Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. письменным памятникам. ...скифская эпоха в казахстанских степях была ознаменована такими
шедеврами артистического мастерства, связанными с мифологией и пантеоном саков, представления
о которых могут дать только специальные работы» [4, 47 б.] – деп, сақтар қоғамындағы рухани
құндылықтарды танып, талдаудың жолын көрсетеді.
Түркология ілімінің негізін қалаған В.Томсен, В.В.Радлов,Х.Н.Орхун,Ю.Немет, С.Е.Малов
сияқты ғұламалар жалпы түркі әлемінің рухани құндылықтарын бөліп-жармай біртұтас алып,
ғылыми-салыстырмалы әдістерді өте оңтайлы қолданды. Алайда, кеңестік идеологияның бір ұлттың
ғана қолайына тиімді қасаң, әрі қияли теориясының салдарынан бұл тұтастық тек лингвистикалық
зерттеулерде ғана сақталып, әдебиет, тарих, археология, этнография ғылымдарындағы зерттеулер
мен ізденістерде түркілік біртектіліктен алшақтап кетті. Бұл кемшіліктің орнын өз зерттеулерінде
Л.Гумилев толтыра алды.
Соңғы жылдардағы әдебиеттану ғылымындағы әдеби дәстүр жалғастығы, көркемдік ойлау
тұтастығы тұрғысынан типологиялық, поэтикалық зерттеулер арнасын түркілік мұраларға бұрып,
контексті-реконструктивтік әдістер мен семиотикалық тәсілдерге жүгіне отырып тұтастай талдаулар
жасау үрдісі өз жемісін беруде. Әр түрлі тарихи зобалаңдар мен аласапыран дәуірлерді басынан
өткеріп, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, дүниетанымы тамырлас түбі бір түркі халықтары бір бірінен
айтарлықтай алыстап кеткенімен, олардың этностық қалыптасуының бір екендігіне айғақ, дәлел
болатын ерекшеліктер бар. Оның біріншісі – ортақ тіл. Бұл әлі де жан-жақты зерттеуді талап ететін
мәселе болғанымен, ғылыми дәлелденген тұжырым. Екіншісі, бүгінгі түркі халықтарының этникалық
негізінің бірлігіне айғақ бола алатын әдеби, фольклорлық мұралар.
Бұл жәдігерліктердің ілкі бастауларына түркілердің ата-бабасы саналатын сақтар мен ғұндардың
батырлық дастандары жатады. Біздің дәуірімізден бұрынғы бірінші мыңжылдықта өмір сүрген бұл
ежелгі халықтардың өзі кемерлер, массагеттер, дахтар, асылар деген сияқты тайпалардан
құралғандығы тарихтан белгілі. Табиғат күштеріне, Аспан мен Күнге (Тәңір), Жер-Суға сыйынатын,
көшпелі өмір салтын ұстанып, мал шаруашылығымен айналысатын, өнер атаулыдан сөз өнері мен
соғыс өнерін бәрінен артық қойып, әрі жетік меңгерген бұлар қазіргі Қазақстан мен Орта Азия,
Шығыс Түркістан жерлерін мекендеген екен. Жаңа дүниедегі тарихтың атасы саналатын Геродоттың
жазбаларында «массагеттер» деп аталатын сақ тайпаларының әлеуметтік құрылымы, әскери әлеуеті,
шаруашылық құралдары мен мыс пен алтынды әшекей мен қару-жарақ жасауда пайдалану өнері
туралы жазады [5, 113-114 б.].
Тарихта белгілі болғандай осы тайпалық бірлестіктердің негізінде Түрік қағанаты құрылады. Бұл
алып мемлекеттің тарихы, халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, наным-сенімі, билеушілері мен
жалпы рухани әлемі туралы туралы бірден бір ақпарат көзі әрине, тасқа жазылған дастандар болып
табылады. Көлемі шағын, екі-үш жолдан аспайтын көптеген ескерткіштерді айтпағанда «Күлтегін»,
«Тоны көк», «Білге қаған» сияқты үлкен жырларда сол дәуірдің барша шындығы суреттелген.
«Биікте көк аспан жаралғанда.... Бұл Ұлы даладағы жаңа дәуірдің, түркі тайпаларының үстемдігі
мен олардың мемлекеті мен тілі дәуірінің басталғандығын паш ететін сол замандағы түркілердің ең
үлкен жазба ескерткіші – қағандар әулетінің негізін салушы ұлы батыр Күлтегін жырының басы.
Қазақ халқының шығу тарихы мен оның рухани құндылықтарының генезисін зерттеген ғалымдар
міндетті түрде сақтар мен гүндер, көне түркілер сияқты ежелгі тайпалар тарихына сүйенеді. Олардың
негізгі дені «...это не история Казахстана, но история предков казахского народа, той их части, внутри
которой сформировались облик и язык казахских племен средневековья и современных казахов, их
этнические и психологические стереотипы, многие элементы быта и народных обычаев» [4, 53 б.] –
деп, бұл көне тайпалық одақтар мен мемлекеттерді құраған халықтардың тілі мен мәдениеті қазақ
халқына тікелей қатысы барын айтады.
ҮІ ғ. жазбаша хатқа түскен және түркілік этногездің ерте кезеңінен хабар беретін түркілердің
алғашқы фольклолық ескерткіші ашина тайпасының пайда болуы мен оның сол кезде құрылған
тайпалық одаққа үстемдігін баяндайтын генеологиялық аңыз болып табылады. Мәселен, қазақтың
Алаша хан туралы аңызы мен Найман ата туралы аңыздарының сюжеттік желісіндегі баяндаулар
айырмашылығы болмаса, негізгі идея, түпкі ой көне түркілік аңызбен төркіндес. Сондай-ақ, ежелгі
«Ергенекон» дастанындағы көпшілікке қарата айтылатын «арнау» үлгісі кейінірек «Күлтегін», одан
кейінірек «Қорқыт ата жырларында» жалғасын тауып, қазақтың батырлық жырларында (Ер Қосай, Ер
Тарғын т.б.), біздің дәуірдегі жазба әдебиетте дәстүр болып, өзіндік көркемдік түр тапты.
Қазақ әдебиетінің шығу тарихын қарастырғанда ежелден қалыптасқан көркемдік ойдағы дәстүр
жалғастығын негізге алған абзал. Көненің асыл мұрасын талдап, тану белгілі бір халықтың ғана емес,
102
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. «Ежелгі дәуір әдебиеті мұраларына арналған зерттеулер ұлттық сөз өнері туындыларын және әлем
өркениеті мұраларын өзара сабақтастық, үндестік арасында қарастыра отырып, жалпы адамзатқа
ортақ көркемдік ойлау әлемін жүйелейді [6, 132 б.]
1 Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. –Алматы: Атамұра, 2005. –336 б. 2 Гумилев Л. Көне түріктер. –Алматы: Ана тілі, 1994. –310 б. 3 Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера земли. – М., Айрис – Пресс: 2014. – 560 ст. 4 Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячилетий. – Алматы:Рауан, 1992. – 380 ст. 5 Қазақ қолжазбалары:Ежелгі грек, көне қытай жазбаларындағы түркілік әдеби үлгілер. – Алматы: «Ел-шежіре» ҚҚ, 2011. – 448 б. 6 Есіркепова Г.Е. Әдебиет тарихындағы көркемдік дәстүр жалғастығы. Абай ат. ҚазҰПУ Хабаршысы, №1 (51), 2015. – 257 б.