§28. ЖекешеIIжақтағы жіктік жалғауы тек қана -сың/-сің түрінде (яғни соңғы дыбысы ң болып) айтылады және солай
жазылады. Мысалы: есімдерге жалғанған жіктік жалғаулары
(жекеше түрі):
І жақ мен мұғаліммін, диктормын
ІІ жақ сен мұғалімсің, дикторсың ІІІ жақ ол мұғалім, диктор Етістікке жалғанған жіктік
жалғаулары (жекеше түрі):
І
жақ мен білемін, айтамын, барғанмын, барармын
ІІ жақ сен білесің, айтасың, барғансың, барасың,
ІІІ жақ ол біледі, айтады, барған, барар.
Кейде ауызекі сөйлеу тілінде бұл жалғау -сын/-сін түрінде
(сен мұғалімсін, дикторсын) де келеді және солай жазылып та
кетуі мүмкін. Бірақ әдеби нормада сөйлегенде, тек -сың/-сің түрінде дыбыстау керек. Ал -сын/-сін қосымшасы етістіктің III
жақтағы – бұйрық қалау рай деген түрін білдіреді. Мысалы:
І жақ мен барайын, біз барайық
ІІ жақ сен бар, сендер барыңдар
ІІІ жақ ол барсын, олар барсын. Сондықтан әр түрлі қызмет атқаратын қосымшалардың
тұлғаларын да шатастырмай, бірін -сың түрінде, екіншісін
-сын түрінде айту керек. Бұл екеуін айыру қиын емес: егер
жіктік жалғаулы сөз сен деген есімдікпен айтылуға тиіс болса,