Тақырыбы:Паллиативтік көмекті ұйымдастыру және жүргізу.
Паллиативті көмек көрсету принциптері. Хоспистер
Паллиативті көмек дегеніміз - адамның физикалық жағдайын нашарлататын аурулармен байланысты белгілерді емдеу. Бұл тек науқастың өзімен ғана емес, оның отбасымен де психологиялық жұмыс жүргізу, оларға психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету»
Бұрын паллиативті көмек қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды симптоматикалық емдеу деп саналатын, қазір бұл ұғым дамудың соңғы сатысындағы кез келген ем қонбайтын созылмалы ауруларға, әрине, соның ішінде көпшілігі онкологиялық науқастарға таралады.
«Паллиативті» термині латынның «pallium»: «бет перде» немесе «жамылғы» деген сөзінен шыққан. Бұл паллиативті көмек дегенді білдіреді: тегістеу – емделмейтін аурудың көрінуін жасыру және/немесе «қорғансыз» қалғандарды қорғау үшін сыртқы қабатын жамылғымен қамтамасыз ету Қазіргі уақытта паллиативті көмек-медициналық және әлеуметтік қызметтің маңызды бағыты. Оның мақсаты физикалық, психикалық, рухани – басқа да симптомдарды және ауырсынуды тоқтату, мұқият бағалау, ерте анықтау арқасында алдын алу және қайғы- қасіреттерді жеңілдету арқылы ем қонбайтын науқастар мен олардың отбасының өмір сапасын жақсарту Анықтамаға сәйкес паллиативті көмек:
– қалыпты заңды үдеріс ретінде өмірді бекітеді және өлімді қарастырады;
– өмір сүру мерзімін ұзарту немесе қысқарту ниеті жоқ;
– науқастың мүмкіндігінше белсенді ұзақ өмір сүруін қамтамасыз етуге тырысады;
– емделушінің ауыр науқастанған кезінде оның отбасына көмек ұсынады және ауыр қайғыдан кейінгі уайымдау кезеңінде психологиялық қолдау көрсетеді;
– емделуші мен оның отбасының барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында кәсіпаралық тәсілді пайдаланады;
– емделушінің өмір сүру сапасын жақсартады, сонымен қатар ауру ағымына оң әсер етеді;
– жеткілікті түрдегі уақтылы жүргізілген шаралардың басқа емдеу әдістерімен жиынтығы науқастың өмірін ұзартуы мүмкін.