БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Желінің өнімділігі дегеніміз не?
2.
Желі өнімділігінің төмендеу себептерін атаңыз.
3. Өнімділікті оңтайландыру дегеніміз не?
4. Өнімділікті ретке келтіру кезінде қолданылатын негізгі терминдерді
атаңыз.
5. Жүйелік монитор утилитасының мәні неде?
6. Жүйелік монитор утилитасының жұмыс жасау принципі неде?
7. Жүйелік монитор утилитасының мүмкіндіктері қандай?
8. Серверді оңтайландыру үшін оның конфигурациясын ретке келтіру
қалай жүргізіледі?
182
Қорытынды
Заманауи компьютерлік технологиялар өте серпінді дамуда,
процессорлар мен аналық платалардың ауысуы жылдам жүреді. Тиісінше
жедел жадыны, бейнеадептерді және өзге құрылғыларды қосу үшін жаңа
интерфейстер
пайда
болады.
Және
анағұрлым
қуатты
жеке
компьютерлерді талап ететін жаңа бағдарламалық жасақтама пайда
болады.
Компьютердің өнімділігін көбінесе қолданылатын бағдарламалық
жасақтаманы жаңарту және ретке келтіру арқылы ұлғайтуға болады.
Бағдарламалық жаңғырту тәсілдеріне жатады:
■
жеткізілетін бағдарламалық жасақтаманы пайдалану
;
■
жүйе драйверлерін орнату және жаңарту
;
■
бағдарламалық жаңарту;
■
BIOS«тігу» және ретке келтіру;
■
қолданылмайтын функцияларды ретке келтіру және өшіру.
Бағдарламалық жаңғыртумен жүйенің жұмысын оңтайландыруға болады,
ал өнімділікті арттыру бойынша негізгі жұмыс жүйе құрамдауыштарының
тұрақты жұмысына жүктелген.
Оңтайландыру бағдарламаларының негізгі ерекшелігі –
оларды
компьютердің оңтайлы жұмысын қолдау және түрлі ақаулықтардың,
«тұрып қалулардың» заманауи тұрғыда алдын алу, ретке келтіру,
оңтайландыру бойынша барлық қажетті функцияларды белгілі бір
бағдарламаларды іске қосумен ғана автоматты түрде орындау үшін
қолдану. Осы бағдарламаларды пайдалану арнайы білімсіз, жеке
компьютердің тез әрекет етуін арттыру үшін оның аппараттық және
бағдарламалық құралдарының жұмысын жан-жақты оңтайландыру
жүргізуге мүмкіндік береді. Осындай міндеттер жатады: автожүктеу
саласын тазалау, тұтастылықты тексеру және жүйелік тізілімнің
проблемаларын түзету, қатты дискіні дефрагментациялау және тазалау,
жадыны оңтайландыру, желіні ретке келтіру және т.б. Компьютердің
жұмысын оңтайландыру бағдарламасы – бұл оңтайлы және қауіпсіз ретке
келтіру, қымбат тұратын шығындарсыз жұмыстың максималды
жылдамдығына қолжеткізу және компьютердің тұрақты жоғары өнімділігі.
Жаңартулар пайдаланушылардың қауіпсіз және тұрақты жұмысының
ажырамас бөлігі болып табылады. Тарихи тұрғыдан қалыптасқандай,
компьютерлік бағдарламалар технологиялардың тұрақты нысанын
183
ұсынады, яғни бағдарлама компьютерге орнатылып, жаңа версия
шыққанша, «желі ретінде» қолданылды. Алайда, қазір бәрі өзгерді.
Заманауи цифрлық әлем өте серпінді, соңғы жетістіктерге жедел
қолжеткізілуін қамтамасыз ету үшін бағдарламалық жасақтамаға
анағұрлым серпінді болуға тура келеді. Көптеген бағдарламаларда
Интернеттен жаңартуларды жүктеу және жаңа функцияларды ағымдағы
версияға қарапайым қосу мүмкіндіктері бар.
|