Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін күресте
Қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілхайыр хан болды.
Қазақ хандығы Әбілхайырға қарсы күресу үшін ең алдымен Моғолстан
мемлекетімен тату көршілік, одақтық байланыс орнатты. Бұл
одақ жоңғар тайшысы Амасанжының Моғолстанға және Әбілхайыр
ханның
Қазақ
хандығына
қарсы
шабуылдарынан
біріге
отырып қорғануға мүмкіндік берді.
1468-жылы қыста Әбілхайыр хан Қазақ хандығын қиратпақ болып,
Жетісуға жорыққа аттанды, бірақ сапары сәтсіз болып, осы жорық
кезінде
қаза
тапты.
Әбілхайырдың
қаза
болуы
Қазақ
хандығының нығаюына және оның көлемінің кеңеюіне үлкен жағдай
тудырды. Өзбек ұлысының үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп
кетті. Қазақ хандары Әбілхайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күресте
олардың ішкі-сыртқы қайшылықтарын толық пайдаланды. Әбілхайыр
ханмен билікке таласып келген Жошы ұрпақтары - Ахмет хан мен Махмұд
хан, батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан және Ноғай мырзалармен
одақтаса отырып күрес жүргізді.
Әбілхайыр ханның мұрагерлерімен күресте Қазақ хандары
Әбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті - Қыпшақ даласын
және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды.
XV-ғасырдың 70-жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған
жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды.
Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі
Мұхаммед Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам уақытқа
созылды. Сонымен қатар бұл қалаларды Түркістан аймағын
билеген Әмір Темір әулетінен шыққан Әмір Мұхаммед Мәзит
Тархан мен Моғолстан ханы Жүніс хан да қолдарына түсіруге
дәмелі болды.
Сыр бойы калалары үшін Қазақ хандары өте қажырлы қайрат
жұмсады.
Әбілхайыр
ханның
немересі
Мұхаммед
Шайбани Түркістан аймағына келіп, Мұхаммед Мәзит
Тарханды паналады. Мұхаммед Мәзит Тархан Мұхаммед
Шайбаниды қолдап, Қазақ хандығына қарсы аттандырмақ болды.
Бірақ Мұхаммед Шайбани оның бұл үмітін ақтамады, керісінше
оның қолынан Түркістан аймағын тартып алды. 1470 жылы қыста
Қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанға шабуыл жасады. Қазақ
ханы Әз Жәнібектің үлкен баласы Махмұд сұлтан Созақ қаласын
бағындырды, екінші баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран
түбінде қазақтардан соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға
қашты.
Сөйтіп,
Сырдария
жағасындағы
—
Созақ
және Сауран қалалары Қазақ хандығының құрамына кірді.