арасындағы екі дауыстының бірі әрдайым «жұтыла» бермей-
ді: егер буын саны дәл келсе, мұндай екі сөз бірінің соңы,
екіншісінің басындағы дауыстыны кіріктірмей, олар сақталып
айтылады. Мысалы, Абайдың:
Жаздың көркі енеді жыл құсымен
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен, –
деген өлең жолдарындағы
көркі енеді деген сөздер қатар
тұрғанмен бірінші (
көркі) сөздің соңғы дауыстысы да, екін-ші
(
енеді) сөздің басқы дауыстысы да жеке-жеке айтылады,
өйткені өлеңнің бұл тармағы осы тұрысында 11 буынды, олар-
ды кіріктіріп айтса, 10 буын болып, өлеңнің өлшемі де,
ырғағы да бұзылады.
Кейде өлшемге қажет буын саны жетпей тұрса, «жедел
жәрдемге»
ы, і дыбыстары «шақырылады». Мысалы:
Баянауыл басынан бұлт кетпес,
Қиядағы түлкіге құсым жетпес, –
деген өлеңдегі бірінші тармақтың жолдарын жазылуы бойын-
ша санасақ – 10 буын, сондықтан бұл өлең айтылуда:
ба-йа-
на-уыл ба-сы- нан бұ-лыт кет-пес болып,
бұлт сөзі
бұлыт бо-
лып дыбысталады. Бұл – алдыңғы екі дауыстының біреуінің
«жұтылып» кетуіне қатысты құбылысқа қарағанда, әлдеқайда
сиректеу кездеседі, дегенмен қазақ өлеңінің сазында орын
ала-тынын айтуға болады.
Қазақ поэзиясы ассонанс пен аллитерация деп аталатын
дыбыстар біркелкілігінен туатын құбылысты да стильдік
мақсатпен кеңінен пайдаланады. Өлең жолдарында немесе
қатар келген сөздердің басында, мақал-мәтелдерде, тұрақты
тіркестерде, монологтерде, мақала, кітап т.б. аттарында, га-
зет-журналдардың айдарларында немесе тақырып аттарында,
қысқасы, текст ішіндегі сөздер біркелкі немесе бір-біріне
жуық (мысалы:
т-д,
Достарыңызбен бөлісу: