Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет190/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   375
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. 
деген  жыр  жолдарымен  өзектес  [4,  136-б.].  Қысқасы,  мансапқорлық,  өркөкіректік,  билікке 
таласып,  ардан  аттап  өту  сияқты  әрекеттер  асқынып  кетсе  түбі  апатқа  ұшырататыны  сөзсіз.  Біздің 
халқымыздың  «Түсі  жылыдан  –  түңілме»  деген  аталы  сөзі  бар,  әрине  бекерден-бекер  айтылмаса 
керек. Негізінде, адамның қандай деңгейдегі кісі екенін оның сөйлеген сөзінен, атқарған ісіне қарап 
білуге болатын сияқты. Ал дана, кемеңгер адамдардың кемел, тау тұлғасын оның артында қалдырған 
рухани мұраларына, өмірге енгізген керемет жаңалығына қарап бағалауға болады. Былайынша,  бір 
кезеңдерде  жұрт  аузында  жамырай  айтылатын  данышпан  ретінде  даңғазалай  мадақтау  бұл  өтпелі 
марапаттың көрінісі. Абай Құнанбайұлының «Төртінші сөз» атты ғақылиясын оқығаннан кейін сол 
туындыға өз әлімізше пайымдау білдіруге дәрменім жетпегендей ұзақ уақыт үнсіз отырып қалдым. 
Сол  сәтте  Қытай  халқының  кемеңгері  Конфуцзы  Лао-цзымен    алғашқы  кездесуінен  кейін  аңыз 
бойынша үш күн бойы сөйлемей қойғаны еске түсті. [4, 100-б.]. Лао-цзы Конфуцзыдан жасы үлкен, 
нақты  деректе  солай  көрсетілген.  Байқасақ,  Конфуцзы  Лао-цзы  жасаған  Дао  философиясының 
тұңғиығына сүңгіп, өзінше талдау жасап, ұзақ уақыт іштей толғанып, терең ойға батқан екен ғой. 
Абай Құнанбайұлының «Төртінші сөз» атты шығармасы да өмірдің сан-алуан көріністері жайлы 
терең  толғаныстан  туындаған.  Мұның  көлемі  де  шағын,  зейін  қоя  оқып,  көңіл  дәптеріне  түсіріп, 
сақтап  қоюға  ыңғайлы.  Соған  орай  оқырманға  түсінікті  болуы  үшін  осы  дүниені  сәл  ықшамдап 
назарға ұсынайық. Онда: «Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі мастық екенін, әрбір мас кісіден 
ғафил  көп  өтетұғынын  да,  әрбір  мастың  сөйлеген  сөзінде  бас  ауыртатұғынын.  Бұлай  болғанда, 
күлкіге  салынған  кісі  не  шаруадан,  не  ақылдан,  не  бір  ұят  көрерлік  істен  құр,  ғафил  көп  өткізіп 
отырса  керек.Осындай  ғафилдік  көп  өткізіп,  өлмеген  кісінің  не  дүниеде,  не  ахиретте  басы  бір 
ауырмай қалмаса керек. Әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ахирет шаруасына 
өзгеден жинақырақ болса керек. Әрбір жинақылықтың түбі кәніш болса керек. Енді олай болғанда, 
үнемі уайым-қайғымен жүре аламыз ба? Үнемі күлмей жүруге жан шыдай ма екен? Жоқ, мен үнемі 
уайым-қайғыменен  бол  демеймін.  Уайым-қайғысыздығыңа  уайым-қайғы  қыл  дағы,  сол  уайым-
қайғысыздықтан құтыларлық орынды харекет табу керек, һәм қылу керек. Әрбір орынды харекет өзі 
де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды харекетпен азайт! Шығар есігін 
таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де – бір антұрғандық. Және 
әрбір жаман кісінің қылығына күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл, ызалы күлкі – 
өзі  де  қайғы.    Адам  баласы  жылап  туады,  кейіп  өледі.  Екі  ортада,  бұ  дүниенің  рахатының  қайда 
екенін  білмей,  бірін-бірі  аңдып,  біріне-бірі  мақтанып,  есіл  өмірді  ескерусіз,  босқа,  жарамсыз 
қылықпен,  қор  етіп  өткізеді  де,  таусылған  күнде  бір  күндік  өмірді  бар  малына  сатып  алуға  таба 
алмайды. Қулық-сұмдық, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ–өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сыйынып, 
екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды», – деп 
баяндалған [1, 178-б.]. Осы туындыдағы Зафил – бейқам,  олақ, алаңғайыр; Кәніш – іс-әрекет, жұмыс 
әрекет; харекет – әрекет іс; Ғибрат – өнеге, үлгі дегенді білдіреді. 
Ақиқатты білдірсек, осы шағын ғана шығарманың әрбір жолы терең ойға, философиялық толғам, 
пайымдауға,  саналы  жүрекке  шөліркей  сіңіп  кетерлік  тозбайтын  ғибратқа  құрылған.  Соған  сәйкес, 
бұл  туындының  алғашқы  бастауынан  бері  қарай  әр  сөзіне  терең  үңіліп,  әліміз  жеткенше  талдау 
жасауға  тырысайық.  Осы  шығарманың  алғашқы  жолында  автор:  «күлкі  өзі  бір  мастық  екенін» 
оқырман  алдына  тартады.  Шығармадағы  ұсынбақ  ойдың  төркініне  үңілсек,  мұнда  күлкіні  –  мас 
адамның  сандырақ,  мылжың  сөзіне  теңейді.  Дана  Абайдың  осы  шығармасы  оның  «Жігіттер,  ойын 
арзан,  күлкі  қымбат»  деген  өлеңімен  сарындас.  Оған  мына  жырдағы:  Жігіттер,  ойын  арзан,  күлкі 
қымбат, 
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. 
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік 
Ер табылса жарайды, қылса сұхбат,– 
деген өлең шумағы дәлел [1, 99-б.]. Осы туындыда  «Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік» деп, 
қара сөзбен жазылған туындыдағы ұсынған астарлы ойға түйіндей жауап қайтарылған. Сол «Күлкі» 
деген  сөздің ар жағында  ой,  ақыл,  парасат,  ар-ұятты  онша  ескермейтін  алаңғасар пенденің бейнесі 
тұр. Сондай, әншейін бейқам тірі жүрген адамның екі дүниеде де қор болып өтетінін  автор ымдайды. 
Бұл шығармада дін қағидасы бойынша әлгіндей адам о дүниеде де азапқа түсетінін еске салады, оның 
жарық дүниедегі сиқы анау ғой. Мұнан әрі шығармада «Әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние 
шаруасына, не ахирет шаруасына өзгеден жинақырақ болса керек» деген сөз бар. Ойлы адам алдына 
мақсат  пен  міндет  қояды,  соған жету  оңай  емес. Сондықтан  ол іштей  толғанып, жолы болмаса, ісі 
бітпесе  уайымға  батады.  Ақын  Абай  айтқандай,  ондай  жан  өмірге  сергек,  ойлы  көзбен  қарап,  екі 
108
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет