Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


Қолданбалы  бағдарламалардың



Pdf көрінісі
бет45/103
Дата06.01.2022
өлшемі7,34 Mb.
#11814
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   103
Байланысты:
Богомазова Жеке компьютерлердің, серверлердің, шалғай құрылғылар мен жаб

Қолданбалы 
бағдарламалардың 
версияларын 
жою
Бағдарламаларды  орнату  мен  жаңартудан  басқа,  бағдарламаларды  дұрыс 
жою қажет. Әрине, оларды қарапайым файл ретінде жоюға болады, алайда 
оны жасамаған дұрыс. 
3.4-сурет. Updatemanager (Жаңартулар менеджері) терезесі
 


85
 
 
 
Қосымшаны  орнату  кезінде  өз  файлдарын  көптеген  папкаларға, 
сондай-ақ  тізілімге  жазады,  сондықтан  папкаларды  жою  қатты  дискіден 
толық  жою  болып  табылмайды.  Жүйеде    көптеген  байланыстар  қалады, 
олар  нәтижесінде  ОЖ  және  іс  жүзінде  өзге  бағдарламалардың  жұмыс 
істеуіне теріс тұрғыдан әсер етуі мүмкін. 
Қосымшаның  жойылуын  екі  негізгі  тәсілмен  орындауға  болады. 
Алғашқысы    Іске  қосумәзірінен  жою  бағдарламасы  іске  қосылуымен 
негізделеді.  Әдетте,  онда  ол  үшін  таңбашалар  тобы  құрылады,  олардың 
арасында  қосмышаны  жою  процесін  тудыратын  таңбаша  болады  (3.5-
сурет). 
Екінші  нұсқа  –  Басқару  панелінен  іске  қосуды  жою.  Одан  әрі  екі  рет 
шертіп,  Бағдарламаларды  жоюды  іске  қосу  қажет.  Жүйеде  орнатылған 
барлық  бағдарламалар  тізімімен  Бағдарламаларды  жою  немесе  өзгерту 
терезесі ашылады (3.6-сурет). 
Бағдарламалардың  атауларынан  басқа,  мұнда  қосымшалар  туралы 
қосымша  ақпарат  орналастырылған:  орнату  күні,  олардың  өлшемі, 
версиясы. Қажетті бағдарламаның типіне қарай таңдау жасалғаннан кейін 
Жою немесе Өзгерту батырмалары шығады. 
 
 
 
3.5-сурет. Іске қосу мәзірінен бағдарламаны жою
 


86
 
Егер екінші нұсқа таңдалса, онда қосымшаны орнату бағдарламасы 
басталады,  алайда  жүргізілген  инсталляцияның  параметрлерін 
өзгерту  ұсынылады.  Ол  қандай  да  бір  құрамдауыш  орнатылған 
жағдайда ғана қажет. Жою батырмасын шерткен кезде жою процесі 
басталады.
 
Жалпы  алғанда,  бағдарлама  жойылуына  қандай  түрде 
бастамашылық  жасалатынында  айырмашылық  жоқ.  Бағдарлама 
файлдарын  қатты  дискіден  жай  ғана  жоймай,  ең  бастысы,  оны 
бастау.  Іске  қосумәзірінде  қосымшаны  жою  үшін  таңбашаның 
болмауын  ескеру  қажет.  Осы  жағдайда  Бағдарламаларды  жою 
немесе  өзгерту  пайдалана  отырып,  жоюдың  екінші  нұсқасын 
қолдану қажет. 
Осы терезеде өзге бөлімдер де бар: Windows құрамдауыштарын 
қосу  немесе  ажырату  және  Орнатылған  жаңартуларды  қарау. 
Бірінші  нұсқада  ОЖ  үнсіз  келісім  бойынша  жеткізілетін  Windows 
қандай да бір құрамдауыштарын орнату немесе жою көзделген. 
Орнатылған  жаңартуларды  қарау  бөлімінде  орнатылған 
жаңартулар  тізімін  қарауға  және  қажет  болған  жағдайда 
кейбіреулерін жоюға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет