улеріміз жаңадан жасанды тұлғалармен тоықтыруды дұрыс деп
табамыз, ізденушілердің бір тобы өзге тілдерден термин
қабылдауды және қабылданған терминдерді (бірен-саран жай
сөздерді де) жатсынбау, қолданыстан аластатпауды жөн са-
найды. Осылардың нәтижесінде бұл күнде диалектизмдерді,
ауызекі сөйлеу тілі элементтерін: қарапайым сөздер мен
фонетикалық өзгеше тұлғаларды әдеби айналымға түсіру, яғни
оларды көркем әдебиетте ғана емес (бұлар көркем шығармаларда
кейіпкер тілінде қолданыла беретін сөздер ғой), өзге
функционалдық стиль үлгілерінде, әсіресе публицистика-да орын
алу тенденциясы бары байқалады. Жергілікті тұлғалар мен
қарапайым сөздерді активтендіру әуелі көркем әдебиетте, оның
ішінде проза жанрында көзге түсіп отыр. Жазушылардың
біреуінде сәтті қолданылған-ау деген сөзді екіншілері «қағып
алып» кететіндіктері сезіледі. Мысалы,
пошым, бозымбай,
бағамдау, сүркілу, кермалдасу, можантопай, усиқы, оңаза,
мондыбас, құйынперен сияқты сөздердің біраз жазушылардың
тілінде, тіпті газет-журнал беттерінде жиірек көріне бастауы
осыны дәлелдейді.
Норма регламентациясына келгенде жасанды тұлғалардың
да, оның ішінде тек аффиксация (жұрнақ жалғау) амалымен
ғана емес, сөздерді біріктіру тәсілімен де жасау әлдеқайда
жан-дана түскеніне назар аудару және оларды реттеу
(мағыналық жағынан дұрыс-бұрысын, жүйелілігін салмақтау)
– «тіл мәдениеті» бойынша жүргізілетін шаралардың бірі
және жау-аптысы.
Достарыңызбен бөлісу: