89
жазып қалдырады. Қоштасулар өлең түрінде де, қара сөз түрінде
де бола береді. Көрнекті ақын Т.Жароковтың ауруханада жатып
жазған соңғы өлеңі – ақынның жарық дүниемен қоштасқан ақыр-
ғы сөздері. Халықтың аяулы азаматтары бұл дүниеден өткенде,
достарының, замандастарының қоштасу сөздері айтылады. Хал-
қымыздың асыл ұлдарының бірі Мұхтар Әуезов қайтыс болғанда,
ұлы жазушымен бүкіл ел болып қоштасты. Ақындар, жазушылар,
қоғам қайраткерлері жазған қоштасулар баспасөз беттерінде жа-
рияланып жүр.
1965 жылы үлкен ақындарымыздың бірі Т.Жароков қайтыс бол-
ғанда, ақын Жақан Сыздықов төмендегіше қоштасу өлеңін жазды:
– Қош бол!
Қош, Тәке!
Ер сабазым, сәр карданым,
Нақыштап қолмен соққан жыр қамалын.
Айқасып өзім тартып алар едім,
Ажалмен алысуға келмейді әлім.
Мұздай боп, тітіркеп жан, қаным ұйып,
Қалайша қолдан бердім сені қиып.
Ардагер, артық туған асыл едің,
Қалайша қара жерге кеттің сиып
(«Қазақ әдебиеті»,1965,12 нау-
рыз).
Қоштасулардың түріне түрлі себептермен қосыла алмаған
сүйіскен екі жастың бір-бірімен қоштасуын да жатқызуға бола-
ды. Т.Молдағалиевтің «Қоштасу» атты өлеңі (әні Ә.Бейсеуовтікі)
осындай тақырыпта жазылған.
Елмен, жермен қоштасу қазіргі кездерде аз да болса баспасөз
беттерінде кездесіп қалады. Қазақ ақындары шет елдерде болып,
қайтар кездерінде қоштасу өлеңдерін жазып жүр. Белгияның бір
үлкен ақыны Қазақстанда болып аттанарында Ғ.Мүсіреповке ар-
нап бүкіл қазақ елімен қоштасқан өлеңін жазды. А.Сейдімбектің
«Дәурен-айы» жастық шақпен қоштасу сияқты
Жас сәбидің іңгәлап өмірге келуі қандай қуанышты болса, адам-
ның өлгені де соншалықты қайғылы болған. Ертеден келе жатқан
салт бойынша, қазақ халқында жеке адамның, немесе бүкіл елдің
басына түскен ауыр халді естіртетін әдет болған. Біреудің туысы,
не баласы мезгілсіз өлсе, оның жанашырына естірту айтқан. Ауыр
қайғыны, қазаны бірден айтса, оның қатты соққы болып соғатыны
белгілі. Халық осы жәйттен құтылудың бірден бір амалы ретінде
сөз құдіретін, музыка тілін пайдаланған. Оның да себебі бар. Ауыр
қайғыны, күйзелісті жеңілдететін, көңілдің кірін кетіретін тек қана
өлең-жыр мен музыка сазы деп түсінген халық оған зор мән бер-
ген.
Достарыңызбен бөлісу: