Бір тараптан еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан



Pdf көрінісі
бет70/83
Дата06.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#11934
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   83
Байланысты:
ЕЭУ бағалау

10-ТАРАУ 

 

САЛАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ 

 

10.1-бап 

 

Мақсаттары 

 

1.  Мыналар осы Тараудың мақсаттары болып табылады: 

 

(a)  Тараптар  арасындағы  салалық  ынтымақтастық  пен  өзара  іс-



қимылды өзара тиімді дамыту; 

 

(b)  инновациялық қызметке жәрдемдесу; 



 

(c)  Тараптар  экономикаларының  инвестициялық  тартымдылығы 

мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру; және  

 

(d)  сауда  мен  инвестициялар  саласында  орнықты  дамуды  және  



ынтымақтастықты алға жылжыту. 

 

2.  Ынтымақтастық мынадай қағидаттарға негізделеді: Тараптардың тең 



құқықтылығы  мен  ұлттық  мүдделерінің  ескерілуі,  өзара  тиімділік, 

адал бәсекелестік, кемсітпеушілік және транспаренттілік. 

 

3.  Тараптар салалық ынтымақтастықты ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 



және  Қытайдың  осы  саладағы  қолданыстағы  немесе  жоспарланып 

отырған екіжақты ынтымақтастық бастамаларына нұқсан келтірмей, 

өздерінің  экономиканың  әртүрлі  салаларын  дамыту  стратегиялары 

мен бағдарламаларын ескере отырып дамытады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет