Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ


сынықтары,  шеттері  қатарлас  қысқа  тас  тіліктері,  негізі



Pdf көрінісі
бет11/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   117
Байланысты:
Казакстан археологиясы 334 бет Түркістан

 

сынықтары,  шеттері  қатарлас  қысқа  тас  тіліктері,  негізі  шомбал

 

ҥшкіл жарықшақтар мен тас жаңқалары бар. 



       Орталық  Қазақстан  оннан  астам  мустье  мен  кейінгі  палеолит 

уақыттарының  жҧрт-орындары  мен  тҧрақтары,  соның  ішінде  екі  мәдени 

қабаттан  тҧратын  Вишневка  және  Ӛгізтау-1,  2  тҧрақтары  табылған. 

Соңғылары  бҧрынғы  Жезқазған  облысы  (қазіргі  Қарағанды  облысы  –  ред.) 

Ағадыр  ауданы  аумағында  шоғырланған.  Мҧндағы  палеолит  пішінді  тас 

бҧйымдары  Ӛгізтау  тауының  етегіндегі  бҧлақ  маңынан  анықталған. 




 

65 


Арасында  жонғыш,  қырғыш,  бифас,  ҥшкірлі  тас,  чоппер  және  чоппинг 

тәрізді, сондай-ақ ойықты қҧралдар бар. 

      Ӛгізтау-1,  2  тҧрақтарында  дӛңгелек  және  протопризма  ӛзектастарының 

аралас  жатуы,  сонымен  қатар  ҥшкіл  тас  жаңқалары  мен  шеті  бірдей  тас 

тіліктерінің  болуы,  олардағы  соққы  алаңқайының  тегістігі  тас  ӛңдеу 

техникасындағы  ӛзгерістерді  айғақтайды,  мҧның  ӛзі  тҧрақ  коллекциясын 

ерте мустье уақытына, бәлкім ашель дәуіріне де жатқызуға мҥмкіндік береді. 

        Кейінгі  жылдары  тҥрлі  уақыттарды  қамтитын  палеолит  ескерткіштері 

кӛп табылған Орталық Қазақстан аумағын Қазақстанның ежелгі тас ғасырын 

зерттеу ісіндегі неғҧрлым келешегі зор аудан ретінде санауға болады.    

Балқаштың  солтҥстік  тӛңірегі  мен  Ертістің  сол  жағалауынғы  тас

 

дәуірінің  ең  кӛп  тараған  ескерткіштері  —  тҧрақтар-шеберханалар  мен  тас 



қашайтын  орындар.  Егер  Сарысу  аңғарында  тас  индустриясы  сындырып 

жҧқарту техникасына негізделсе, Балқаштың солтҥстік тӛңірегінің және оған 

іргелес  аудандардың  ескерткіштерінде  жарықшақ-дайындама  ӛндірісі 

леваллуа 

техникасының ҧзақ уақыт болуымен сипатталады, мҧның ӛзі соңғы 

палеолитте  де

 

маңызын 


сақтады.  Мҧнда 

ол 


неғҧрлым  жетілген  және 

кемелденген тҥрде мәлім. 

Бҧл  аудандардағы  заттардың  негізгі  ҥлгілері  —  заттың  ҧзына

 

бойына 



қарай  арнайы  қисайтылған  алаңы  бар  ӛзектастар.  Ә

детте, 


мҧндай 

ӛзектастардан  алынатын  тас  тіліктері  радиалдық  (шетінен  ортасына  қарай) 

опыру  техникасы  арқылы  бір  жағынан  ғана  алынды.  Жарықшақтар  мен  тас 

тіліктер тҧрпаты ӛзектастың

 

бҧрышты және ҧзынша ҥш бҧрышты бітімдеріне 



сай  келеді.  Тас  тіліктері  мен  жарықшақтардың  кескіш  жҥздері  әдетте 

қосымша тҥрде тҥзетілмейтін еді. 

Тас  қҧралдарын  жасауда  л

еваллуа 


техникасы  дамуды  аңғартады.  Ол 

 

бірақ  Орталық 



Қазақстанның  барлық  аудандарында  бірдей  тарамаған  еді,

 

ӛйткені  тас 



индустриясының  сипаты  әрбір  жағдайда  шикізат  кӛзіне 

байланысты  болды. 

Мәселен, 

Балқаштың 

солтҥстік 

тӛңірегінде  негізгі  іске 

асар  материал 

тақта-тақта  сынықтар  тҥрін

дегі  қара,  сҧрғылт 

жасыл  тҥсті, 

шақпақты  девон  алевролит  болса,  Балқаштың  солтҥстік-батыс  тӛңірегіндегі 

Бәле  тауындағы  ежелгі  адам  порфиритті  пайдаланды,  ал  Ертістің  сол 

жағала

уында  сҧр  тҥсті,  тығыз 



жентектелген  кварцты  қҧмтас  негіз

гі  шикізат 

болды. 

Оның ҥстіне, Орталық Қазақстанның ежелгі тҧрғындарының леваллуа 

техникасы  тас  ӛңдеудің  неғҧрлым  ертедегі  дәстҥрлерімен  —  клектондық 

және дӛнгелек етіп жасайтын жарықшақ-дайындама ӛндірісінің жҥйелерімен 

қатар жҥрді. 

      Балқаштың  солтҥстік  тӛңірегіндегі  тҧрақтардың  кӛпшілігінде  тас 

қҧралдар  бҥркелмеген  және  ҥстін  топырақ  баспаған  кҥйде  кездеседі  және 

ашель  дәуірінен  бастап  қоса  есептегенде  кейінгі  палеолитке  дейін  тас 

дәуірінің  әр  тҥрлі  кезеңдерін  қамтиды.  Мҧның  себебі  былай  тҥсіндіріледі  - 

орта  және  соңғы  антропоген  дәуірлерінде  Балқаштың  солтҥстік  тӛңірегінің 

климатында  кҥрт  ӛзгерістер  болған  жоқ,  сондықтан  бір  замандары 

адамдардың  алғашқы  ҧжымдары  кӛбінесе  ӛздерінің  арғы  бабаларының 

тандап  алған  неғҧрлым  ыңғайлы  жерлерін  мекендеді.  Әдетте,  әр  тҥрлі 



 

66 


дәуірлердің  ескерткіштерін  мәдени  қабатқа  қарай  айырады,  ал  бҧл 

аудандарда  мәдени  қабаттың  қалыптасуына  су  мен  желдің  кҥшті  әрекеті 

кедергі  болды.  Кейінгі  палеолиттің ақырғы  кезеңінде  ғана  ксеротермикалық 

климаттьщ  басталуына  байланысты  адамдар  Балқаштың  солтҥстік 

тӛңірегінің бір кездегі сулы, жасыл алқаптарынан кетуге мәжбҥр болды. 

Алайда  Орталық  Қазақстанның  шығыс  аудандарындағы  палеолиттік 

ескерткіштердің бәрі бірдей аралас топтамалармен сипатталмайды. Олардың 

кейбіреулерінде ашель-мустье дәуіріндегі қҧралдар «таза» кҥйінде кездеседі. 

Бҧған  Орталық  Қазақстанның  солтҥстік-шығыс  жақ  шетіндегі  Қҧдайкӛл 

кӛлінін жағасындағы тҧрақ-шеберхана материалдары мысал бола алады. 

Ежелгі адамдар кӛлдің жарқабағындағы палеоген тегінен қҧралған сӛре 

алаңқайға  орта  антропогеннің  басында,  климат  жылы  және  ылғалды  болған 

дәуірде  қоныстанған.  Ал  бҧл  қоныстарынан  олар  Сібірдің  мейлінше 

(самарлық) мҥздануы заманында кетті; бҧл кезде Батыс Сібір мен Алтайдың 

мҧзды аймақтарының арасында тҧрған Ертістің сол жағалауында қҧрғақ және 

суық климат басталды. 

Қҧдайкӛл тҧрағындағы қҧралдар тығыз жентектелген кварцты қҧмтастан 

жасалған. Олардың арасында ҥшкіл және тілік секілді сынықтардан жасалған 

16 қол шапқы, жоғары жағы шағып тҥсірілген жаңқадан дайындалған 5 ауыр 

жонғыш бар. Алайда коллекцияның денін тік бҧрышты және ҥшкіл тҧрпатты   

бір   алаңқайлы ӛзектастар (70 дана), сондай тҧрпатты жарықшақтар мен тас 

тіліктері  қҧрайды.  Заттардың  бҥкіл  кешені  тас  ӛңдеудің  леваллуалық 

дәстҥрінде жасалған. 

Мустьеліктердің  болған  іздері  Жоғарғы  Ертіс  ӛңірінен  де  табылды. 

Қанай  аулы  маңында  Нарым  жотасына  оңтҥстіктен  жіңішке  делювийлік-

пролювийлік  алаңқай  жалғасады.  Палеолиттік  қҧралдар  алаңқайды  10 

метрдей  тескен  осы  заманғы  карьерден  және  оның  айналасынан  жиналды. 

Мҥжілуі,  жасалу  техникасы  және  бітімдері  жағынан  бҧл  қҧралдар  ҥш  топқа 

бӛлінеді.  Ең  ежелгі  топқа  жататын  қҧралдарға  мейлінше  таттанып,                                         

мҥжілген, ҥшкіл де кӛлемді тас жаңқасынан  істелінген, соғар шеті барынша 

тҥзетілген ҥшкіртастар, дӛңгелек ӛзектас және долбарлап тҥзетілен ҥшкіл тас 

жаңқалары  жатады.  Осындай  тас  жаңқалардың  бірі  қарьердің  қабырғасын 

тазартанда  5  м  тереңдіктен  табылды;  мҧның  ӛзі  бҧл  топтың  тым  ерте  кезге  

жататынын кӛрсетеді. 

Қҧралдардың  басқа  екі  тобы  уақыты  жағынан  кейінірек  жасалған. 

Бҧларды  жасау  ҥшін  пайдаланылған  материал  қара  және  жасыл  малта  тас 

болған. 

       Нарым  ӛзенінің  қҧйылысына  жақын  жерде,  жағадағы  малта  тасты 

тҧнбадан  біраз  заттар  жиналды.  Олардың  ішінде  бҧрыс  қырлы  ӛзектастар, 

ҥлкен-ҥлкен қырғыштар, ҥшкіртастар, дӛңгелек қҧралдар, кӛне тас жаңқалар 

бар. 

Қанай  тас  қҧралдарының  бір  тобымен  бірге  табылған  плейстоцендік 



жануарлардьң  сҥйектерінің  абсолюттік  жасы  132-104  мың  жыл  деп 

белгіленген;  мҧның  ӛзі  палеолиттің  археологиялық  тҧрғыдан  дәуір-дәуірге 

бӛлінуімен  әбден  ҥйлеседі.  Алдыңғы  Азия  жӛнінде  белгіленуі  бойынша 



 

67 


мустье  дәуірі  бҧдан  шамамен  40  мың  жыл  бҧрын  аяқталған,  ал  оның 

ҧзақтығы 50-60 мың жыл болуы әбден мҥмкін. 

Шығыс  Қазақстанда  әзірше  ең  ертедегі  қҧралдар  мустьелік  тҧрпаттағы 

қҧралдар  болғандықтан,  Ертістің  жоғарғы  жағын  адам  алғаш  рет  мустье 

дәуірінде  игерген  деп  топшылаған  жӛн.  Бірақ  Қазыбай  секілді  кейбір 

ескерткіштердің  жекелеген  бҧйымдары  ашель  заманында  мҧнда  адамзат 

мекендей бастауы мҥмкін екендігін нақты кӛрсетеді. 

Палеолит  заманындағы  маңызды  орталықтардың  бірі  Ақтӛбе 

облысындағы  Мҧғалжар  ауданы  болды.  Мҧғалжар  тауында  шикізат 

кӛздерінің  мол  болуы  ежелгі  адамдардың  еңбек  қҧралдарын  асқан 

шеберлікпен  жасауларына  мол  мҥмкіндік  бергендігі  байқалады.  Мҧнда  осы 

ғасырдың бас кезінде біріккен Қазақстан-Ресей археологиялық экспедициясы 

(жетекшісі  академик  А.П.Деревянко,  Қазақстан  жағынан  отряд  басшысы 

Ж.Қ.Таймағамбетов)  жҥргізген  зерттеулер  барысында  59  орыннан 

палеолиттік  тас  қҧралдары  алынған.  Бірнеше  жылға  созылған  зерттеулер 

ашель  заманындағы  бифас,  т.б.  қҧралдардың  кӛптеп  табылуына  ӛз  септіген 

тигізген  болатын.  Осы  кезден  бастап  ғылымда  мҧғалжарлық  ашель  туралы 

мәселе  кӛтеріле  бастады.  2009  жылы  Қазақстанның  тас  дәуірін  зерттеумен 

шҧғылданатын  экспедиция  (жетекшісі  Ж.Қ.Таймағамбетов)  отрядтарының 

мҥшелері  (Д.С.Байгунаков,  Ғ.Т.Бексеитов,  Ғ.Т.Искаков,  Т.Мамиров) 

Мҧғалжар ӛңірінде зерттеулер жҥргізді де, 37 орыннан тас дәуіріне жататын 

жаңа  ескерткіштер  тобын  тапты.  Олардан  жиыстырылған  еңбек 

қҧралдарының  арасында  ашель  заманына  жататын  ҥш  бҧрышты  бифас, 

ондаған ӛзектастар, бифастар, сондай-ақ тас жаңқалары, т.б. бҧйымдар саны 

мол.  Табылған  археологиялық  нысандардың  басым  бӛлігі  палеолит  дәуіріне 

жатады.  Сӛйтіп,  бҧрынғы  зерттеулерді  қоса  есептегенде  Мҧғалжар  ӛңірінен 

100 шақты палеолиттік орындар анықталған.   

      




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет