162
1-тапсырма. Файлдарды архивтен қалпына келтіру.
Архивтен файлды қалпына келтіру үшін архив сақталған тасығыш
немесе диск қолжетімді екенін көз жеткізіп, одан әрі бірқатар іс-әрекетті
орындау қажет.
1. «Архивациялау және қалпына келтіру» бөлімін ашыңыз. Ол үшін
Іске қосу батырмасын шертіп,
Басқару панелі /
Жүйе және оған қызмет
көрсету /
Архивациялау және қалпына келтіру таңдап алыңыз
.
2.
Менің файлдарымды қалпына келтіру командасын басыңыз және
Шебердің нұсқауларын жасаңыз (4.37-сурет).
2-тапсырма. Алдыңғы версиялардан файлдарды қалпына келтіру.
Жойылған файлдар мен папкаларды қалпына келтіруге немесе файл
мен папканы алдыңғы жағдайға қайтаруға болады.
Жойылған файл мен папканы қалпына келтіру үшін бірқатар іс-
әрекетті орындаңыз.
1.
Компьютерқұрамдауышын ашыңыз
.Ол үшін
Іске қосу батырмасын
шертіп,
Компьютертармағын таңдап алыңыз.
2. Файл немесе папка сақталған папка табыңыз, оны тінтуірдің оң жақ
пернесімен шертіп,
Алдыңғы версиясын қалпына келтіру командасын
таңдаңыз. Егер папка дискінің түбінде, мысалы C:\ орналасқан болса,
тінтуірдің оң жақ пернесімен дискінің әрпін шертіңіз және
Алдыңғы
версиясын қалпына келтіру командасын таңдаңыз.
3.
Файлдың немесе папкалардың алдыңғы версияларының тізімі пайда
болады
(4.38-сурет). Тізім резервтік көшірмеде сақталған файлдарды
(файлдарды резервтік көшіру үшін Windowsархивациялау бағдарламасын
қолдану кезінде), сондай-ақ құрамдауыштардың екі типі қолжетімді болса,
қалпына келтіру орындарын қамтиды. Қалпына келтірілетін файлмен
немесе папкамен папканың алдыңғы версиясын екі рет шертіңіз (Мысалы,
файл бүгін жойылса, онда осы файлмен папканы кешегі версиясымен
таңдап алыңыз).
4.
Қалпына келтірілетін файлды немесе папканы басқа жерге, мысалы,
жұмыс үстеліне немесе басқа папкаға апарыңыз.
Файлдың немесе папканың версиясы таңдалған орында сақталатын
болады.
Файлды немесе папканы алдыңғы жағдайға қайтару үшін бірқатар іс-
әрекетті орындау қажет.
1. Тінтуірдің оң жақ пернесімен файлды немесе папканы шертіңіз
және
Алдыңғы версиясын қалпына келтіру командасын таңдаңыз.
2.
Файлдың немесе папкалардың алдыңғы версияларының тізімі пайда
болады
. Тізім резервтік көшірмеде сақталған файлдарды (файлдарды
резервтік көшіру үшін Windowsархивациялау бағдарламасын қолдану
кезінде),
164
сондай-ақ құрамдауыштардың екі типі қолжетімді болса, қалпына келтіру
орындарын қамтиды. Файлды немесе папканың алдыңғы версиясын
қалпына келтірер алдында алдыңғы версиясын таңдап, осы версия қажет
екеніне көз жеткізу үшін
Ашу батырмасын басыңыз.
3. Алдыңғы версиясын қалпына келтіру үшін оны таңдап,
Қалпына
келтіру батырмасын
шертіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: