Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі


Негізгі тəсілдемелер мен əдістер



Pdf көрінісі
бет3/29
Дата06.01.2022
өлшемі4,35 Mb.
#11360
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
kz 1490785559

Негізгі тəсілдемелер мен əдістер. Бюллетендегі «норма» деген сөздің астарынан 

1971…2000 жж. кезеңіндегі қарастырылып отырған ауыспалы климаттық көп жылдық мəн 

түсіндіріледі. Температуралардың ауытқулары бақыланатын мəндердің нормадан ауытқуы 

ретінде  қарастырылады.  Жауын-шашын  көлемінің  ауытқуын - нормадан  ауытқу  ретінде 

(ауа температурасына ұқсас), нормадан пайыз ретінде, яғни норма мəніне түскен жауын-

шашынның  көлеміне  пайыздық  қатынас  ретінде  қарастыру  қабылданған.  Шегінен  шығу 

ықтималдығы бірқатар бақылауларға сəйкес туындайтын ауытқулар мəнінің жиілілігімен 

(пайызда) сипатталады.  

Белгіленген  уақыт  интервалы  үшін  параметрлерді  өзгерту  сипаттамасы  ретінде 

сызықтық  трендтердің  коэффициенттері  пайдаланылады,  олар  ең  аз  шаршылар  əдісі 

бойынша  анықталады.  Трендтің  маңыздылық  шарасы – толық  дисперсияның  (пайызда) 

бөлшек дисперсиясын көрсететін детерминация (R

2

) коэффициенті. 




 

4

Жер  үсті  ауа  температурасы  үрдісінің  бағасы  мен  жауын-шашын  көлемі  жеке 



станциялар деректері бойынша да, ең аз шаршы (квадраттар) əдісін қолданумен сызықтық 

функцияларды бақылау қатарын жуықтату жолымен  Қазақстанның 14 облысы үшін орта 

есеппен  келтірілген.  Аумақ  үшін  метеорологиялық  ауыспалы  ауытқулардың  орташа 

көлемі  ауытқулық  станциялық  деректерді  орташаландыру  жолымен  есептелген. 

Облыстардың шекаралары төмендегі карта-кестеде берілген. 

2012  ж.  температураның  айрықша  режимін  бағалау  үшін  Дүниежүзілік 

метеорологиялық ұйыммен ұсынылған климат өзгерісінің индексі пайдаланылды.   

 

Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық бөліну сызбасы 



1 – Қызылорда обл.

 

2 – Оңтүстік Қазақстан обл.



 

3 – Жамбыл обл.

 

4 – Алматы обл.



 

5 – Шығыс Қазақстан обл.

 

6 – Павлодар обл.



 

7 – Солтүстік Қазақстан обл. 

8 – Ақмола обл. 

9 – Қостанай обл. 

10 – Қарағанды обл. 

11 – Ақтөбе обл. 

12 – Батыс Қазақстанобл. 

13 – Атырау обл. 

14 – Маңғыстау обл. 

 

 

Бюллетенді  шығаруға  жауаптылар: «Қазгидромет»  РМК  Климаттық  зерттеулер 



басқармасының  жетекші  ғылыми  қызметкері  Е.Е.Петрова («Ауа  температурасы»  бөлімі) 

жəне  жетекші  инженер  Р.М.Ильякова («Атмосфералық  жауын-шашындар»  бөлімі). 

Бюллетенді дайындауға сонымен қатар Басқарма басшысы С.А.Долгих, жетекші ғылыми 

қызметкер Е.Ю.Смирнова қатысты.   

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет