Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет39/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

–Елжірейді өзегім,

Ауырады белім де...

Қаза болып көзелім,

Халым қиын менің де, –  деп, сүйікті ұлының қазасының ауыр 

батқанын айтады.



– Алатауды айналсам,

Алғадайды табам ба?

Сары арқаны сандалсам,

Саңлағымды табам ба?

Өлім деген у екен,

Мендей кәріп адамға.

Күнде үйімде күңіренем

Көзіме жас алам да.

Өлеңнің  соңында  халқы,  Отаны  үшін  арпалысып  өткен  ұлына 

ризалық көңілін білдіреді, өзіне тоқтау айтады:

– Темір өзек пенде жоқ,

Өлмес адам елде жоқ.

«Орынсыз деп өлімі»

Ондай ойлау менде жоқ 

(Ж.Жабаев. Шығармаларының толық жи-

нағы,1946,521 бет)

Қазақ халқының қадірменді ұлдарының бірі – Мұхтар Әуезов-

ке арналған реквиемді (көп дауысты азалы музыкалық шығарма) 

қазақтың хор капелласы айтып жүр. Әнін жазған – Еркеғали Рах-

мадиев. Өткен кезді жоқтау қазіргі кездерде махаббат тақырыбы-

на арналып көп айтылып жүрген өлеңдерде жиі кездеседі. Мыса-

лы,  сөзін  Н.Әлімқұлов,  әнін  Ш.Қалдаяқов  жазған  «Қайдасың?» 

өлеңінде жастық шақтың әдемі бір кезі – алғашқы махаббат сыр 

шертеді. Өлең өткен өмірдің әсем бір шақтарын, «көңіл шіркіннің» 

шарқ ұра іздеген, жоқтаған сәттерін бейнелейді. Мұндай мысал-

дарды көптеп келтіруге болады.

Календарлық  поэзия  деген  атпен  белгілі  жыл  мезгіліне  байла-

нысты өлеңдер басқа халықтардың көпшілігінде бар. Бұл, әсіресе, 

орыс  ауыз  әдебиетінде  айқын.  Қазақ  халқында  ескі  есеп  бойын-

ша, жыл басы болып есептелінген 22 наурыз күнін тойлап өткізуге 

байланысты туған «Наурыз жырлары» кеңінен тараған.

Қазақ  халқының  ертедегі  тұрмыс-тіршілігінде  наурыз  күні  зор 

құрметпен мейрамдалып өтетін. Бұл күн «Ұлыстың ұлы күні» ата-

лынған;  жұрт  жұмыс  істемеген.  Наурыз  күнін  үлкен  қуанышпен 

қарсы  алған  адамдар  бір-бірімен  ұшырасқанда,  жақсы  тілектер 

айтысқан. Бұл күні айтылатын амандасу да, тілек те арнаулы өлең-

дермен айтылған.



– Амансыз ба? Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!


95

Қайда барса, жол болсын!

Ұлыс бақытты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Бәле-жала  жерге  енсін! 

(С.Сейфуллин.  Шығармалары,6  том,  156-

бет)

Ертеде мал бағып күн көрген халықтың барлық тіршілігі ауа ра-

йына байланысты болған. Алты ай бойы қыс қыспағында қысы-

лып шыққан еңбекші халық көктемнің шығып, күннің жылынуына 

мейлінше қуанған. Әсіресе малының аман шыққанына қуанысқан. 

«Бұл күнді қазақтардың айрықша құрметтеп қарсы алу себебі сол 

кездегі  көшпелі  жағдайда  болған  тұрмысына  байланысты  еді» 

(М.Ғабдуллин. Қазқа халқының ауыз әдебиеті.1964,40-бет).

Наурыз айында мал төлдеп, ақ шығып жұрт бір жасап қалатын. 

Көктем лебі өзімен бірге тағы да жаңа міндеттерді ала келеді. Егін 

егетін жерлерде көктемгі егіске дайындық жұмыстары жүріп жа-

татын. Жұрт жаңа іске құлшына кірісіп кететін. Осының бәрі бұл 

күннің ерекше күн – еңбек мейрамы ретінде өткізілуіне негіз бол-

ған.

Наурыз өлеңдері салт өлеңдерінің ең көне түрлерінің біріне жа-



тады.  Ғалымдардың  зерттеулеріне  қарағанда,  наурыз  күнін  мей-

рамдау ислам діні қабылданбастан бұрын шыққан. 

Наурыз күні тек қазақтарда ғана емес, жыл санауы ретінде ескі 

календарды  пайдаланатын  Азияның  бірсыпыра  елдерінде  күні 

бүгінге  дейін  жаңа  жыл  мейрамы  ретінде  аталынып  өтеді.  Орта 

Азия халықтары (өзбектер, тәжіктер т.б.) бұл күнді көктем мере-

кесі, еңбек мерекесі ретінде жыл сайын өткізіп жүр. Наурыз күнін 

Орта Азия мен Қазақстанда жыл сайын өткізіп тұру туралы 1964 

жылы көкек айында Ташкент қаласында өткен философтардың ке-

ңесінде арнаулы қаулы қабылдаған болатын. 

Жоғарыда  айтып  өткеніміздей,  наурыз  мейрамы  шығу  төркіні 

жағынан халықтық сипатта болғандықтан да біздің қоғамымызға 

жат нәрсе емес. Рас, кезінде наурызды үстем таптың, діннің мей-

рамы, халыққа жат деп ұзақ жылдар бойы өткізбей келді. Шынды-

ғында  да,  шығыстық,  халықтық  жыл  санау  бойынша,  жаңа  жыл 

наурыздан, жаңа еңбек жылы көктемде мал төлдетуден, егін себу-

ден басталады емес пе?! Қазір 22-ші наурыз күнін халықтық мей-

рам ретінде атап өтіп, салтанатты жиындар өткізіліп, онда еңбек 

озаттары марапатталып түрлі ұлттық ойын-сауықтар ұйымдасты-

рылып,  ақындар айтысы өткізіліп жүр. Мұның өзінің халқымызға 

берері  мол.  Әсіресе,  ұлттық  рухта,  еңбекшілдікке  тәрбиелеу  жұ-

мыстарын  жүргізуде  –  таптырмайтын  құрал.  Әрі  халқымыздың 

ғасырлардан  ғасырларға  жалғасып  келе  жатқан  сүйікті  дәстүрін 

бүгінгі қоғамымызда жаңашылдықпен ілгері дамытқандық болып 

отыр.



96

Қазақ халқының ғасырлар бойына негізгі кәсібі мал шаруашы-

лығы болып, көшпелі тұрмыс құрып келгендігі белгілі. Сондықтан 

да қазақ ауыз әдебиетінде төрт түлікке байланысты өлеңдер көп.

Экономиканың  басқа  салалары  дамымаған  қазақ  халқы  үшін 

төрт түлік мал тіршілік тірегі болды. Өз өмірінде осындай айрқ-

ша орын алған төрт түлік малға арнап, халық шығарған неге түрлі 

өлеңдер, аңыздар бізге жеткен. Мұндай өлеңдер халық поэзиясы-

ның көне түрлерінің біріне жатады.

Қоғам  дамуының  адғашқы  кездерінде  адамдар  жаратылыс  сы-

рын түсіне бермеген. Табиғаттың әрбір құбылысына таңдана қа-

рап, үрейлене қорыққан. 

Күнделікті тұрмыс-тіршілігінде негізінде мал шаруашылығымен 

айналысқан қазақ халқы әр түлік малдың да жаратушысы, тәңірісі, 

иесі, пірі бар деп түсінген. Мысалы, қойдың пірі – Шопан ата, тү-

йенің пірі – Ойсыл қара деп білген. Төрт түлік жайлы өлеңдерде 

осы пірлерге жалбарынған:

– Шаруаның бір түлік пірі – Шопан

Келтірмей қу, пір ата, қойға топан!

Қойды аңдыған пәленің бәрі құрып,

Бықпырт тиіп үні өшсін қасықар апан... (

М.Ғабдуллин. Қазақ хал-

қының ауыз әдебиеті, хрестоматия.А.,1959,3-бет).

Осы тәріздес Жылқышы атаға, Ойсыл қараға, Зеңгі бабаға, Сек-

сек атаға арнай айтылған өлеңдер бар. Мұндай өлеңдерден халық-

тың төрт түлік малға қоятын талабы, оның қандай болуы керектігі 

жайлы арман-тілегі көрінеді.

Халық төрт түлік мал туралы небір өлеңдер, аңыздар шығарған. 

Сондай  аңыздардың  бірі  «Қазықұрт  тауы»  деп  аталынады.  Бұл 

аңызда төрт түлік малдың пайда болуы діни негізде түсіндіріледі.

Жаратылыстың  кейбір  тылсым  сырларын  түсінбеген  халық 

мал да адамдар сияқты ойлайды, сөйлейді деп түсінген. Осындай 

түсініктермен халық төрт түлік малдың айтқаны деп түрлі өлеңдер 

шығарған. Мұндай өлеңдерде халықтың көп жылдар бойына мал 

баққан тәжірибесінің нәтижесінде барып туған топшылаулары ай-

тылады.


Жастайынан мал бағып өскен қазақ халқы теңеулі сөздерді қол-

данғанда,  оны  көбіне  төрт  түлік  малға  байланыстырып  отырған. 

Мысалы, адамды атжақты, қой көзді, ботакөз деп суреттеген, ба-

лаларына Жылқыбай, Ботабек, Қойшыбек деп ат қойған. Баласын 

«ботам», «құлыным» деп еркелеткен.

Халқымыздың өткен кездердегі шаруашылық өмірінен аңшлық 

та белгілі бір орын алған. Оны тіршілік үшін керекті кәсіптің бірі 

ретінде қараумен бірге өнер ретінде де пайдаланды. Халық аңшы-

лық өнерді өте жоғары бағалаған.

Халық  арасында  Құралайды  көздеп  атқан  мерген,  құмай  тазы, 

қыран  құс  туралы  аңыз-әңгімелер,  өлең-жырлар  өте  көп.  Солар-

дың  кейбіреулерінде  аңшылар  өзінің  мергендігімен,  батылдығы-




97

мен бүкіл бір ауылды аң етімен асырап жүргендігі де айтылады. 

Аң аулау оңай өнер емес. Арыстанмен арпалысып, жолбарыспен 

жағаласқан батыл азаматтарды халық құрметтеген, ол туралы аң-

шылық өлең-жырлар тудырған. 

Ел  арасына  көп  тараған  әңгіме-жырдың  бірі  –  «Көкжендет». 

Көкжендет – қыран құстың аты.

– Көкжендет, тұғыры алтын, жібек баулы,

Бар ма екен көкжендеттей қыран жаулы?

Күніне отыз үйрек, қырық қаз іліп,

Кеш болса, отырушы ең тояттаулы.

Осындай алғыр құсынан саятшы айрылып қалған. Сүйікті құсы-

на арнап иесі өлең шығарған.

Аңшылық  өнеріне  байланысты  ауыз  әдебиетінде  әдемі  тұрақ-

ты сөз тіркестері көп кездседі. Батырлардың бейнесін жасағанда, 

«арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» деген сияқты сөз-

дер  жиі  қолданылады.  Сұлуды  теңегенде,  «тотыдайын  таранған, 

сұңқардайын сыланған» дейді, немесе, аққу құсқа теңейді. Халық 

ұғымында аққу – әсемдіктің, сұлулықтың символы. Қу адамдарды 

түлкіге теңесе, бос, епетейсіз, дөрекі адамдарды аюға теңеген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет