53
Зияткерлік меншік объектілерін тіркеу үшін қажетті құжаттар мен
мәліметтер
Тараптар өздерінің заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілеріне
сәйкес зияткерлік меншік объектілерін тіркеу үшін қажетті құжаттар мен
мәліметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
7.24-бап
Зияткерлік меншік объектілеріне
құқықтардың сақталуын қамтамасыз ету
1. Тараптар өздерінің заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық
актілеріне және өздері қатысушылары болып табылатын халықаралық
келісімдерге сәйкес зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың
сақталуын, қамтамасыз етеді.
2. Тараптар құқық иеленушілерге зияткерлік меншік объектілеріне
құқықтардың сақталуын қамтамасыз ету үшін азаматтық, әкімшілік
және сот рәсімдеріне жүгіну мүмкіндігін ұсынады.
3. Тараптар цифрлық ортада зияткерлік меншік объектілеріне
құқықтардың сақталуын қамтамасыз етуге ұмтылатын болады.
4. Тараптар зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың, атап
айтқанда, авторлық және сабақтас құқықтардың, тауар белгілерінің,
өнертабыстар мен пайдалы модельдердің және өнеркәсіптік
үлгілердің
сақталуын
күшейту
мақсатында
бір-бірімен
ынтымақтасады.
Достарыңызбен бөлісу: