Т Тарих - (өткен туралы әңгіме) - 1) Табиғат пен қоғам дамуының процесі;
2) адамзат дамуың, оның көпжақтылығын қоғамдық, арнайы және қосалқы
ғылымдарының'
мағлұматтарын
пайдаланып,
тарихи
процестердің
заңдылықтарын анықтай отырып зерттейтін қоғамдық ғылымдар кешені.
Тәлім алушы - тәлімгердің қамқорлығындағы тұлға.
Тәлімгер (көне грек. Μέντωρ) - өз еркімен жүйелі түрде ұзақ уақыт бойы өзінің
білімі мен тәжірибесін тәжірибесі аздау субъектімен – тәлім алушымен
бөлісуге дайын жетекші, мұғалім, басшы. Бұның нәтижесінде тәлім алушы
өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, еңбек жолында айтулы өзгерістерге
қол жеткізу мақсатында проблемаларды шешу жолдарын іздейді.