Бір тараптан еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан



Pdf көрінісі
бет65/83
Дата06.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#11934
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   83
Байланысты:
ЕЭУ бағалау

 

 

 

8.5-бап 


59 

 

 



 

Ынтымақтастық 

 

1.  Тараптар бәсекелестік саласындағы тиімді құқық қолдану мақсатында 

ынтымақтастықтың маңыздылығын мойындайды. Тараптар өздерінің 

заңнамасына  және  маңызды  мүдделеріне  сәйкес  келетін  нысанда, 

сондай-ақ  қажетті  ресурстардың  бар  болуына  сүйене  отырып, 

ынтымақтастық жасауға уағдаласты. 

 

2.  Ынтымақтастық ақпарат алмасуды, консультацияларды, осы  баптың 



3-тармағында  көзделген  бәсекелестік  саласындағы  құқық  қолдану 

қызметін  жүзеге  асыру  кезіндегі  ынтымақтастықты  және  әрбір 

Тараптың  бәсекелестік  саясат  пен  бәсекелестік  саласындағы  құқық 

қолдану  саласындағы  әлеуетін  нығайту  мақсатындағы  білім  беру 

бағдарламаларын,  семинарларды,  бірлескен  зерттеулер  мен 

ынтымақтастықтың  басқа  да  нысандарын  қамтитын  техникалық 

ынтымақтастықты қамтиды. 

 

3.  Егер  Тарап  екінші  Тараптың  аумағында  бәсекелестікке  қарсы 



практикалар  оның  мүдделерін  қозғады  деп  есептеген  жағдайда,  ол 

екінші Тараптан бәсекелестік саласындағы құқық қолдану мәселелері 

бойынша  ынтымақтастық  туралы  сұрата  алады.  Сұрау  салынатын 

Тарап сұрау салуды мұқият қарайды және өзінің заңдары мен өзге де 

нормативтік  құқықтық  актілеріне  сәйкес  бәсекелестік  саласындағы 

құқық  қолдану  қызметіне  бастамашылық  жасау  мүмкіндігі  туралы 

шешім қабылдайды, сұрау салушы Тарапқа қарау нәтижелері, сондай-

ақ,  егер  оған  бастамашылық  жасалған  жағдайда,  бәсекелестік 

саласындағы  құқық  қолдану  қызметінің  нәтижелері  туралы  ақпарат 

береді. 


 

4.  Бір  Тарап  осы  Тараудың  мақсаттары  үшін  екінші  Тарапқа  ақпарат 

берген  жағдайда,  мұндай  Тарап  осындай  ақпаратты  тек  қана  осы 

мақсаттар  үшін  пайдаланады  және  осындай  ақпаратты  беретін 

Тараптың  келісімінсіз  өзге  тұлғаларға  және/немесе  үшінші  елдерге 

ашылмауға  немесе  берілмеуге  тиіс.  Осы  Тараудың  ережелеріне 

қарамастан, Тараптардың ешқайсысы, егер өзінің тиісті заңдары мен 

өзге де нормативтік құқықтық актілерінде осындай ақпаратты беруге 

тыйым салынған жағдайда, екінші Тарапқа ақпаратты беруге міндетті 

емес. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет