(«Мен даланыңқызыедім», 233-б.). Немесе,
Астарсыз сөз – жайдақ су,
жайдақ суды құмжұтар.
Жайдақсөзді сын жұтар.
Ақылды адам – асыл дән, Қай тереңде жатса да,
тамыр салар тасқа да. Асыл сөзге құлақ сал,
Тасқындардан құтқарар Тылсымдарға кілт табар. Ақылдыға құлақ сал –
Сөзін сөйле түңіл ме,
Серік болар сенімді,
Сақтап қалар түбінде
сеңнен-селден жеріңді, сергелдеңнен еліңді.
(«Астар сызсөз – жайдақ су», 35-б.)
Ақынның ең басты қасиетті парызы туған халқының ұлылығын жырлау, ұлық мінезді көрсету.
Мұндайда ақынға биік мәдениет, терең білім, білік керек. Ф.Оңғарсынова күнделікті күйкі тіршілік
төңірегінде, от басы, ошақ қасы ұсақ-түйек ттөңірегінде қалып қоймай өнердің кең өрісіне шыға
білген. Ақын осы биік мұратты көркем тілмен оқырманға жеткізеді. Ақын қазақ тілінің сөз мұрасын
сарқа пайдаланады.
Бұл мысалдардан жоғарыда атап өткеніміздей метафора табиғатына тән бейнелілік, көркемдік,
бағалағыштық, образдылық қасиеттердің бәрі жарқырай көрініп тұр. Сондай ақ эмоционалды-
экспрессивті мәні жағынан аса әсерлі шыққан. Ойды жеткізу үшін оқырманға көбінесе табиғаттың
керемет қырларынан немесе белгілі бір затқа балау арқылы бейнелілік тудырған. Ақылдының сөзін
тыңдасаң барлық бәледен амансың, елің бүтін, жұртың тыныш деген терең ой бар.