Геоморфология



Pdf көрінісі
бет14/22
Дата06.01.2022
өлшемі241,31 Kb.
#11704
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Террикон ( фр. terri   -   тау   жыпыстарының   үйіндісі,   conique   —   конусты )

— шахтанемесе 

кеніш 

оқпаны 


жапындағы жер 

бетіндегі бос 

тау

жыпыстарының конус тәріздес  үйіндісі.  Террикон  көлемі  бірнеше  ондаған  миллион  м



3

-ге,


биіктігі  100  м  және  одан  жоғары,  аумағы  ондаған  гектрарға  жетеді.  Әдетте,  террикон  ұлы

жыныстардан  тұрады.  Террикон  төбесінің  басына  тау  жыныстары  рельс  жолы  бойымен,

скиптермен немесе аудармалы вагоншалармен жеткізіледі.

Шахта (нем.   Schacht,   Schaft   —  дің,  оқпан)   —  жер  астынан  пайдалы  кен  қазу

жұмыстарын  жүзеге  асыратын  тау-кен  кәсіпорны.  Ол  жер  астындағы  кен  қазбасынан  және

жер  үстіндегі  құрылыстардан  (копер,  Шахта  үсті  үйі,  қойма,  әкімшілік-тұрмыс  ғимараты,

т.б.)  құралады.  Қазып  алынатын  кеннің  мөлшеріне  қарай  орташа  Шахтаның  жылдық




өнімділігі  2 — 3  млн.  тоннға,  ал  ірі  Шахталардың  жылдық  өнімділігі  8 — 10  млн  тоннға

дейін  жетеді.  Шахтада  бірнеше  мыңға  дейін  жұмысшылар  мен инженерлержұмыс  істейді.

Сирек металдар мен алтын өндірісіндегі Шахталардың қуаты шағын (жылдық өнімділігі 150

— 200 мың т) болады. Шахтаның тереңдігі кеннің орналасу қалпына (жатысына) және оның

құндылығына байланысты. Қазіргі Шахталардың орташа тереңділігі 1000 метрдей, ең терең

Шахта Африка мен Үндістанда С-қа  өседі  де,  қазбаны  таза  ауамен  қамтамасыз  ету

қиындайтындықтан  арнайы  қондырғы  қолданылады  .  Сонымен  қатар  кендегі  тау

жыныстарының  ішкі  қысымының  өзгеруінен  қауіп  тудыратын  әр  түрлі  құбылыстар  (кен

дүмпуі, кен қопарылуы, т.б.) пайда болады. Шахта ішінде кен қазу, тас (3,5 — 3,8 км). Шахта

неғұрлым  тереңдеген  сайын  жер  асты  жұмыстары  қиындай  түседі.  Әрбір  25   —   30  м

тереңдікте  ауаның  температурасы  1көмір қабатын  бұзу,  кенді  тиеу,  тасу  және  жұмыс

қауіпсіздігін сақтау үшін тіреулер орнату, т.б. жұмыстарды машина атқарады . Ірі Шахтадың

арнаулы темір жолы, құрал-жабдық жасайтын шеберханалары, т.б. болады.

Карьер (французша  carrіere –  тас  алынатын  шұңқыр) –  кен  байлықтарын  ашық  кен

өндіру  әдісімен  алу  кезінде  пайда  болатын  тау-кен  қазбаларының  жиынтығы;  кен

байлықтарын ашық әдіспен өндіретін тау-кен кәсіпорны.

Көмір өндірісінде карьер көмір қимасы деп аталады.

Ашық әдіспен кен өндіру палеолит дәуірінен белгілі. Ең алғашқы ірі карьерлережелгі

Египетте пирамидалар салуға байланысты пайда болған.

Ауданы бірнеше км² , тереңд. 300 – 400 м-ге жететін, қабырғалары көлбей сатыланған

өте үлкен шұңқыр түрінде қазылған.

Кен қалыңдығы 10 – 20 м-лік қабаттармен сатылап қазылып алынды.

Қазіргі   карьерлерде   жұмыс   өнімділігі   жоғары   машиналар   мен   механизмдер   жұмыс

істейді.   Қопару   ұңғыларын   бұрғылау   үшін   бұрғылау   қондырғылары   қолданылады.   Аршу,

өндіру жұмыстарында кентас, бос жыныстарды тасымалдау үшін жүк көтергіштігі 100 – 300

т карьерлік автокөліктер пайдаланылады. Сондай-ақ, электрлендіру, желдету, судан құрғату

жұмыстары жүргізіледі.

Қазақстанда   аса   ірі Қоңырат, Соколов-Сарыбай кен   орындарында,   Екібастұзда

(мысалы, «Богатырь» көмір қимасы) көптеген карьерлер бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет