Бір тараптан еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан



Pdf көрінісі
бет38/83
Дата06.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#11934
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   83
Байланысты:
ЕЭУ бағалау

6.19-бап  

 

Алдын ала шешімдер 

 

1.  Әрбір  Тарап  ақылға  қонымды,  шектеулі  мерзімде  барлық  қажетті 

ақпаратты қамтитын жазбаша сұрау салған өтініш берушіге алдын ала 

шешімді береді. 

 

Егер Тарап алдын ала шешімді беруден бас тартса, ол мұндай шешімді 



қабылдауға  тиісті  фактілер  мен  негіздемелерді  баяндай  отырып, 

өтініш берушіні бұл туралы жазбаша нысанда дереу хабардар етеді. 

 

2.  Тарап, егер өтініште көрсетілген мәселе: 



 

(a)  кез  келген  үкіметтік  ведомствода,  аппеляциялық  органда 

немесе сотта өтініш берушіге қатысты қаралып жатса; немесе 

 

(b)  кез  келген  аппеляциялық  орган  немесе  сот  бұрын  қараған 



болса,  өтініш  берушіге  алдын  ала  шешімді  беруден  бас  тартуы 

мүмкін. 


 

3.  Алдын  ала  шешім  берілгеннен  кейін  оған  байланысты  заңдар, 

фактілер немесе мән-жайлар өзгермесе, ақылға қонымды уақыт кезеңі 

ішінде жарамды болуға тиіс. 

 

4.  Егер  Тарап  алдын  ала  шешімді  кері  қайтарса,  өзгертсе  немесе 



жарамсыз  деп  таныса,  ол  осындай  шешімді  қабылдау  үшін  тиісті 

фактілерді  және  негіздемені  баяндай  отырып,  өтініш  берушіні 

жазбаша  нысанда  хабардар  етеді.  Тарап,  егер  алдын  ала  шешімді 

ретроактивті  түрде  кері  қайтарса,  өзгертсе  немесе  жарамсыз  деп 

таныса, ол оны, егер алдын ала шешім толық емес, дұрыс емес, анық 

емес  немесе  ақпаратта  жаңылыстыруға  алып  келетін  жағдайда  ғана 

жасай алады. 

 



38 

 

 



5.  Тарап  берген  алдын  ала шешім  оған осындай шешім үшін жүгінген 

өтініш берушіге қатысты осы Тарап үшін міндетті болуға тиіс. Тарап 

өтініш беруші үшін алдын ала шешімнің міндеттілігін көздеуі мүмкін. 

 

6.  Әрбір Тарап, кемінде:



 

 

(a)  алдын ала шешімге арналған өтінішке қойылатын талаптарды, 



оның ішінде ұсынылуы тиіс ақпаратты және оның форматын; 

 

(b)  алдын ала шешім шығарылатын уақыт кезеңін; сондай-ақ 



 

(c)  алдын  ала  шешім  жарамды  болып  табылатын  уақыт  кезеңін 

жариялайды. 

 

7.  Әрбір Тарап өтініш берушінің жазбаша сұрау салуы бойынша алдын 



ала шешімді немесе алдын ала шешімді кері қайтару, өзгерту немесе 

жарамсыз деп тану туралы шешімді қайта қарауды жүзеге асырады. 

 

8.  Әрбір  Тарап  коммерциялық  құпия  ақпаратты  қорғау  қажеттігін 



назарға  ала  отырып,  оның  пікірі  бойынша,  басқа  мүдделі  тұлғалар 

үшін елеулі қызығушылық тудыратын алдын ала шешімдер жөніндегі 

кез келген ақпаратты көпшілікке қолжетімді етуге ұмтылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет