логикалық қорытынды деп
атайды.
Қорытынды Мәліметтерді интерпретациялау негізінде қорытынды жасалады, ол бағалауды көздейді.
Бұл кезеңде бағалау үдерісі түрлі мақсаттарға және алынған ақпарат қолданылатын міндеттерге
байланысты әртүрлі нысанда жүруі мүмкін.
Оқуды бағалау Оқу үшін бағалауға қарағанда, оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі
уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға
үлес қосуға бағытталмаған, оның үстіне ұлттық бірыңғай тестілеу сияқты маңызды мәні бар
тестілеу оқу үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін (Assessment Reform Group, 2002b). Оқуды
бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бірдей жастағы
оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды
жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе әдетте балл немесе деңгей түрінде
келтірілген межелікке «сәйкес/сәйкес емес» деген нысанда жасалады.