қазақ қызының болашаққа деген 

ұмтылысы бейнеленген. 

Салқын ауа мен тамаша көңіл күй 

сыйлап, шапшып тұратын субұрқақ талай 

ақындар мен жазушыларды өзіне ынтық 

еткен Қыздар университеті қалашығын 

одан әрі көріктендіре түсетін, оқу орынның 

келбетін кіргізіп, шығармашылыққа жаны 

құмар жастардың шабытын оятатын көрнекі 

орынға айналып қана қоймай, нәзіктік 

пен сұлулықтың символына айналатыны 

сөзсіз. Мұндай көрнекілік сонымен қатар, 

экологиялық жағдайды сауықтыруға, қала 

ауасын жақсартуға ықпал етуде де өз септігін 

тигізеді. 

Сондай-ақ, мереке барысында Алма-

ты қаласы әкімі барша қонақтармен бірге 

субұрқақ айналасына шырша ағаштарын 

екті. «Бір тал кессең, он тал ек» деген 

қағиданы қастерлейтін Қыздар университеті 

бұл дәстүрлі ізгі істі биыл да жалғастырды. 

Дана қазақ халқы «Жердің көгергені – елдің 

көгергені» демекші, Ұлыстың ұлы күні 

орындалатын басты парыздардың бірі игі 

шаралар қосынында ұмыт қалмады. 

Сонымен қатар, Қыздар университетінің 

өнерпаз студенттері дайындаған концерттік 

бағдарламаны тамашалаған қала басшысы 

А.С.Есімов салтанатты жиында:«Бүгін, 

еліміздің жетекші педагогикалық білім 

беретін жоғары оқу ордасында екі бірдей 

ерекше оқиға. Айтулы күнмен баршаңызды 

құттықтай отырып, ең алдымен қазақ 

қыздарының парасат мектебіне айналған 

арулар ордасын және өздеріңіз қызмет 

ететін ең мәртебелі жоғары оқу орнының 

70 жылдық мерейтойымен шын жүректен 

құттықтағым келеді.

Осы университетке келген сапарын-



Каталог: images -> news -> KARLYGA -> pdf -> 2014
2014 -> Семинар өткізілді 2-бетте 6-бетте 7-бетте Ғаламшар болашағы өз қолымызда
2014 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады
2014 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады «Атыңнан айналайын, Қазақ қызы!» Филология феномені атындағы
pdf -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
2014 -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
2014 -> Семинар-тренинг тәжірибені арттырады Жуырда күрделі уақытта бағыт-бағдар, қиындықтан шығуды


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет