7.21-бап
Өсімдіктердің жаңа сорттары
1. Тараптар ең болмағанда, 1978 жылғы 23 қазандағы жағдай бойынша
Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық
конвенцияға сәйкес ұсынылатын қорғау деңгейіне ұқсас деңгейде
өсімдіктердің жаңа сорттарының селекционерлеріне қатысты барабар
және тиімді қорғауды ұсынады.
2. Селекционердің рұқсаты қорғалатын сорттың көшеттік материалына
қатысты кем дегенде мынадай әрекеттерді орындау үшін талап
етіледі:
(a) коммерциялық мақсаттар үшін өндіру немесе өсімін молайту
(көбейту);
(b) коммерциялық мақсатта көбейту үшін егу деңгейіне дейін
жеткізу;
(c) сатуға ұсыну;
(d) сату немесе өткізудің басқа да түрлері; және
(e) импорт немесе экспорт.
Достарыңызбен бөлісу: |