3-ТАРАУ
САУДАНЫ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ
3.1-бап
Жалпы ережелер
Тараптар тиісінше ТСБК 1994 VI бабының және XIX бабының
ережелеріне, Демпингке қарсы шаралар жөніндегі келісімге, СӨШ
келісіміне және Арнайы қорғау шаралары жөніндегі келісімге сәйкес
демпингке қарсы шараларды, өтемақы және арнайы қорғау шараларын
қолданады.
3.2-бап
Заңнама туралы ақпарат алмасу
1. Тараптар өз аумақтарында демпингке қарсы шараларды, өтемақы
және арнайы қорғау шараларын енгізуді және қолдануды реттейтін
қолданыстағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін
бір-біріне береді. Тараптар тиісті заңдардағы және өзге де
нормативтік құқықтық актілердегі кез келген өзгерістер туралы,
мұндай өзгерістер күшіне енген кезден бастап күнтізбелік 60 күннен
кешіктірмей бір-біріне хабарлайды.
2. Егер ЕАЭО тарапынан Қытайға тиісті ақпарат берілген болса, ЕАЭО-
ға мүше мемлекеттер осы баптың 1-тармағының ережелерін
орындаған болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |