Жадылы қарапайым сандық автоматтар қатарына триггерлер жатады. Триггер –
тізбектес әрекетті статикалық есте сақтау элементі. Кіріс сигналдарының әсерімен триггер бір
орнықты жағдайдан екінші орнықты жағдайға ауыса алады. Бұл кезде оның шығысындағы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-16. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
Егер триггер нольдік жағдайда болса, онда ол бұл жағдайды келесі бірлік сигнал келіп
түскенше есте сақтайды. Егер де триггер бірлік жағдайда болса, онда оның кірісіне берілген
бірлік сигнал триггерді нольдік жағдайға ауыстырады да бұл жағдай келесі сигнал келіп
түскенше ұзақ уақыт есте сақтала алады.
Әдетте, триггердің тіке және инверсті (теріс) екі шығысы болады. Ал кірістерінің саны
триггердің құрылымы мен атқаратын қызметіне байланысты. Ақпаратты жазу тәсілі бойынша
триггерлерді асинхронды және синхрондалатын (тактыленетін) деп бөледі. Асинхронды
триггерлерде информация үздіксіз түрде жазыла алады және сол сәттегі оның кірістеріндегі
информациялық сигналдармен анықталады. Егер триггерге информация синхрондаушы деп
аталатын сигналдар әсер еткен кезде ғана ендірілсе, онда мұндай триггерді синхрондалушы
немесе тактылаушы триггер деп атайды. Синхрондалушы триггерлердің информациялық
кірістерінен басқа тактылық (синхронизациялық) кірісі болады. Сандық техникада
триггерлердің кірістерін былайша белгілеу қабылданған:
S –
бірлік жағдайға келтіруші дара кіріс (тіке шығыста (Q) жоғары деңгейлі кернеу
болады); R – нольдік жағдайға келтіруші дара кіріс (тіке шығыста (Q) төмен деңгейлі кернеу
болады); D – информациялық кіріс (оған триггерге жазуға арналған информация беріледі); C –
синхрондау кірісі; T – санақтық кірісі.
Сандық құрылғыларда екі орнықтырушы кірістері бар RS – триггер, тактыленетін D –
триггер және санақтық T – триггер кең қолданылады.
6
Достарыңызбен бөлісу: