15
Тарап басқа Тарап берген немесе беретін субсидияның сипаты мен
шамасы туралы ақпаратты жазбаша нысанда сұратуы мүмкін. Сұрау
салынатын Тарап мүмкіндігінше қысқа мерзімде және түбегейлі түрде
осындай ақпаратты береді және ол сұрау салушы Тарапқа сұрау салуы
бойынша қосымша ақпарат беруге дайын болуға тиіс.
2. Егер Тараптың басқа Тарап берген немесе беретін субсидиясы оның
отандық экономикасының саласына нұқсан келтіреді, пайданың
жойылуына немесе қысқартылуына немесе СӨШ келісімінің
түсінігінде мүдделерге айтарлықтай қысым жасалуына алып келеді
деп пайымдауына негіздері болса, мұндай Тарап басқа Тараптан
консультация сұрата алады.
Консультация жүргізуге сұрау салуда (а) қаралатын субсидияның
болуына және сипатына және (б) отандық экономика саласына
келтірілген нұқсанға немесе пайданың жойылуына немесе
қысқартылуына
немесе
консультация
сұрататын
Тараптың
мүдделеріне айтарлықтай нұқсан келтіруге қатысты қолда бар
дәлелдемелер қамтылуға тиіс.
3. Осы баптың алдыңғы тармақтарында көрсетілген консультациялар,
егер Тараптар өзгеше туралы уағдаласпаған болса, сұрау салу алынған
күннен бастап 60 күн ішінде жүргізілуге тиіс.
4. Осы бап Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісімге I-қосымшада
көрсетілген тауарларға қатысты субсидияларға қолданылмайды.