10.4-бап
Кіші комитеттер және ad hoc жұмыс топтары
1. Тараптар Бірлескен комиссия шеңберінде осы Тарау қамтитын
мәселелер бойынша Тараптардың ынтымақтастығын ілгерілету
мақсатында кіші комитеттер немесе ad hoc жұмыс топтарын құру
туралы мәселелерді қарастыруы мүмкін.
2. Мұндай кіші комитеттерді немесе ad hoc жұмыс топтарын құру және
өкілдік деңгейіне қатысты мәселелер Тараптардың тиісті
органдарымен дербес келісіледі.
3. Кіші комитеттер мен ad hoc жұмыс топтары тиісті секторлардағы
ынтымақтастық бойынша жоспарлар мен бастамаларды әзірлеп және
қабылдауы немесе оларды Бірлескен комиссияның қарауына ұсынуы
мүмкін.
|