сұрай Әсет ақын келеді. Сонда Кемпірбай ақын:
–Көңілді Әсет келді көтергелі
Болмайды кеуде шіркін жөтелгелі.
Алып бер домбырамды ана тұрған,
Басымды жастықпенен көтер бері.
Артыма бір-екі ауыз сөз тастайын,
Қонғаның, өлең шіркін, бекер ме еді.
Боз шапса, боз озбай ма бурылдан?
Мен шапсам жер шарасы қуырылған.
Жай тастап аяғымды алып жылдам,
Жабының күнде озушы ем тұғырынан
(С.Сейфуллин. 6 том. 1964.133
бет)
86
та иектеген» еді, кеудеме өлеңнің көк ала үйрегі келіп қонған еді. Енді
сол «алланың аманатын берем білем, кеудемнен көк ала үйрек «қош»
деп ұшты» деп, өзінің өлгелі жатқанын, ақындық талантын қоса ай-
тып, образды түрде бейнелейді. Ақынның орындалмай бара жатқан
үлкен арманы бар. Ол – ұлы Серкебайға ақындық өнердің «қонбаған-
дығы». Ақын көңілі өз өмірінің жалғасы ұлының да қасиетті өнерін
ілгері апарушы болғанын қалайды. Ақын арманы, шері – осы. Өз
өлеңінің соңында Кемпірбай ақын бүкіл замандас ақындарымен қош-
тасады, өзінің соңғы тілегі ретінде сол ақындардың да мұның «Семей-
дегі топырағының» басына келіп дұға оқып тұруын қалайтындығын
айтады. Бұл өлеңнен ақынның дүние танушылық көзқарастары анық
көрінеді.
Арғыннан шыққан Тәті айтыпты деген өлең де қоштасудың осын-
дай түріне жатады. Тәті Қоқан хандығына келіп дауласып жүргенде,
оны у беріп өлтірген. Тәті өлер алдындағы қоштасуында ел-жұрты-
на арнаған «қоштасуын» жолдайды, елі-жұртымен, туған-туысымен
бақұлдасады. Оларға деген өзінің аманатын айтады:
–Менен тегіс сәлем де,
Ақ жолдың ұлы Арғынға!
Орта жүздің ішіне,
Атымды тұлдай байласын.
«Мен адаммын» дегендер,
Елдің қамын ойласын.
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Мың миллион кетсе де,
Төре алдына бармасын.
Жалынғанша зәлімге,
Ата жанын қармасын
(С.Сейфуллин.Шығармалары. 6 том, 1964,130-бет).
Достарыңызбен бөлісу: