Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-
Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде
Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол
Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн
көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей
Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларға
Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас
аймақтарын берді. Әбілхайыр хан дүние салған
соң, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-
ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі
Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті.