Мұғалімдер үшін көшбасшылықтың маңызы Мұғалім үшін оқыту мен оқудағы көшбасшылықтың бірнеше мәні бар:
• мұғалім өзінің оқыту және оқу үдерістерін түсінуін нақтылауға мән беруі;
• оқыту және оқу үдерістерін әріптестерімен талқылауға мүмкіндік беру;
• ересектерді де, балаларды да оқыту үшін барынша қолайлы жағдай жасау арқылы
жоғары мәдениетті оқу ортасын орнату;
• оқудың қажетті ауқымын стандартты жетілдірумен шектемей, одан әрі кеңейту;
• оқушылардың оқу үдерісіне тартылуы;
• әріптестерді кәсіби дамыту үшін барлық мұғалімдердің әлеуеттерін бөлуге
болатындығына сенімді болу;
• оқыту мен оқу үдерістеріне әлеуметті, ата-аналар мен тиісті мүдделі адамдарды тарту.
Мұғалiмдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексияны, жоспар құруды, кеңес
беруді біртіндеп жүзеге асыру арқылы қолдау таба алады. алғашқы қадам – әрбір ұстаз үшін
маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау. Келесі қадам –
өзгеріс енгізу туралы әріптестерінің кеңестері. Ол басымдықтарды белгілеп, іс-шараларды
келiсу бойынша атқарылған жұмыстардан соң мектептегі мәжiлiсте қаралып, мақұлдануы
мүмкін. Мақұлданған соң мұғалім өзінің мәселесі бойынша нақты жоспар құра бастайды.
Бұл жоспар жүзеге асатындай және оның құрамына кіретін әрбір әлеуетті қатысушы оны
талқылай алатындай болу керек. егер бұл келісу мен кеңесу үдерісі тиімді болса, онда дамыту
жұмысы да жоспар бойынша жүзеге асырылады. Дегенмен мұндай жұмыс мектеп әкімшілігі
тарапынан ұйымдастырылып, қолдау көрсетілгені маңызды. Ол үшін мектеп әкімшілігі мектеп
құрылымы мен дамытудың басымдықтарын қайта қарастыруы қажет, себебі олардың кеңесі
мен жетекшілігі өте маңызды.
Бұл үдеріс жалпы түрде төмендегідей
кезеңдерде айқындалады.
1-кезең. Құндылықтарды анықтау.
2-кезең. Кәсіби міндеттерді анықтау.
3-кезең. Дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер.
4-кезең. атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру.
5-кезең. атқарылатын жұмыстардың жоспарын құруға арналған келісім мен кеңестер.
6-кезең. Зерттеуге негiзделген көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс.
7-кезең. Кәсiби бiлiмдердiң дамуына жәрдемдесуге ықпал ететін кәсіби қоғамдастықтағы
жұмыс.
Дамытудағы көшбасшылық мектепте жаңа білімді қалыптастырады, дегенмен мектептен
тыс жерде алынған жаңа білімдерді беру де мұғалімнің өз мектебіне орасан зор пайдасын
тигізеді.