97
жұмыс тәжірибесі бар, тиісті дайындықтан өткен мұғалімдер арнайы шақырылуы мүмкін.
Зерттеу барысында барлық топ мүшелері толық көлемде және бірдей дәрежеде үдеріске
тартылады. Тек бір мұғалім ғана сабақ беретіндігіне қарамастан, зерттеу үшін бүкіл топ
өзіне жауапкершілік алады және оқыту мен сабаққа берілген кез келген баға жеке мұғалімге
емес, тұтастай барлық топтың жұмысына қатысты беріледі. Сабақты зерттеу тәсілінің тағы
бір демократиялық ерекшелігі мынада, мұғалім зерттеу барысында жинақтаған білімімен
педагог қауыммен кеңінен бөлісе алады. жапонияда мұғалімдердің тәжірибесін қолдауға және
зерттеулердің жеке топтамаларын дайындауға көмегін тигізу үшін Сабақты зерттеу нәтижелері
жүйелі түрде жарияланып тұрады. Сабақты зерттеу топтары сондай-ақ әріптестеріне арнап
оқытудың жаңа тәсілдерін немесе оқу бағдарламаларының аспектілерін модельдейді, бұнымен
қоса жүргізілген зерттеулер туралы көпшілік талқысын ұйымдастырады. жапонияда Сабақты
зерттеу тәсілі бүкіл мектептің қызметін үйлесімді етуге ықпал ету жолындағы құндылықтар
жүйесі, сапалық көрсеткіштер және оқушылардың жеке қасиеттері тұрғысынан бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: