Бір тараптан еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан



Pdf көрінісі
бет44/83
Дата06.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#11934
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   83
Байланысты:
ЕЭУ бағалау

7.3-бап  

 

Халықаралық келісімдер 

 

1.  ЗМҚСА  Келісімінің  қатысушылары  болып  табылатын  Тараптар 

ЗМҚСА  келісімінде  белгіленген  өз  міндеттемелерін  растайды. 

ЗМҚСА  келісімінің  қатысушылары  болып  табылмайтын  Тараптар 

ЗМҚСА келісімінің қағидаттарын ұстанады. Тараптар: 

 

(a)  1967  жылғы  Стокгольм  актісі  редакциясындағы  1883  жылғы 



20  наурыздағы  Өнеркәсіптік  меншікті  қорғау  жөніндегі  Париж 

конвенциясын (бұдан әрі «Париж конвенциясы» деп аталады); 

 

(b)  1971  жылғы  Париж  актісі  редакциясындағы  1886  жылғы  9 



қыркүйектегі  Әдеби  және  көркем  шығармаларды  қорғау  туралы 

Берн конвенциясын (бұдан әрі «Берн Конвенциясы» деп аталады); 

 

(c)  1971  жылғы  29  қазандағы  Фонограмма  жасаушылардың 



мүдделерін 

олардың  фонограммаларының  қайта 

заңсыз 

шығарылуынан қорғау туралы конвенцияны; 

 

(d)  1996  жылғы  20  желтоқсандағы  ДЗМҰ-ның  авторлық  құқық 



жөніндегі шартын (бұдан әрі «АҚШ» деп аталады); 

 

(e)  1996 жылғы 20 желтоқсандағы ДЗМҰ-ның орындаушылықтар 



мен  фонограммалар  жөніндегі  шартын  (бұдан  әрі  «ОФШ»  деп 

аталады); 

 

(f)  1891 жылғы 14 сәуірдегі Белгілерді халықаралық тіркеу туралы 



Мадрид  келісімін  және  1989  жылғы  28  маусымдағы  Белгілерді 

халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне хаттаманы; 

 

(g)  2001 жылғы Вашингтон актісі редакциясындағы 1970 жылғы 



19 маусымдағы Патенттік кооперация туралы шартты; және 

 

(h)  1977 жылғы 28 сәуірдегі Микроорганизмдерді патенттік рәсім 



мақсаттары  үшін  депонирлеуді  халықаралық  тану  туралы 

Будапешт шартын қоса алғанда, қатысушылары болып табылатын 

зияткерлік  меншік  құқықтары  саласындағы  қолданыстағы 

халықаралық шарттарда белгіленген өз міндеттемелерін растайды. 




44 

 

 



 

2.  Тараптар 

2001  жылы  14  қарашада  ДСҰ-ның  Министрлік 

конференциясында  қабылданған  ЗМҚСА  келісімі  және  қоғамдық 

денсаулықты  сақтау  туралы  Доха  Декларациясында  белгіленген 

қағидаттарды мойындайды. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет