Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет18/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

Төртінші.  Шаршы топ алдында сөйлеу мәдениеті деген про-
блема да – жалпы тіл мәдениетінің бір пұшпағы, өйткені соңғы
5-10 жылға дейін (тіпті 4-5 жылға десек те болар) шаршы топ
алдында   қазақ   тілінде   сөйлеудің   аясы   тар   болып   келді.   Съез-
дерден бастап, мәслихат, мәжілістерде, жиын-жиналыстарда,
37


тіпті   торқалы  тойлардың  салтанаты   мен топырақты  өлімнің
азаларында айтылатын сөздеріміз, көбінесе, орыс тілінде бо-
лып   келгені   аян.   Демек,   соңғы   50-60   жыл   барысында   (ең
кейін-гі  4-5 жылды қоспағанда)  қазақ әдеби тілінде ауызша
дұрыс, әсерлі, әдемі сөйлеу дәстүрін дамытатын «шаршы топ
базасы» шағын болды, барларының өрісі тарыла берді.
Шаршы топ дегеніміз – көпке қарата  сөз айтылатын жер
және ол сөз әлеуметтік мәні бар, қоғам мүддесіне арналған
әңгіме (тақырып) болуы керек. Бұл сөзді шешеннің сөзі неме-
се «шешендік сөз» деп те атап жүр, бірақ бұлайша атағаннан
гөрі оны «шаршы топ алдындағы сөз» (орысша «публич-ная
речь»)   немесе   «көпшілікке   арналып   айтылар   сөз»   деген
дұрысырақ болар, өйткені қазақ ұғымында «шешендік сөздер»
деп бұрынғы дәуірлерде өткен билер мен ел, ру басыларының,
қысқасы, от ауызды, орақ тілділердің сөйлеу үрдісі танылады.
Бүгінгі   жиналыстарда   (онда   қатысатындар   –   «шаршы   топ»)
шығып   сөйлейтін   қатардағы   ұжым   мүшесі   мен,   мейлі   тіпті
бастықтар  мен кешегі  билердің сөздері,  әрине,  бірдей емес.
Бұл жерде әңгіме сөйлеуші қозғаған тақырыпта да емес, шар-
шы топтың үлкен-кішілігінде де емес, тыңдаушы топтың кім-
дер екендігі мен сөйлеуші шешеннің өз сөзін ұсыну (жеткізу)
мәнерінде, дағдысында, қабілетінде, сонымен қатар екі дәуір
шешендері сөздерінің мақсаты мен әлеуметтік жүгінің әртүрлі
екендігінде.
Қысқасы,   бұл   жердегі   айырмашылық   бұрынғы   бабалары-
мыздың   шешендік  өресі  биік  болып,   қазіргі  замандастарымыз-
дың ауызша сөйлеу қабілеті төмен екендігінде деп кесіп айтпа-
сақ   та,   бұл   күнде   топ   алдында   дұрыс,   түсінікті,   тіпті   шешен
сөйлеуге әлі дағдыланып болғанымыз жоқ, замандастарымыздың
ішінде   бірен-саранымыз   болмаса,   көпшілігіміз   топ   алдында
жазылып   сөйлей   алмаймыз.   Бұл   жерде   айтпақ   ойымызды   дәл
жеткізетін  сөздерді  тауып  алудан  бастап, ойды жинақы,  әсерлі
етіп   ұсыну,   орфоэпиялық   нормаларды   сақтап,   сөздерді   бір-
бірімен   үндестіріп   айту,   ойымыздың   логикалық   желісін   үзіп
алмай, дұрыс құру сияқты толып жатқан шарттарды орындау-ға
әлі машықтанбай жатырмыз. Міне, бұл орайда да тіл мәде-ниеті
діттейтін ғылыми да, практикалық та іс-қарекеттер баршылық.
38


Тек өзіміздің ғана емес, жалпы тіл білімінде, оның ішінде
Еуропа, орыс тілдерін зерттеушілердің танымы мен пікірлері
бойынша да, жоғарыда айтылғандарды былайша түюге бола-
ды:
«Тіл мәдениеті» – екі салада қолданылатын термин: бірі – осы
тіркес білдіріп тұрған жалпы мағынада, атап айтсақ, әдеби тілді
жазбаша   және   ауызша   қолданғанда   оның   лексикалық,
грамматикалық,   орфоэпиялық,   стильдік   нормаларын   сақтау;
екіншісі – бұл терминмен тіл білімінің бір тармағы аталады, ол
– тілді қатынас құралы мен ұлттық мәдениеттін қаруы ретінде
дамыта түсу үшін, оның нормалануын ғылыми негізде зерт-
тейтін   саласы.   Тіл   мәдениетін   жалпы   мағынада
әңгімелегенде,   алдымен,   оның   қолданыстағы   нормаларын
(орысша   «рече-вые   нормы»)   сөз   дұрыстығы,   яғни   тіл
бірліктерін (сөздерді, тұлғаларды) дұрыс жұмсау және әсерлі,
әсем   етіп   жұмсау   деп   бөліп   қарастырылады.   Тілдік
нормаларды тек дұрыс қолданып қана қоймай, тіл құралдарын
эстетикалық   тұрғыдан   да   әсерлі   етіп  жұмсай   білу  адамның
жалпы   кісілік   мәдениетін,   ой-парасатының   дәрежесін,   тілге
деген ықылас-құрметін таныта-ды.
«Тіл   мәдениеті»   дегенді   ғылым   тармағы   ретінде   сөз   ет-
кенде, әңгіме тіл мәдениеті проблемаларын теориялық негіз-
дерге сүйеніп зерттеу болып табылады. Демек, тіл мәдениеті
– ғылыми және практикалық іс-қарекеттерді қажет ететін сала,
яғни ғылымның тәжірибемен тығыз ұштасып жататын тарма-ғы.
Тілдің   қолданылу   барысындағы   көріністер   мен   құбылыс-тар
оларды ғылыми тұрғыдан талдап-танытуды талап етсе, ғылыми
түйіндер мен тұжырымдар қолданыс заңдылықтарын дәлелдеуге,
дұрыс-бұрыстығын   негіздеуге   мүмкіндік   береді.   Тегі,   тіл
мәдениеті   саласындағы   практикалық   іс-   әрекеттер   ғылыми
негіздемелерден біраз бұрын жүріп жатады да жеке бір құбылыс
ретінде   әлеумет   назарына   ілінуі   оны   ғылыми   не-гізде   зерттей
бастаған кезбен тұстас келеді.
Ғылым объектісі болғаннан кейін «Тіл мәдениетінің» тео-
риялары,   теориялық   арқаулары   болады.   Тіл   мәдениеті   тео-
риясының ең бастысы – тілдік норманы тану, талдау, зертте-
уге қатысты. Тіл білімінің тіл мәдениеті тармағы нормативтік
39


грамматикамен,   нормативтік   фонетикамен   және   нормативтік
стилистикамен ұштасып жатады, яғни қазіргі күнде норма деп
танылған   грамматикалық,   фонетикалық   заңдылықтар   мен
олардың қолданыстағы көрінісінің ұштастығы және сәйкестігі
тілдік норма болып табылады.
Тіл   мәдениеті   теорияларының   ішіне   ұлттық   әдеби   тілге,
көркем   әдебиет   тіліне   қатысты   ізденістер   мен   тұжырымдар   да
кіреді. Тіл мәдениетінің үлкен мәнге ие болып, қоғамның мәдени
өмірінен   орын   алуы   тіл   дамуының   барлық   кезеңінде   бірдей,
біркелкі   болмайды.   Зерттеушілер   дұрыс   танығандай,   тіл
мәдениеті ұлттық жазба тілдің едәуір қалыптаса бастаған кезінде
күн   тәртібіне   қойылады.   Ұлттық   тіл   біршама   дамыған
кезеңдерінде де тіл мәдениеті проблемалары көтеріліп, көпшілік
назарын   өзіне   аударатын   тұстары   да   болады,   ол   –   қоғамның
әлеуметтік,   саяси,   мәдени   тіршілігінде   ірі   өзгерістер,   толқулар
пайда   болған   тұсқа   тура   келеді.   Мұндай   өзгерістерді   әртүрлі
революциялық дүмпулер, демократилық қозғалыстың бел алуы,
соғыстар, техниканың күрт дамуы сияқтылар туғызады.
Қазақтың  ұлттық  жазба   әдеби  тілінің  қалыптаса   бастауы
XIX ғасырдың соңғы ширегіне тұстас келгенмен, бұл кезеңде
тіл мәдениетін сөз ететін қазақ қоғамының әлеуметтік, ағар-
тушылық,   ғылыми   базасы   болмады.   XX   ғасырдың   алғашқы
онжылдықтарында   оқу-ағарту   едәуір   жанданып,   баспа   ісі
жолға   түскенімен,   күнделікті   баспасөздің   ауқымы   арта
түскенімен, білім-ғылым салалары өмірге келгенімен, 60-70-
жылдарға   дейін   «тіл   мәдениеті»   проблемасы   таным-ғылым
объектісі бола алмай келді.
Қазақтың жазба әдеби тілі біршама бекіген, қоғамның ұлттық
мүддесіне қызмет ету аясы едәуір кеңіген, функционалдық стиль
тармақтары саралана түскен, білім-ғылымы едәуір дамыған кезі
XX ғасырдың 50-60-жылдары болды, осы кез-де «тіл мәдениеті»
мәселелері   көтеріліп,   жұртшылық   наза-рына   ұсынылды:
Академияның Тіл білімі институтында ар-найы бөлім ашылды,
мұнда   ғылыми   зерттеулер   басталды,   пединституттар   мен
университеттердің   филология   факуль-теттерінде   тіл   мәдениеті
пәні   оқытыла   бастады,   сөздің   дұрыс   қолданылуы
диссертациялық жұмыс тақырыбына айналды,
40


орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер жарық көрді, әртүрлі
анықтағыш құралдар ұсыныла бастады, тіл, сөз мәдениетіне
арналған ғылыми-практикалық конференциялар өткізілді.
Ал   90-жылдардан   бастап   тіл   мәдениеті   проблемасына
жұртшылық назары жаңа қарқынмен аударылғанын айта ала-
мыз. Мұның объективті себебі – қазақ тілінің мемлекеттік тіл
статусын   алып,   әлеуметтік   қызмет   өрісін   кеңейту   үшін
күрестің басталғаны болды. Соңғы жарты ғасыр ішінде қазақ
тілінің сөздік қазынасында орыс тілінің өз сөздері мен орыс
тілі арқылы еніп жатқан өзге тілдік сөздердің, оның ішінде
интернационалдық терминдердің шамадан тыс көп орын алып
кеткені де жұртшылықты қатты алаңдата бастады. Бұл ретте
шет   тілдік   сөздердің   өздері   ғана   емес,   қазақ   лексикасының
толығу көздері мен бағытының ұлттық тіліміздің даму тен-
денциясына   кері   әсер   ете   бастағаны   жұртшылық   назарын
аударды. Осы факторлар «тіл мәдениеті» проблемасының күрт
көтерілуіне әкелді.
Жоғарыда айтылғандай, тіл мәдениетінің басты практикалық
та,   ғылыми   да   объектісі   норма   мәселесі   болғандықтан,   сол
нормалардың   мейлінше   тұрақтылығын   –   консерватизмді
жақтаушылар мен оған қарсылар болатыны белгілі. Осы орай-да
пуризм   құбылысының   бар-жоқтығы   көзге   түседі.   Пуризм
дегеніміз – әдеби тілді, әсіресе оның сөздік қазынасын шет тілдік
кірме   сөздерден,   тіпті   жаңа   жасанды   тұлғалардан,   ауы-зекі
сөйлеу   элементтері   болып   саналатын   жергілікті   сөз-диа-
лектілерден,   қарапайым   сөздерден   тазарту   дегенді   қостайтын
ағым, күрес түрі. Қазақ әдеби тілінің алдыңғы кезеңдерінде, тіпті
XX ғасырдың 20-30- жылдарының өзінде пуризм ағымы болған
жоқ дегенді айтады зерттеушілер. Шындығында да, тіпті ертеден
қазақ   тіліне   әр   алуан   каналдармен:   діни   оқу,  мұсылман   дінін
ұстану,  ортаазиялық   түркі   әдеби   тілінің   үлгісімен   енген   араб-
парсы   сөздерін,   кейбір   морфологиялық   тұлғаларын   (мы-салы,
-қор,   -паз,   -гер,   -и  қосымшаларын)   қолданыстан   алас-тату
әрекеттері болған жоқ, керісінше, арабизм, парсизмдерді жазба
әдеби тілде, сондай-ақ ауызекі сөйлеу тілінде де кеңінен қолдану,
тіпті жазба үлгілерде төл тұлғасын сақтап жазу тәжірибесі XX
ғасырдың орта тұсына, 40-жылдарға дейін орын алып келді.
41


Орыс тілінің және орыс тілі арқылы Еуропа тілдері сөздерінің
қазақ тіліне молынан еніп, кеңінен қолданылуы ұлы Отан соғысы
жылдарында   (1941-1945)   басталып,   соғыстан   кейінгі
«коммунизмге тура тартқан» жылдарда мүлде кең етек жай-ды.
Таза пуристік ағым болмағанмен, жаңа ұғымдар мен жаңа зат-
бұйымдарды   атауда   ана   тіліміздің   өз   қазынасын   барынша
пайдаланудың   нақты   әрекеттері   (мысалы,   І.Жарылғаповтың
қазақша ұсынған аялдама, балмұздақ, көкайдын сияқты сөздері)
1960 жылдардан  басталды.  1990 жылдардан бастап қазақ  тілін
«орысшылдықтан   құтқару   »   ағымы   тікелей   саяси   бағыт
болмағанмен,   күрес   мазмұнына   айналды,   әлеуметтік   пікір   туа
бастады.   Мұны   да,   сірә,   пуризм   ағымы   деуге   болмас,   өйткені
қазақ   тілін   өзге   тілдік   элементтерден   (сөздерден,   тұлғалардан,
тіпті   грамматикалық   бірен-саран   тәсілдерден)   тазарту   науқаны
жүрген болса, лексикалық қазынамыздағы жүздеген араб, пар-сы
сөздерін,   мыңдаған   орыс   және   шет   тілдік   сөздерді   бүгінде
қолданып отырмас едік.
Сірә, бұл күндерде пуризмнің бел ала алмай отырғаны
–   тілдің   тарихи-өзгермелі   құбылыс   екенін   мойындайтындай
білім дәрежеміздің өскендігі болар, тілдің де заман ағымына,
оның   өзінде   дүниежүзінде   ғылыми-техникалық   жаңалықтар
қауырт пайда болып, дамып отырған осы күндердің ахуалы-на
ілесуі   қажет  екенін  және  бүгінгі   сауатты,   білімді   адамдарға
қызмет етіп отырған қазақ тілінің бұл ұлы майданнан шеттеп
қалмауы   керек   екендігін   сезіп,   түсініп   отырғанымыз   болар.
Тіпті бүгінгі біздер түгіл, кешегі, 20-жылдарда қазақ тілі-не
қызмет   етіп   өткен   Халел   Досмұхамедов   сияқты   ғалым-
практиктер   жат  сөзсіз   болмайтын  заман   туғандығын   айтып:
«Мәдениет қуған жұрттың алдымен тілі өзгермекші, білімге
кірген жаңа сөздердің көбі шеттен кірген біліммен, әдетпен,
заңмен   жаңалықтарға   ұғым   беретін   жаңа   сөздер   кірмекші,
[олар] үлгіге алынған мәдениетті жұрттың сөздері болмақшы»
– деп жазып, дұрыс көрсеткен болатын.
Пуризм – табиғатында жаман ағым емес, миллиондардың
«мүлкі»   –   тілдің   сындарлығын,   тазалығын   сақтау   ниетін
көздейтін күрес  амалы. Бұл күрес  әсіресе қатар қолданысқа
түскен тілдердің теңсіздігі байқалғанда, бірінің бел алып бара
42


жатқан   тұстарында   жеңіліп   келе   жатқан   тіл   үшін   пайдалы
қарекет екенін білеміз. Толыққанды үлкен пуризм болмағанмен,
оның   бірқатар   белгілерінің   бұл   күнде   орын   алуын   да   жөнсіз
деуге   болмайды,   тек   ана   тіліміздің   тазалығын,   сындарлығын,
тұтастығын, көркемдігін қай сәтте, қай тұсында қалайша сақтау
керектігін айырып тануымыз керек. Пуризм әрекеті ұран, құрғақ
сөз түрінде емес, нақты жұмыстар түрінде жүргізілуін қалаймыз.
Әрі   қарай   жеке   тақырыптарды   сөз   ету   үстінде   пу-ристік
пікірлердің   түрлері   мен   оның   жүзеге   асырылу-   асырыл-мау
мүмкіндіктері сөз болып отырады.
Тіл мәдениеті проблемаларына оның алдында тұрған бүгінгі
таңдағы   міндеттері   немесе   жүргізілуге   тиіс   іс-шаралар   да   жа-
тады. Ең басты міндет – қазақ тілі мәдениетін көтеру, жетілді-ру,
насихаттау.   Ол   үшін   ана   тіліміздің   сөздік   қазынасын   жақсы,
дұрыс   пайдалану   қажет.   Бұл   жерде   әңгіме   екі-үш   тұрғыдан
айтылуға тиіс: бірі – ғасырлар бойы жасалып, сақталып кел-ген
лексикалық   қорды   жұтатпай   сақтау,  толықтыру,  ол  үшін   көне,
сирек, жергілікті сөздерді жинап, бүгінгі қолданысқа жа-рамды
деп табылғандарын әдеби нормаға қосу. Әсіресе қазақ халқының
ұлттық салт-дәстүріне, шаруашылық түрлеріне, табиғаттануына,
дүниетанымына,   психологиясы   мен   халықтық   философиясына
қатысты   сөздер   мен   тіркестерді,   фразеоло-гизмдер   мен   мақал-
мәтелдерді   жинап,   ұмыт   болғандарын   хатқа   түсіріп,
мағыналарын түсіндіріп отыру.
Бұл ретте жүзеге асырылып келген жұмыстар жоқ емес. «Ана
тілі»,   «Қазақ   әдебиеті»   газеттері   90-жылдардың   ішінде   «Төрт
құбыламызды   түгендейік»,   «Көзінің   қарашығындай»   де-ген
сияқты   айдарлармен   жоғарыда   аталған   салаларға   жататын
сөздерді, сөз тіркестерін тіркеп, олардың мағынасын түсіндіріп,
қолданылатын тұстарын көрсетіп беру үрдісін қолға алды. Бұл
ретте   Ә.Нұрмағамбетов,   Ж.Бабалықұлы,   Жәрдем   Кейкин,
Дәркембай   Шоқпаров   сияқты   тілсүйер   азаматтардың   еңбегін
атай отырып, осы үрдісті әрі қарай жалғастыра түссек. Бұл іске
әсіресе   Монғолиядан,   Қытайдан   көшіп   келген   қаламгерлер:
ақын,   жазушы,   мұғалім,   журналист   және   тағы   басқалары   ат
салысса, құба-құп болар еді, өйткені әр алуан себептермен біз-де,
Қазақстанда, ұмыт болған немесе мүлде болмаған сөздер
43


мен   фразеологизмдер   бұлардың   қолданысында   кездесетіндігін
байқаймыз,   бірақ   кейде   олардың   мағынасын   тап   басып   айта
алмаймыз. Қазақ халқы – дүниежүзінің көптеген елдерінде ша-
шылып жүрсе де, тілі, діні, ұлттық рухы бір халық, сондықтан
тіл қазынасын жинауда, толықтыруда әр қиырдағы қазақтардың
сөз мәдениеті, тіл тәжірибесі орасан зор табыс болмақ.
Сөз   мәдениетін   реттеуге   қатысты   міндеттеріміздің   бірі   –
соңғы онжылдықтарда қазақ тілінде орасан мол түрде жұмсалып
келген орыс тілінен енген сөздерді сұрыптау. Әңгіме бұл жерде
орыс   тілінің   өз   сөздері   және   интернационалдық   деп   аталатын
ғылыми және саяси-мәдени терминдер болып келетін сөздер деп
бөліп   қарастырып,   көбінесе   күнделікті   тұрмысқа   қатысты
орысша жай атаулардың қазақша баламасын табу туралы болуға
тиіс.   Ал   ғылыми,   саяси-әлеуметтік,   мәдени-ағартушылық   тер-
миндерге   келгенде,   оларды   жаппай   қазақшалаудың   мүмкіндігі
жоқ екені  сөз мәдениеті проблемасының бір ұшы  болып сана-
лады.
Бүгінгі   қазақ   тілі   мәдениетінің   өзекті   де   әлеуметтік-
ғылыми мәні зор мәселесі – терминология жайы. Бұл тұста
әңгіме   –  кір-ме   терминдер,   жасанды   терминдер,   сүйегі   шет
тілдік, бірақ «қазақыландырылған» терминдер туралы болмақ.
Бұлардың   да   шешімі,   сайып   келгенде,   норма   проблемасына
келіп   тіреледі.   90-жылдардан   бермен   қарай   терминология
мәселелері   баспасөз   беттерінде   жиі   сөз   болып,   арнайы
шақырылған   конференция-мәслихаттардың   күн   тәртібіне
қойылып,   кеңінен   талқылана   бастауы   сөз   нормасының   бұл
тармағына әлеумет назарына мықтап іліккенін білдіреді, бұл
жөнінде   әлеуметтік   пікірлердің   пайда   болғаны   –  құптарлық
құбылыс,   әрі   қарай   осы   пікірсай-ыстарды   сұрыптап,
дұрыстарын   пайдаланып,   терминдерге   қатысты   сөз
нормаларын реттеу – тіл мәдениеті шаруасының бір тарамы.
Тіл   мәдениеті   тек   сөз   таңдау,   сөз   жасау,   сөйлем
құрастыруда ғана емес, сөйлеу актісінде сөздерді дұрыс айту
нормала-рын сақтауға келгенде де айрықша мәнге ие болады,
яғни орфоэпиялық заңдылықтарды көрсету, олардың сақталу
және бұзылу сәттерінің себептерін анықтау, ережелерін ұсыну
сияқты ғылыми-практикалық іс-әрекеттер де – тіл мәдениеті
44


міндеттерінің   бірі   және   өзге   салаларға   қарағанда,   істелер
жұмысы көбірек, оларды жүзеге асыру – қиынырақ жүк. Бұл
орайда іс тек орфоэпиялық заңдылықтарды ғылыми тұрғыдан
зерделеп, ережелерін түзіп берумен шектелмейді, ол ережелер
көрсеткен нормаларды қалың көпшілікке үйрету, насихаттау
жұмыстары да алдымызға тартылады.
Емле, яғни сауатты жазу мәселесі – қай кезеңде де тіл-ді
жазба   түрде   пайдалану   барысында   дүниеге   келетін   талап,
орфографиялық нормалар да – бүгінгі таңда қайта қарастырар
сәттері бар және ол сәттер лексикалық, грамматикалық нор-
малармен   ұштасып   жататын   іс-қарекеттер.   Латын   жазуы-на
көшу   проблемасымен   де   астарласа   қаралатын   емле   про-
блемасы   –   бүгінгі   таңдағы   ғылыми,   әсіресе   практикалық
жұмыстарымыздың маңыздыларының бірі.
Тіл мәдениетінің және бір проблемасы – шаршы топ ал-
дында   ауызша   еркін,   дұрыс,   шешен   сөйлеудің   шарттарын,
тәсілдерін айқындау, үлгілерін көрсету, белгілерін танытатын
ереже іспеттес құралдар ұсыну.
Міне, «тіл мәдениеті» деп аталатын ғылыми-практикалық
үлкен   жұмыстың   проблемалары   және   сол   проблемалар
туғызатын   міндеттері   –   қысқаша   осындай.   Әрі   қарай   бұл
мәселелер жеке-жеке тақырып етіп, кеңірек баяндалады.
Міне, тіл мәдениеті туралы жалпы түсінік, оның нысанда-
ры (объектілері) мен проблемалары, тәжірибе мен ғылымдағы
анықтамасы (мазмұны), ғылыми-теориялық негіздері туралы
қысқаша мәлімет – осындай.
Әрі қарай тіл мәдениетінің қолданбалық та, ғылыми да объ-
ектісі   –   норма   болғандықтан,   сол   нормаларды   «лексикалық»,
«грамматикалық»,   «орфографиялық»,   «орфоэпиялық»   деп
тарамдап,   әрқайсысының   мән-мағынасын,   қазіргі   жай-күйін,
алдағы   бағыт-бағдарын   сипаттаймыз.   Норма   және   оны   коди-
фикациялау   ісінде   өзекті   мәселе   –   варианттылық   құбылысы
болғандықтан,   бұл   тақырып   та   өз   алдына   бөлек   әңгімеленеді,
лексикалық   нормалануда   бүгінгі   терминология   жайы   айрықша
орын алатындықтан, ол да арнайы сөз болады.
45




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет