Дәріс. Регистерлер және олардың түрлері мен атқаратын қызметі.Регистрлер мен
ыстыру регистрі
Регистр (тіркеуіш) – ақпаратты уақытша сақтау мен өңдеу үшін арналған құрылғы. Ол –
ең кең тараған операциялық элементтер қатарына жатады.Арнайы схемалық әдістердің
көмегімен регистрде жоғарыда көрсетілген микрооперациялар: орнықтыру, ығыстыру,
разрядтар бойынша жасалынатын операциялар тағы басқа іске асырылады. Сонымен бірге
жалпы пайдалануға арналған регистрлер де болады. Олардың қатарына арифметикалық-
логикалық құрылғымен тікелей байланысты болатын аккумулятор (жинағыш сумматорлар)
жатады. Көп жағдайларда деректерді өңдеу аккумулятордың қатысуымен жүргізіледі. Санның
регистрде болу уақыты әдетте машинаның бір операцияны орындау уақытына тең. Регистрлер
машинаның сан-алуан құрылғыларында қолданылады. Мысалы, басқару құрылғысында регистр
есте сақтау құрылғысынан команда кодын алып, команданың машинаның келесі жұмысы
тақтасында орындалуына дейін сақтайды. Арифметикалық құрылғыда регистр операцияның
орындалуына тікелей қатысады: қосу амалын орындау кезінде сумматорға қосылғыштарды
береді немесе көбейту, бөлу т. с. с. операцияларды орындаған кезде күрделірек қызмет
атқарады.
7
Достарыңызбен бөлісу: |