Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Мұғалім білім алып, оқыту мен оқу тәжірибесін



Pdf көрінісі
бет183/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   508
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУПС

Мұғалім білім алып, оқыту мен оқу тәжірибесін 
дамытуға арналған құралдар
27-сурет. Сабақты зерттеу, іс-әрекеттегі зерттеу мен кейс стадиді қамтитын мұғалімнің 
зерттеу (Keith Taber, University of Cambridge) 


95
Бұл тарауды білім беру порталында (www.cpm.kz) орналастырылған «Іс-әрекеттегі зерттеу» 
және «Сабақты зерттеу» туралы нұсқаулықтармен бірге оқуды ұсынамыз.
Іс-әрекеттегі зерттеу
Мектеп  базасында  жүзеге  асырылатын  іс-әрекеттегі  зерттеу  үдерісі  арқылы  практик-
мамандар мектеп проблемаларын қарастырып, оларға жан-жақты жауап беру мүмкіндігіне ие 
болады. Бұл – «мектептегі шара» немесе «мектеп туралы ақпарат» қана емес, ол, ең алдымен, 
«мектеп  үшін»  жүргізілетін  зерттеу  шарасы.  Осыған  қарап,  мұғалімнің  міндеті  өзінің  жеке 
тәжірибесін  түсіну  және  жетілдірумен  қатар,  өзіндік  рефлексиялық  зерттеу  үдерісіне 
қызығушылықпен тартылуы, ұмтылуы деп айта аламыз. Іс-әрекеттегі зерттеуге қатысушылар 
оқу бағдарламасын өзгертуге, мектепте қолданылатын тәжірибеге қатысты дау айтуға және 
проблема  қою,  деректер  жинау,  талдау  және  әрекет  ету  жөніндегі  үздіксіз  үдерістермен 
айналысуға бағытталады, сол арқылы әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізу жұмыстарына ден 
қояды.
Кэммис бұл идеяны ары қарай дамыта отырып, оны жетілдіре түседі:
«Іс-әрекеттегі зерттеу адамдардың тәжірибесін, тәжірибе туралы түсінігін және тәжірибе 
жүргізілетін  жағдайды  түсінуін  өзгертеді.  Ол  жаңа  үлгілерді  –  жаңа  өмірлік  бағыттарды 
қалыптастыра отырып, «сөйлеу», «тәжірибе» санаттарының мазмұнын өзгертеді. Бұл тәжірибе 
– басқа тәжірибелерді өзгертетін мета тәжірибе. Метатәжірибе өз кезегінде басқа тәжірибелер 
қалыптастыратын  дәйектерді,  әрекеттер  мен  байланыстарды  өзгертеді»  (Kemmis,  2007). 
Басқаша  айтқанда,  тәжірибені  өзгерту  –  бұл  істеп  жатқан  ісімізді  өзгерту,  түсінікті  өзгерту 
–  бұл  біз  қалай  ойлайтынымызды  өзгерту,  жағдайды  өзгерту  -  бір-бірімізге  деген  қарым-
қатынасымызды өзгерту дегенді білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет