§31.Бір сөздің екі түрлі дыбысталып айтылатындарының
ішінде жергілікті ерекшеліктеріне (диалектизмдерге) қатысты-
ларын жоғарғы көрсетілген вариантты сөздермен шатастырмау
керек. Яғни көптеген сөздердің әр жерде әр түрлі дыбыстық
өзгерісі болғанмен, әдеби тілдегі түрінше айту – орфоэпиялық
норма болады. Мысалы: маңдай – маңлай, шаңырақ – шаңғырақ, киіз – кигіз, ие – еге (үйдің иесі), шатақ – чатақ, сияқты – сиықты, аула – әулі, жоңышқа – жоңырышқа, қабырға –
қабыртқа, жоқ – джоқ, масқара – машқара, бес тиын – беш тиын, ас пісті – ас пысты, мысық – мышық, ба- лалар – баладар сияқты параллель сөздердің алдыңғы сыңар-
лары әдеби норма да екіншілері – жергілікті (диалектілік) ва-
рианттары. Бұлардың айтылуында әдеби нормадағы тұлғасын
ұстау қажет. Олай дейтін себебіміз – кейде автордың не кітап,
журнал шығарушылардың салақтығынан я болмаса
білместігінен кейбір сөздердің әдеби варианты емес, жергілікті
қолданыстағы тұлғасы жазылып кетеді. Мұндайда сөзді түзетіп
оқыған (айтқан) абзал. Ал пьесаларда немесе фелье-тон, сықақ
әңгімелерде автор сөздің жергілікті не қарапайым сөйлеу
тіліндегі варианттарын әдейі берсе, оларды, әрине, сол берілген
тұлғасында айту (оқу) керек екендігі белгілі.
283