Білім алушы мен эдвайзерге арналған жаднама



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата07.04.2017
өлшемі0,57 Mb.
#11271
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

       Күтілетін  нәтиже:  Замануи  астрофизикада  және  элементар  бөлшектер  физикасында 

субядерлік  әсерлесу,  жұлдыздар  жарылысының  кейбір  аспекттері,  галактикалық  ядролар 

және  квазарлардың  белсенділігін  нейтрондық  жұлдыздар  және  қара  тесіктер,  «жасырыс 

масса» мәселесі. Әлемнің сингулярлығы және осцилляциясы тұралы оқытылады. 

Тұтас  түсіну  аппараты  жасалынуда;  астрономиялық  түсінік  болғанымен  астрофизикалық 

түсініктер,  ғарыштық  объекттерге,  құбылыстарға  және  процесстерге  қатысты  физикалық 

түсінік ретінде де қарастырыла алады. 

Жоғары  энергиялар  физикасы  және  космология  біріге  отырып,  физикалық  әсерлесу 

түрлерін  тұтас  бастамаға  келтіретін,  антропты  принципін  жалпы  материалдық  дүниенің 

даму перспективасын тұсіндіретін Ұлы бірігу теориясын жасап жатыр. 



       Постреквизиттер:  Жер  аумағы  кеңістігіндегі  технологиялық  процестер,  ғарыш 

технологиясының физикалық негіздері. 



 

 

 

AMPIMK3219.1 Акустикалық әдіс және инженерлік аспаптар – 3 кредит 

        

Пререквизиттер:  Дифференциалды  және  интегралды  тендеулер,  механиканың 

физикалық негіздері 



       Оқытудың  мақсаты:    «Материалдар  мен  құрылымдарды  зерттеудің  акустикалық 

тәсілдері  мен  аспаптары»  арнайы  курсы  «Техникалық  физика»  мамандығы  студентерін 

материалдардың  макро-  және  микроқұрылымдарын    зерттеудің  акустикалық  әдістерімен 

таныстырады. Дыбыс энергиясының жұтылу және диссипация үрдістері, дыбысоқшаулау 

мен  дыбыстың  шағылу  құбылыстарын,  бөлмелерде  акустикалық  жайлы  жағдай  орнату 

мүмкіндіктерін қарастырады. Акустикалық материалдар мен құрылымдарды зерттеу және 

сұрыптау. 

       Қысқаша  мазмұны:  Дыбыс  тербелісі  және  олардың  таралуы.  Дыбыс  толқынының 

интерференциясы. Дыбысты қабылдау. Дыбыс көздері. Ультрадыбыстарды алу. Акустикалық 



 

15 


толқындарды қолдану: дефектоскопия, ультрадыбыстық микроскоп, акустоэлектроника. Дыбыс 

толқындарының  шағылуы  және  жұтылуы.  Акустикадағы  Доплер  эффектісі.  Акустикалық 

толқынның  энергиясың  тығыздығы  мен  интенсивтілігі.    Толқынның  шығарылуы.  Рупорлар. 

Линзалар.  Параболикалық  шағылдырғыш.  Пъезоэлектрлік  эффект.  Акустикалық  толқын 

өткізгіштер  және  резонаторлар.  Құралдар,  сынатын  толқындар:  толқын  жүретін  линзалар, 

жасанды  диэлектриктер,  баяулатқыш  линзалар,  сәуле  шығаратын  параметрлік  антенна. 

Пъезошалаөткізгіштер.  Сызықты  емес  беттік  толқынды  акустикаэлектрондық  қондырғы. 

Магнитострикциялық түрлендіргіші бар акустикалық концентратор. 



       Күтіл

е

т

і

н  нәтиже:  Аталған  курсты  оқу  нәтижесінде  студенттерге  пісіру 

қосылыстарының 

бузылмауын 

бақылаутәсілдері, 

ультрадыбыстың 

дефектоскоп 

көмегіменметалл және пластмасс заттардағы әртурлі ақауларды анықтау, локальдау және 

ақауларды  табуға  координаттарды  анықтау  және  олардың  шартты  өлшемдерін  бағалау 

жөнінде білім қалыптасады.  

Объектінің  тұтастығын  және  біртектілігін  бақылау,  металл  материалдағы  коррозиялық 

үрдістерді  анықтау,  оның  құрамына  металл  емес  қураушыларды  енгізу,  және  де 

қабыршақтану, бостықтарды және қабаттардың ажырауын анықтау машығы қалыптасады. 



       Постреквизиттер:  Жер  аумағы  кеңістігіндегі  технологиялық  процестер,  ғарыш 

технологиясының физикалық негіздері.  

 

TEP3220 Электромагниттік өріс теориясы   – 3 кредит 

       Пререквизиттер: Жоғары математика I, Жоғары математика II, электр және 

магнетизм. 



       Оқытудың мақсаты: Студенттерге классикалық электромагниттік толқын теориясын 

толық таныстырып, бұл теорияны іс жүзінде қолдануды игеруді үйрету және қазіргі заман 

физикасы  мен  ғылыми  көзқарастарын  байланыстыру.Классикалық  электродинамика 

курсы  бұдан  бұрын  оқылатын  «Электр  және  магнетизм»  курсын  толықтыра  түсіп, 

жоғарғы  курстарда  оқылатын  заттар  мен  нұрланудың  (сәуле  шығарудың)  кванттық 

теориясын үйрену  



       Қысқаша  мазмұны:  «Электромагниттік  өріс  теориясы»  курсы  студенттерге 

Максвелл  теңдеулері  постулат  түрінде  емес,  тәжірибеден  алынған  Кулон,  Ампер  және 

Фарадей  заңдары  арқылы  келтіріліп  шығарылған.  Электродинамиканы  өріс  теориясы 

ретінде қарастыру салдарынан статистикалық құбылыстардан динамикалық құбылыстарға 

өту  біршама  жеңілдетілген.  Электромагниттік  толқын  теориясын  жасау  және  оны 

тәжірибеде дәлелдеу студенттерге қарапайым да түсінікті түрде жеткізілген.  

Бұл  курста  векторлық  өрістер  және  оның  қасиеттері,  электростатикалық  өріс  үшін 

Максвелл  өрнегі,  электродинамикадағы  сақталу  заңдары,  еркін  электромагниттік 

толқынның  пайда  болуы,  электромагниттік  толқындардың    ортада  таралуы,  еркін  және 

байланысқан  зарядтарда  электромагниттік  толқындардың  шашырауы,  қозғалыстағы  орта 

электродинамикасын 

негізі, 


магниттік 

гидродинамика 

элементтері 

сияқты 


электромагниттік өріс теориясының негізгі тақырыптары оқытылады. 

       Постреквизиттер: Статистикалық физика және термодинамика, физикалық кинетика.  

 

 EMU3220.1 Электр және магниттік құрылғылар– 3 кредит 



       Пререквизиттер:  Жоғары  математика  I,  Жоғары  математика  II,  Электр  және 

магнетизм. 



       Оқытудың  мақсаты:  кәзіргі  заманғы  физикалық  ғылыми  қондырғылар  көмегімен 

кәсіби  мамандық  бойынша  сапалы  және  сандық  зерттеулер  жүргізе  білу.  Үлкен  көлемді 

есептеулер  кезінде  тәжірибеде  алынған  тәжірибелік  физикалық  шамалардың  сандық 

мәндерін компьютер көмегімен өңдеу әдістерін үйрену. Алынған информацияны берілген 

жағдайда оптималды дұрыс шешуін қабылдау үшін дұрыс интерпретациялай білу.  

       Қысқаша  мазмұны:  электр  өлшегіш  қондырғыларды  зерттеу.  Электростатикалық 

өрісті зерттеу. Графикалық кескіндеу. Электр сиымдылықты өлшеу әдістері. Тұрақты ток. 



 

16 


Электр кедергілерін өлшеу әдістері. Ток көзінің  электр қозғаушы күшін өлшеу әдістері. 

Металлдан  электрондардың  шығу  жұмысын  өлшеу  әдістері.  Магнит  өрісінің 

сипаттамаларын  өлшеу.  Зарядталған  бөлшектердің  магнит  өрісіндегі  қозғалысын  e/m 

қатынасын  анықтау.  Электромагниттік  индукция  заңдарын  зерттеу  әдістері. 

Электромагниттік  тербелістер.  Тербелмелі  контур  сипаттамаларын  өлшеу  әдістері. 

Айнымалы  ток.  Айнымалы  ток  заңдарын  зерттеу.  Жартылай  өткізгіштің  қасиеттерін 

зерттеу әдістері. Термоэлектрлік құбылыстар. Термоэлектрлік құбылысты зерттеу әдістер.  

       Күтілетін  нәтиже:  Студенттердің  электр  және  магниттік  құрылымдармен  жұмыс 

істей білуі. Тұрақты және айнымалы токтардың заңдарын зерттеу әдістерін игеру. Әртүрлі 

заттардың электрлік және магниттік қасиеттерін анықтауды үйрену.  



       Постреквизиттер: Статистикалық физика және термодинамика, физикалық кинетика.  

  

  



 FOKE3221 Кванттық электрониканың физикалық негіздері - 4 кредит 

       Пререквизиттер: Жоғары математика I,   Жоғары математика II,  конденсирленген 

күйдің физикасы, кванттық теория негіздері, оптика және лазерлі спектроскопия, 

радиофизика 

       Оқытудың  мақсаты:  болашақ  физиктер–  эксперементаторлар,  инженерлер  және 

радиоинженерлерге  лазер  сәулесін  зерттеу  және  қолданудың  негізгі  саласы  болған 

кванттық электроникадан мағлумат беру.  

       Қысқаша мазмұны: Бұл пәнде кванттық электроника ғылымының негізгі физикалық 

идеясы  және  оның  маңызды  приборларының  жұмыс  істеу  принциптері  ізбі–  із  және  әр 

түрлі  бағдарда  қарастырылған.  Кванттық  электроника  негізінде  аса  жоғары  жилікті 

электрониканың оптикалық әдісі және тербеліс теориясы жатыр. Заманогөй оптика және 

кванттық  электроника,  оптика  және  электрниканың  жаңа  мүмкіндіктерін  ашады,  бірақ 

олардың  фундаменталдық  жағдайын  өзгертпейді.  Кванттық  электрониканың  бүгінгі 

дамыған  кезеңінде  сол  лазер  параметрлерінің  жетіскендіктеріне  емес,  ал    қарастрылушы 

лазерлердің  жұмыс  істеу  принциптеріне    және  потенциалдық    мүмкіншіліктеріне  назар 

аударылады.  

       Күтілетін  нәтиже:  Тыңдаушыға:  лазердің  әсер    етуі  принциптерін  және 

сипаттамаларын;  мәселені  қою,  осы  мәселе  бойынша  белгілі  материалдарды  анализдеу, 

оптималдық  шешімін  табу;  кванттық  физиканың  фундаменталдық  заңдары  негізінде 

лазерлі ускенелердің  эффективтігін бағалауды түсіну және білу қажет.  



       Постреквизиттер: Наноэлектроника. 

 

FOM3221.1 Оптоэлектрониканың физикалық негіздері – 4 кредит 



       Пререквизиттер:  жоғары  математика,  конденсирленген  күй  физикасы,  кванттық 

теория негіздері, оптикалық және лазерлік спектроскопия, радиофизика. 



       Оқытудың  мақсаты:  генерация  және  оптикалық  диапазондағы  электромагниттік 

толқындарды  қабылдау  түсініктеріне  түсініктеме  беру.  Оптоэлектрониканың  күйін, 

потенциалдық мүмкіндіктері және  даму жағдайын толығымен талдау. 

       Қысқаша мазмұны: Бұл пәнде бұл ғылымының негізгі физикалық идеясы және оның 

маңызды  приборларының  жұмыс  істеу  принциптері  қарастырылған.  Маңызды 

оптоэлектронды приборлар және жүйелер: байланыстың талшықты оптикалық сызықтары

мәләметті  суреттеуші  құралдар,  интегралды  оптика  құралдары,  оптоэлектронды 

датчиктер, фотосанағышты құралдар, оптикалық процессорлар қарастырылған.  

       Күтілітін нәтиже: тыңдаушы мүмкіншіліктерін талдап білу, оптоэлектронды 

құралдар және жүйелерді ажрата білу және жұмыс істей білу қажет.  

        Постреквизиттер: Наноэлектроника. 

 

FHPKS332 Конденсирленген  орталар бетіндегі физика-химиялық процестер - 3 



кредит 

 

17 


        Пререквизиттер:  Жоғары математика I, Жоғары математика II, физика I, физика II, 

физикалық оптика, кванттық механика 

        Оқудың мақсаты: Студенттерді инженерлік қызметтің ғылыми-физикалық негіздері 

жөніндегі біліммен қамтамасыз ету. 



          Қысқаша  мазмұны:    Пәннің  мақсаты  мен  міндеттері.  Субатомдық  микроәлемде 

өтіп  жатқан  физикалық  құбылыстардың  негізгі  мазмұны.  Эксперименттік  бақылау  және  

теориялық    мағыналау  әдістері.  Субатомдық  физиканың  физикалық  шамаларының 

масштабтары.  Конденсирленген  орталар  физикасы.  Шалаөткізгіштер  және  олардың 

оксидтері.  Шалаөткізгіштер  мен  олардың  оксидтері  бетіндегі  физика-химиялық 

процестерге  сыртқы  факторлардың  әсері.  Вакуум  түсінігі  және  оны  қолдану. 

Конденсирленген  орта  бетіндегі  физика-химиялық  процестерді  зерттеуде  вауумды 

қолдану ерекшеліктері. Шалаөткізгіштер мен олардың оксидтері бетіндегі құбылыстардың 

теориялары  мен  модельдері.  Заманауи  технологиялардың  есептерін  шешу  барысында 

беткі құбылыстардағы физиканың мәні.   



          Күтілетін  нәтиже:  студент  инженерлік  қызметтің  кәсіптік  есептерін  орындауға 

дайын  болуы  қажет:  зерттеудің  эксперименттік  және  теориялық    әдістерінің  нәтижелері 

дәлдігін бағалай білуді қалыптастыру, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту. Заманауи 

компьютерлік  техниканың  жетістіктерін  қолдану  арқылы  физикалық  ситуацияларды 

модельдеудің  нақты  механизмдерін  білу.  Шалаөткізгіш  аспаптардың  және  осы  аспаптар 

негізінде  жұмыс  жасайтын  жүйелердің  жұмыс  істеу  механизмдерін  түсіну.  Заманауи 

өлшеуіш  аппараттарда  эксперименттік  зерттеулер  жүргізу  әдістерін  игеру,  алынған 

нәтижелерді өңдеу және интерпретациялау.   



          Постреквизиттер: Ғылыми-зерттеу жұмысын орындау, диплом алды практика.  

 

FHOM332.1 Материалтанудың физика-химиялық негіздері -3 кредит 

        Пререквизиттер:  Жоғары математика,   Физиканың жалпы курсы  

        Оқудың мақсаты: Студенттерді инженерлік қызметтің ғылыми-физикалық негіздері 

жөніндегі біліммен қамтамасыз ету. 

        Қысқаша  мазмұны:  Пәннің  мақсаты  және  міндеттері.  Материалтанудың  физика-

химиялық  негіздері.  Материалтанудың  теориялық    негіздері  мазмұны  және  маманның 

алған  білімді  өзінің  қызметіне  қолдану  жолдары.  Кіріспе.  Материалдардың 

классификациялары.  Материалдардың  құрылымы  мен  қасиеті  жөніндегі  кейбір 

мәліметтер. 

Заманауи 

технологиядағы 

конденсирленген 

орталардың 

рөлі. 


Материалдардың  идеал  және  реал  беттері.  Кейбір  конденсирленген  орталардың 

құрылымдық және адсорбциялық қасиеттері. Молекулааралық өзараәсерлесу күштері.  

Беткі  күйлер  және  беткі  центрлер.  Химиялық  және  физикалық  адсорбция.  Химиялық 

байланыс.  Негізгі  және  қышқылдық  типтердің  беткі  центрлері.  Иондық  қатты  денелер 

бетіндегі  гидратация.  Беткі  қабаттағы  зарядтардың  таралуының  шалаөткізгіштерге  әсері. 

Пуассон  теңдеуі.  Инверсияланған  және  байытылған  беткі  қабаттардың  пайда  болу 

жағдайлары.  Қатты  дене-сұйық    бетінің  шекарасы.  Зерттеудің  физикалық  әдістері. 

Оксидтердің  адсорбция  центрлерінің  табиғаты.  Оксидтердің  беткі  құрылымдары. 

Радиация  әсерінен  материалдарда  ақаулардың  пайда  болуы.  Конденсирленген  орталар 

бетінде өтетін физика-химиялық процестердің табиғаты жайлы.  



        Күтілетін  нәтиже:  студент  инженерлік  қызметтің  кәсіптік  есептерін  орындауға 

дайын  болуы  қажет:  материалдар  бетіндегі  физика-химиялық  процестердің  өту  және 

қалыптасу механизмдерін түсіну, мысалы, шалаөткізгіштер мен диэлектриктердің қолдану 

шегін тағайындау және нақты ситуацияларда алған білімді қолдана білу,    

Заманауи  өлшеуіш  аппараттарда  эксперименттік  зерттеулер  жүргізу  әдістерін  игеру, 

алынған нәтижелерді өңдеу және интерпретациялау.   



        Постреквизиттер: Ғылыми-зерттеу жұмысын орындау, диплом алды практика.  

 

YaFFECh333  Ядролық физика және элементар бөлшектер физикасы – 3 кредит 



 

18 


       Пререквизиттер:  жоғары  математика  I  VM(I)  1201,  жоғары  математика  II  VM(II) 

1202,  физикаI  Fiz(I)1203,    физикаII  Fiz  (II)  1204,  электр  және  магнетизм  ЕМ  2205, 

физикалық оптика FO 2211, Атомдық физика AF3217, кванттық механика КМ 3215 

       Оқытудың  мақсаты:  Студенттерді  субатомдық  микроәлемде  болатын  негізгі 

физикалық  құбылыстармен,  теориялық  және  тәжірибелік  тәсілдермен,  субатомдық 

физиканың шамаларымен таныстыру. 

       Қысқаша  мазмұны:  Атом  ядроларының  қасиеттері.  Ядроның  спині  мен  магнит 

моменті.  Радиоактивтілік.  Атом  ядроларының  моделдері.  Ядролардың  радиоактивті 

түрленуі. Ядролардың гамма-сәулеленуі. Ядролық сәулелердің затпен әсерлесуі. Ядролық 

реакциялар физикасы. Нейтрондардың ядролармен әсерлесуі. Ядролық реакциялар. Атом 

ядроларының  бөлінуі  және  синтезі.  Ядролық  реакторлар.  Ядролық  энергетика. 

Үдеткіштер.  Ядролық  бөлшектердің  тіркеу  әдістері.  Жоғары  энергия  мен  элементар 

бөлшектер физикасы. Ғарыштық сәулелер. 

       Күтілетін  нәтиже:  студент  ядролық  физика,  ядро-физикалық  әдістер  мен 

қондырғылар  бойынша:  ақпарат  көздерін  қолдана  білу,  қажетті  әдебиеттерді  таба  білу 

қабілеттілігін қалыптастыру, қойылған оқу, ғылыми және өндірістік есептерді шешу үшін 

ақпараттарды  табуды,  өңдеуді,  оның  пайдалылығын  бағалауды,  талдау  жасауды  үйрену, 

пәнді  терең  үйрену  үшін  заманауи  ақпараттық  технологиялар  және  техникалық 

қондырғыларды  пайдалана  білуге  үйрену,  ядролық  физикамен  байланысты  негізгі 

концепциялар,  принциптер,  теориялар  мен  фактілерді  түсіну  және  практикада  қолдана 

білу, ядролық физика негізінде жатқан ғылыми және математикалық принциптерді түсіну 

және  білу,  ядролық  физикадан  қажетті  тәжірибелерді  жоспарлау  және  жүргізу 

қабілеттілігін көрсету, алынған мәндерден қорытынды жасай білу. 



       Постреквизиттер:  Зарядталған  бөлшектердің  затпен  әсерлесуі,  атом  ядросының 

технологиясы.  

   

 PFRZ333.1 Қолданбалы физика және радиациялық қауіпсіздік – 3 кредит 



       Пререквизиттер:  жоғары  математика  I  VM(I)  1201,  жоғары  математика  II  VM(II) 

1202,  физикаI  Fiz(I)1203,    физикаII  Fiz  (II)  1204,  электр  және  магнетизм  ЕМ  2205, 

физикалық  оптика  FO  2211,  Атомдық  физика  AF3217,  кванттық  механика  КМ  3215, 

ядролық физика және элементар бөлшектер физикасы YaFEC 3232 



       Оқытудың  мақсаты:  Білім  алушы  студенттерде  ионизациялық  сәулеленудің  адамға 

және қоршаған ортаға радиациялық әсері және оны төмендету жолдарына қатысты физика 

жайында қазіргі заманғы көзқарасты қалыптастыру. 

 Қысқаша  мазмұны:  Ионизациялық  сәулеленулер  туралы  жалпы  мәліметтер. 

Ядролық  сәулеленудің  затпен  әсерлесуі.  Экологияға  радиациялық  әсер.  Радиациялық 

қауіпсіздіктегі  негізгі  түсініктер  мен  бірліктер.  Ионизациялық  сәулелену  критерийлері. 

Сәулеленудің биологиялық әсері және ионизациялық сәулеленудің қоршаған ортаға әсері. 

Ионизациялық  сәулелену  көздерінің  классификациясы.  Қазақстан  Республикасы 

аймақтарындағы  радиациялық  жағдай.  Адамдарды  сәулелендіру  регламентациясы. 

Радиоактивті  қалдықтарды  көму.  Ядролық  қалдықтарды  жою.  АС-  дағы  радиоактивті 

суларын  өңдеу  әдістері.  Ядролы  қауіпті  объектілер.  АС-дағы  мүмкін  апаттар  және 

олардың  сипаттамалары.  Ионизациялық  сәулелерді  тіркеу  әдістері.  Радиациялық 

бақылаудың  аспаптары,  жүйелері  және  құралдары.  Аймақты  дозиметрлік  бақылау 

аспаптары.  АС-дағы  апаттар  кезіндегі  халық  қорғанысы  бойынша  шараларды  анықтау 

әдістемесі.  Әдістеменің  жалпы  шаралары.  Радиациялы  (ядролы)  қауіпті  объектілердегі 

(АС)  апаттар  кезіндегі  халық  және  аймақ  қорғанысы  бойынша  шаралар  спецификасы. 

Ядролардың радиоактивті түрленуі. Ядролардың гамма-сәулеленуі. Ядролық сәулелердің                 

   Күтілетін  нәтижелер:  студент  радиациялық  қауіпсіздік  бойынша:  ақпарат  көздерін 

қолдана білу, қажетті  әдебиеттерді  таба білу  қабілеттілігін қалыптастыру, қойылған оқу, 

ғылыми  және  өндірістік  есептерді  шешу  үшін  ақпараттарды  табуды,  өңдеуді,  оның 

пайдалылығын  бағалауды,  талдау  жасауды  үйрену,  пәнді  терең  үйрену  үшін  заманауи 



 

19 


ақпараттық  технологиялар  және  техникалық  қондырғыларды  пайдалана  білуге  үйрену, 

радиациялық қауіпсіздікке байланысты негізгі концепциялар, принциптер, теориялар мен 

фактілерді түсіну және практикада қолдана білу, радиациялық қауіпсіздік негізінде жатқан 

ғылыми  және  математикалық  принциптерді  түсіну  және  білу,  радиациялық  физикадан  

қажетті тәжірибелерді жоспарлау және жүргізу қабілеттілігін көрсету, алынған мәндерден 

қорытынды жасай білу. 



       Постреквизиттер:  Зарядталған  бөлшектердің  затпен  әсерлесуі,  атом  ядросының 

технологиясы.  



  

TM334 Теориялық механика – 3 кредит 

       Пререквизиттер:  Механиканың  физикалық  негіздері.  Дифференциалдық  және 

интегралдық теңдеулер. Математикалық физика әдістері. 



       Оқытудың  мақсаты:  Теориялық  механика  ғылыми-табиғи  пән  бола  отырып,  бір 

жағынан  көптеген  техникалық  пәндердің  негізі  болып  табылады.  Ал  екінші  жағынан 

теориялық физиканың алғашқы бөлімі болып саналады.  

       Қысқаша  мазмұны:  Пәнде  теориялық  механика  және  тұтас  орта  механикасы 

қарастырылады.  Ньютон  –  Галилей  механикасының  негізгі  заңдарына  ерекше  көңіл 

бөлінген және жалпыланған-потенциалдық күштер үшін Логранж, Гамильтон, Гамильтон 

–  Якоби  теңдеулері  қарастырылады.  Сонымен  қатар  потенциалдық,  гироскоптық  және 

диссипативтық  күштердің  әсерінен  болатын  сызықты  тербеліс  теориясы,  және  жүйенің 

бей-сызықты тербелісі үшін Крылов – Боголюбов әдістемесі, қозғалыс теңдеуінің орталау 

әдістемесі  қарастырылады.  Пуанкаре  –  Картан  инварианты.  Каноникалық  түрлендіру. 

Қатты дененің динамикасы. Әсер функциясы. 



       Күтілетін нәтиже:  Студенттер теориялық механика пәнінен кең терең мәлімет алып, 

оны теориялық физиканың басқа бөлімдерін игеруге қолдана білу. Әртүрлі байланыс үшін 

аналитикалық  механика  әдістемесін  игеру.  Лагранж  әдістемесін,  Лагранж  теңдеулерін, 

Гамильтон теңдеуін  жалпыланған  –  потенциалдық  күш  әсер  ететін  жүйеге  қолдана  білу. 

Теориялық  физиканың  басқа  бөлімдерінің  есептеріне  Крылов-Боголюбов,  Пуассон 

жақшасын, Лиувилл теориясын қолдана білу.  



       Постреквизиттер: Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы.  

 

RM334.1 Релятивистік механика – 3 кредит 



       Пререквизиттер:  Механикалық  физиканың  негізі.  Сызықты  алгебра  және 

аналитикалық геометрия. Электромагниттік өріс теориясы.  



       Оқудың мақсаты:  Студенттерге релятивистік механика пәні туралы терең мағлұмат 

беру.  Ньютонның  классикалық  механикасының  қолдану  шегін  анықтау.  Релятивистік 

механиканың түрлендірілуін қарастыру.  

       Қысқаша 

мазмұны:  Курста  вакуумдағы  жарық  жылдамдығына  жақын 

жылдамдықпен  қозғалатын  инерциялық  санақ  жүйелері  қарастырылады.  Салыстырмалы 

теория  постулаттарына  сүйене  отырып  Лоренц  түрлендірулері  алынады.  Кинематикада 

физикалық  шамалардың  салыстырмалылығы  және  интервал  инвариант  екені 

қарастырылады.  Интервалдың  инварианттылығы  кеңістік  пен  уақыттың  бір  екенін 

анықтайды, яғни төртөлшемді  әлем. Әсіресе  кеңістік-уақыт геометриясына ерекше көңіл 

аударылады. Кеңістік-уақыт континуум метрикасына. Векторлық және тензорлық  анализ 

элементтеріне.  Бивекторлық,  үштік  векторлар,  төртөлшемді  көлемдер.  Релятивтік 

динамика. Релятивтік динамикадағы энергия. Энергиямен массаның қатынасы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет