68 Оқу үшін бағалау Оқу үшін бағалау кезінде қолданылатын қадағалау, интерпретация және өлшемдер
оқуды бағалау кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын
қорытынды мен шешім басқа сипатта болады. Негізінен, ОүБ балалар оқу үдерісінің қандай
кезеңінде екені, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай
екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аудартады. Осылайша, ОүБ қорытындысы
бұдан әрі дамыту үшін олардың не істеуі мүмкін екендігіне негізделген.