Тұрақтар мен жекелеген заттар. Қазақстан аумағында кейінгі
палеолиттің толық зерттелген ескерткіштері кӛп емес. Жоғарғы палеолиттік
ӛзге тҧрпаттармен бірге Қазақстандағы тас қҧралдардың негізгі кӛпшілігінде
тҧтас ҧзынша малта тастардан жасалған ежелгі шапқы қҧралдар, жҥзі
шығыңқы немесе имек ауыр қырғыштар, дӛңгелек ӛзектастардан алынған
ҥшкіл тас тіліктері бҧрынғыша басты орын алады.
Кӛне замандары тас ӛңдеудің жергілікті қазақстандық-ортаазиялық
әдістері соңғы палеолитте Алтай мен Сібірді мекендеушілердің арасында
кеңінен тарады.
Балқаштың солтҥстік тӛңірегінің жоғарғы-палеолиттік ескерткіштерінің
соңғы шекарасы осы заманғы антропогеннің басталуымен немесе
геологиялық голоценнің басталуымен тҧстас келеді. Нақ осы уақытта қҧрғақ
климаттың басталуына байланысты ірі сҥт қоректілерді аулайтын аңшылар
тайпалары кеуіп қалған шалғын алқаптардан кетуге және мамонттардың,
бизондардың соңынан ере отырып, солтҥстікке қарай ылғалы мол аймақтарға
қоныс аударуға мәжбҥр болды. Олар Тораңғы ӛзенінің аңғарындағы, Тҥлкілі
мен Семізбҥғы тауларының бӛктеріндегі кӛптеген тҧрақтарда талай тас
заттар: сына тәрізді ӛзектастар, ӛзектас-қырғыштар, шомбал дӛңгелек тас
жаңқалары мен пышақ тәрізді тас тіліктерге негізделген қырғыштар, ортаңғы
қыры кесетін кескіштер, мустьелік бітімді ҥшкіртастар, «сібірлік» тҧрпатты
ауыр қырғыштар қалдырды. Орталық Қазақстанның басқа жерлерінен,
мысалы, Батпақ-7, Қарабас-3, Ангренсор-2 жҧрт-орындарынан да тас
қҧралдар табылды.
Мустьелік Батпақ-8 ескерткішінің қасындағы бірінші тҧрақтың (Батпақ-7)
қалың мәдени қабаты бар. Онда мамонт фаунасына жататын сҥт
қоректілердің сҥйектері табылған. Заттардың ішінен ҥш бҧрышты және
трапеция тәрізді жасалған әрі жан-жағынан жарылып алынған екі ірі тас
тілігі ерекше кӛзге тҥседі.
Қарабас-3 жҧрт-орнынан (Қарағандының оңтҥстік-батыс жағында)
порфириттен жасалынған 172 дана бҧйым жиналды. Олардың ішінде дӛрекі
тас жаңқалар, екі дӛңгелек ӛзектас, тас жаңқалары шағып алынған із
байқалатын алты ҧра-тас, ҥш дӛрекі тас тілігі, шапқы қҧралдар және сҥңгі
ҧшының сынығы бар.
Ҥшінші тҧрақ Орталық Қазақстанның шығыс жақ шетінде (Екібастҧз
қаласының оңтҥстің жағында), Ангренсор кӛлі солтҥстіктен орап жатқан
шоқының оңтҥстік баурайына орналасқан. Бҧл жерден яшмадан жасалған
1000-нан аса бҧйым жиналды. Олар - кӛп алаңды дӛңгелекше келген сҥйір
ӛзектастар, соқпа қыры жақсы аңғарылатын қысқа және жалпақ тас
жаңқалар, тас тіліктері, жонғыштар, шапқы тәрізді қҧралдар, қырғыштар,
кескіш-тескіштер, сҥңгінің жапырақ тәрізді ҧштарының сынықтары.
Шығыс Қазақстан ескерткіштерінің ішінде де жарқын нысандар
жеткілікті. Әсіресе олардың арасынан ҥш ескерткіш материалдары ерекше
кӛзге тҥседі деуге болады.
Бірінші тҧрақ Бҧқтарма ӛзенінің қҧйылысына жақын жердегі кішігірім
әкті ҥңгірге кіре берісте орналасқан. Батыс жағынан кіретін аузы бар ҥңгір
72
екі ҥңгіме қуыстан тҧрады; бҧлар екеуіне де ортақ кең әрі биік жаппа арқылы
біріккен. Мәдени қабатты археологтар ҥш жыл бойы қазғанып, жер ошақ
қалдықтарын, еңбек қҧралдарын, жабайы аңдардың сҥйектерін тапқан.
Жоғарғы-палеолиттік адамның аулаған аңдары Бҧқтарма ҥңгірінде
плейстоцендік және осы заманғы фаунаның ерекше назар аударарлық
қоспасы болып шықты. Одан мамонт пен жҥндес зубр, арқар, марал, ҥңгір
қорқауы, қоңыр аю, қҧлан, қасқыр, Кноблох тҥйесі, елік, т.б. аңдардың
сҥйектері аршып алынған.
Топтамада (коллекцияда) тас тіліктерінен жасалған қырғыштар да
кездеседі, олардың бірі жалпақ дӛңгелек тастан жасалып, айналдырыла
тҥзетілген; шеттері тҥзетілген және ҧшы дӛңгелек етіп жасалынған пышақ
тәрізді шомбал тас тілігі, пирамида пішінді шағын ӛзектас, призма секілді
ӛзектастан алынған тас тіліктері, екі шетінде де жҧмыс ізі бар порфириттен
жасалған тоқпақша бар. Бҧлармен бірге малтатастан істелген шапқы қҧрал,
жалпақ тас жаңқасынан жасалған қырғыш және тҥзетілмеген тас жаңқалары
табылды.
Ертістің оң жақ жағалауындағы Новоникольское тҧрағынан табылған
тас қҧралдар 0,9-1 м тереңдіктен шыққан. Бҧл заттар кешені Қазақстан
аумағындағы жоғарғы-палеолиттік кезеңдегі мәдениетке тән. Мҧнда ҥлкен
тас жаңқадан дайындалған жҧмыс шеті шығыңқы ҥш бҧрышты тҧрпатты
қырғыш,ҥшкіртас тҥрінде тҥзетілген қҧрал, призма тәрізді ӛзектастар және
олардан шағып алынған тас тіліктері, ақырында, тҧтас малтатастан жасалған
ауыр шапқы қҧрал бар.
Ал ҥшінші қоныс – Шҥлбі. Ол бҧрынғы Семей облысы (Шығыс
Қазақстан – ред.), Новошульба ауданы Старая Шульба кентінен шығысқа
қарай 3 км жерде. Ескерткіш Ертіс ӛзенінің оң жағасындағы, Ертіс ӛзенінің
оң тармағы болып табылатын Шҥлбі ӛзені сағасына жақын жердегі 35-40
метрлік сӛреде орналасқан. Сӛре қҧрылымы ӛте кҥрделі. Табандығы
шақпақты сланецтерден, шоғырлы бӛлігі – қҧм мен балшықты топырақтан
тҧрады. Кей жерлерінде оны кішігірім жыралар кесіп ӛтеді.
Мҧнда аңшы-адам ҧзақ тҧрақтағандығын тас бҧйымдары мен шағын
ошақтар айқындайды. Тас бҧйымдары барлық ҥш горизонттардан шыққан,
бірақ олардың ең кӛбі 5000-нан астамы ҥшіншіден жинастырылған. Тас
бҧйымдар коллекциясында сҥйір, сына, призма сипатты ӛзектастар,
жонғыштар мен қырғыштар, ҥшкіртастар, тескіштер мен шой-балғалар
ерекше кӛзге тҥседі. Малта тастан жасалған бҧйымдар ӛте ірі кӛлемді,
олардың қайсыбірі, әсіресе ӛзектастар дӛңгелек әрі тығыз. Ҥшінші
горизонттың еденін тазалау кезінде әрқайсысының диаметрі 15 см-ден кем
емес 6 дӛңгелек келген қара дақ анықталды. Бәлкім, бҧл баспананың тӛбесін
тіреп тҧрған ағаш бағаналардың ізі болар. Одан басқа, малта тастардан
соғылған 2 ошақ орны, диаметрі 25 см от орындары аршылған.
Олжалардың горизонттар бойынша біркелкі кӛлемде болмауы, жоғарғы
горизонтта шағын тҧрпатты қҧралдардың басымдығы, ал ірілерінің – тӛменгі
қабаттарда кездесуі – тҧрақты мекен еткен адамдардың палеолит пен
неолитте ӛмір сҥргендігін кӛрсетеді.
73
Шығыс Қазақстандағы тас қҧралдар табылған жҧрт-орындар Алтай мен
Сібірдің Сростки, Бирюса, Афонтова гора-2, Кокорево-2 жоғарғы-
палеолиттік ескерткіштеріне ҧқсас.
Оңтҥстік Қазақстанда кейінгі палеолиттік ескерткіштер онша кӛп емес.
Олардың арасынан Ащысай тҧрағы зор қызығушылық туғызады. Оның
қалдықтары Тҧрлан ӛзенінің (Терісаққан; Шолаққорған кентінің батысында)
биік сол жақ алаңқайында. Алаңқайдың сҧр әктен тҧратын жарының астыңғы
қабатында қҧмдақ пен қҧм басып қалған 5-6 метр қҧлама және малта тас
қабат бар; одан жоғары 12-14 м қалың саздақты, ол қалыңдығы 0,3-0,4 м
жіктерден қҧралған. Саздақ қабат сӛре тәрізді алаңқайдың бетінен 10 метр
терең қазылғанда ашылды.
Қазба барысында жер бетінен 7,5-7,8 м тереңдіктен мәдени қабат
аршылған. Одан 15 от орындары анықталған; бҧлардың жанында
хайуандардың (бизон, тау қойы, жабайы жылқы) уатылған сҥйектері және әр
тҥрлі шақпақ тас бҧйымдары табылды. Ащысай тҧрағының алғашқы
аңшыларының қалдырған қҧралдары арасынан қырғыштар, ҥшкіртастар,
пышақ тәрізді тас тіліктері, тескіштер кездеседі. Сонымен қатар призма және
сҥйір пішінді ӛзектастар, ӛндірістің кӛптеген қалдықтары аршып алынған.
Соркӛл кӛлі (Байқадам ауылының шығысында) қазаншҧңқырының
екінші сӛре тәрізді биікшесіндегі екі жерден тас бҧйымдардың тағы бір
топтамасы табылды; ондағы бҧйымдарды жасауға шақпақ тас пайдаланылған
- арқа тҧсы кең бҧрыс қырлы тас жаңқалары мен тіліктері, призма және сҥйір
тәрізді ӛзектастар, қырғыштар.
Сондай-ақ, бірқатар кейінгі палеолиттік кӛрнекті қҧралдары Ҥсіктас
ӛзенінің ҥшінші алаңқайының жарқабағынан ашылды. Шағын алаңдағы
қиыршық тастар мен малта тастар қабатынан шақпақ тас бҧйымдары шықты.
Тас жаңқаның бірі талай рет омырылған белгілер мен айнала тҥзетілген
іздерді сақтаған. Басқа ондаған шақпақ тас бҧйымдарының арасынан алдын
ала талай рет ӛңделген белгілері бар, ҧзын пышақ тәрізді жалпақ тас тіліктері
ерекше кӛзге тҥседі.
Жетісу аумағы соңғы уақыттарға дейін Қазақстан археологиясы
палеолитіндегі «ақтаңдақтардың» бірі болып келді, мҧны ең алдымен ӛлкенің
аз зерттелуімен тҥсіндіруге болады. Артефактілері ашық жатқан (барлығы
187 дана) жҧрт-орындардан Шарын аңғарындағы Ақтоғай-1-4 ескерткіштерін
айта кетуге болады.
Мҧнда тҧңғыш рет кӛп мәдени қабаттан тҧратын Майбҧлақ тҧрағы
ашылды. Ол Алматы облысында (Қарасай ауданы), Алматы қаласынан
батысқа қарай 44 км жерде, Фабричный (Қарғалы) ауылынан оңтҥстік-
батысқа қарай 1,5-2 км жердегі Іле Алатауының солтҥстік беткейінде
орналасқан. Айта кететін бір жайт, 1990 жылдар бас кезінен бастап жергілікті
ӛлкетанушылар мен археологтардан Фабричный (Қарғалы) ауылы
тӛңірегінде тас дәуірі ескерткіштері бар екендігі туралы ақпараттар тҥсе
бастады. Аталған тҧрақ сары топырақты тӛбешікте, тау баурайындағы шағын
Майбҧлақ ӛзенінің оң жағалауындағы ӛзімен аттас шатқалда орналасқан.
Тӛбешік бҧрын биіктігі 150-200 м тҧтас бір жотаны қҧраған кертпештің бір
74
бӛлігі болып табылады. Бҥгінгі кҥні Майбҧлақ тҧрағы қираған нысандардың
бірі, оның басым бӛлігі қҧрылыс жҧмыстарының барысында бҧзылған.
Қазіргі таңда ҧзындығы 60-70 м солтҥстіктен оңтҥстікке қарай созылған
тӛбешіктің тек шығыс бӛлігі ғана сақталған. Жерден санағанда тӛбешіктің
биіктігі 4-4,5 м-ге жетеді.
Қазба жҧмыстары тӛбешіктің орталық бӛлігінде жҥргізілді, оның аумағы
130 шаршы м-ді қҧрады. Далалық жҧмыстар кезінде қазба тереңдігі
(траншеяның батысындағы аумағы 2х2 м шурф) 8 м-ге дейін жетті. Зерттеу
барысында ҥш мәдени қабат (горизонт) анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |