«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет77/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   208
Байланысты:
6-2018

Ключевые 
слова: 
доказательства, 
доказать, 
данные, 
обстоятельства, 
производства по делам об административных правонарушениях. 
 
This  article  describes  the  concept  of  evidence  in  the  administrative  proceedings  and  the 
main  elements  of evidence. It  also  discusses areas  of improvement  of  administrative  legislation in 
the Messages and programs of the Head of State N.A. Nazarbayev. 
Key words: evidence, prove, data, circumstances, proceedings on administrative offenses. 
 
Жалпы,  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  істерді  жүргізу  –  бұл  мемлекеттік 
органдардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға бағытталған және қажетті 
жағдайларда  әкімшілік  жазаларды  қолданатын  әкімшілік-процессуалдық  нормалармен 
реттелген  қызметі  болып  табылады.  ҚР  ӘҚБтК-нің  737-бабына  сай,  әкімшілік  құқық 
бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің негізгі міндеттері болып: 
1)  әрбiр  iстiң  мән-жайларын  уақтылы,  жан-жақты,  толық  және  объективтi  анықтау, 
оны осы Кодекске сәйкес шешу
2)  іс  жүргізуге  қатысушылардың  құқықтары  мен  міндеттерінің  іске  асырылуын 
қамтамасыз ету; 
3)  әкiмшiлiк  құқық  бұзушылықтар  жасауға  ықпал  еткен  себептер  мен  жағдайларды 
анықтау; 
4)  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  іс  бойынша  қаулының,  айыппұл  төлеу 
қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуын қамтамасыз ету табылады. 
Аталған  әкімшілік  іс  жүргізу  міндеттерін  шешу  дәлелдемелер  арқылы  жүзеге 
асырылады, ол өзіне мыналарды қамтиды: дәлелдемелерді табу, процессуалдық түрде бекіту 
және зерттеу.  
ҚР  ӘҚБтК-нің  765-бабына  сай,  дәлелдемелер  болып  жүргізуінде  әкiмшiлiк  құқық 
бұзушылық  туралы  іс  жатқан  судьяның  немесе  органның  (лауазымды  адамның)  осы 
Кодексте  белгiленген  тәртiппен  әкiмшiлiк  құқық  бұзушылық  құрамының  барлық  белгілері 
бар  іс-әрекеттің  болғанын  немесе  болмағанын,  өзіне  қатысты  әкімшілік  құқық  бұзушылық 
туралы  іс  бойынша  іс  жүргізіліп  жатқан  тұлғаның  осы  іс-әрекетті  жасағанын  немесе 
жасамағанын,  осы  тұлғаның  кiнәлiлiгiн  не  кінәсіздігін  анықтауына  негіз  болатын  заңды 


 
61 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
түрде алынған нақты деректер, сондай-ақ iстiң дұрыс шешiлуi үшiн маңызы бар өзге де мән-
жайлар  табылады.  Дәлелдемелерді  қолдану  тек  заңмен  реттелетін  тәртіпте  және  сенімді 
дереккөзінен  алынса  ғана  іс  жүргізуде  қолданылады  және  әрбір  істің  мән-жайларын  дер 
кезінде,  жан-жақты  толық  және  объективті  түрде  анықтауда  маңызы  бар.  Дәлелдемелер 
болып  саналатын  нақты  деректер  әкiмшiлiк  жауаптылыққа  тартылатын  тұлғаның 
түсiнiктемелерiмен;  жәбiрленушiнiң,  куәлардың  айғақтарымен;  сарапшының,  маманның 
қорытындыларымен және айғақтарымен; заттай дәлелдемелермен; өзге де құжаттармен; осы 
Кодексте  көзделген  әкiмшiлiк  құқық  бұзушылық  туралы  хаттамалармен  және  процестік 
әрекеттердің  хаттамаларымен  анықталады.  Сондай-ақ,  дәлелдемелер  ретінде  ғылыми-
техникалық  құралдарды  пайдалану  кезінде  алынған  деректер  де  пайдаланылуы  мүмкін.  Ал 
дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деректерге: 
-зорлық-зомбылық  жасап,  қорқытып,  алдап,  сол  сияқты  өзге  де  заңсыз  әрекеттер 
қолданып; 
-процеске  қатысатын  адамның  өз  құқықтары  мен  мiндеттерiне  қатысты  оған 
түсiндiрмеу,  толық  емес  немесе  дұрыс  емес  түсiндiру  салдарынан  туындаған  шатасуын 
пайдаланып; 
-осы іс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның процестік әрекеттi 
жүргізуіне байланысты; 
-қарсылық бiлдiруге жататын адамның процестік әрекетке қатысуына байланысты; 
-процестік әрекеттi жүргізу тәртiбiн бұза отырып; 
-белгiсiз көзден; 
-дәлелдеу  барысында  қазіргі  заманғы  ғылыми  бiлiмге  қайшы  келетiн  әдiстердi 
қолданып, осы Кодекстiң талаптарын бұза отырып алынған деректер жатады. 
Нақты  деректердi  дәлелдемелер  ретiнде  пайдалануға  жол  беруге  болмайтынын 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiп жатқан судья  немесе орган өз 
бастамашылығымен немесе процеске қатысушылардың өтiнiш хаты бойынша белгілейді.  
Жоғарыда аталған дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деректерге қарамастан, егер 
тиiстi  бұзушылықтар  мен  оларға  жол  берген  тұлғалардың  кiнәлiлiгi  фактiсiн  қоспағанда, 
заңды бұза отырып алынған дәлелдемелердiң заңдық күшi жоқ деп танылады және оларды iс 
бойынша  шешiмнiң  негiзiне  алуға,  сондай-ақ  iс  бойынша  кез  келген  мән-жайды  дәлелдеу 
кезiнде пайдалануға болмайды. Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелер заңдық күші жоқ 
деп танылады. 
Жалпы алғанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша дәлелдеуге жататын 
мән-жайларға: 
-әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасы және осы Кодексте көзделген оның құрамының 
белгілері; 
-осы  Кодексте  әкiмшiлiк  жауаптылық  көзделген,  құқыққа  қарсы  іс-әрекет  (әрекет  не 
әрекетсіздік) жасаған тұлға
-жеке тұлғаның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға кiнәлiлiгi
-әкiмшiлiк жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар; 
-әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтірілген залалдың сипаты мен мөлшерi
-әкiмшiлiк жауаптылықтан босатуға алып келетiн мән-жайлар; 
-әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар, сондай-ақ 
iстiң дұрыс шешiлуi үшiн маңызы бар өзге де мән-жайлар жатады. 
Дәлелдемелердi  әкiмшiлiк  iс  жүргiзудің  тараптары  және  басқа  да  қатысушылары 
ұсына алады. Егер ұсынылған дәлелдемелер жеткiлiксiз болса, iстi қарап жатқан сот не орган 
процеске қатысушыларға қосымша дәлелдемелер ұсынуды не оларды өз бастамашылығымен 
жинауды ұсынуы мүмкiн. 
Ал  енді  дәлелдеуден  босатудың  негіздеріне  тоқталып  өтейік.  Жалпы,  сот,  әкiмшiлiк 
құқық  бұзушылықты  қарауға  уәкiлеттiк  берілген  орган  (лауазымды  адам)  жалпыға  бiрдей 
белгiлi  деп  таныған  мән-жайлар  дәлелдеудi  қажет  етпейдi.  Сонымен  қатар,  азаматтық  iс 
бойынша соттың күшiне енген шешiмiмен немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы өзге iс 


 
62 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет