40
1. Әрбір Тарап сұратып отырған Тарап берген фактілер немесе ақылға
қонымды негіздер болған жағдайларда, осы Тарауды қолдануға
байланысты туындайтын кез келген мәселе бойынша басқа Тараптан
кез келген уақытта консультация сұрата алады.
2. Консультациялар осы Келісімнің 12.2-бабына сәйкес құрылатын
тиісті байланыс пункттері арқылы, сұрау салуды алған сәттен бастап
60 күн ішінде немесе Тараптардың өзара келісуі бойынша белгілеген
кез келген басқа уақыт кезеңі ішінде жүргізіледі.
3. Егер қаралып отырған мәселе мұндай консультациялар арқылы
шешілмейтін жағдайда, сұрау салушы Тарап бұл мәселені Келісімнің
осы Тарауының 6.24-бабында аталған Кіші комитетке қарауға жіберуі
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: