Келтеминар мәдениетін (мәдени-тарихи қауымдастығын) С.П.Толстов
бӛліп кӛрсеткен (1946 жылы). Бҧл мәдениеттің таралу аймағы – Ақшадария
атрабы, Ҥзбой, Сарықамыс атрабы, Әмударияның сол жағалауы,
Қызылқҧмның ішкі бӛлігі, Сырдарияның тӛменгі ағысы, Заравшанның
тӛменгі ӛңірі.
Келтеминар мәдениетінің уақыты б.з.б. Ҥ мыңжылдықтың ортасы мен
екінші ширегінен бастап б.з.б. ІҤ мыңжылдықты қамтиды. А.В.Виноградов
Қызылқҧм неолитінің шеңберінде оның ҥш кезеңін бӛліп кӛрсетеді: ерте
неолит – дариясай – б.з.б. ҤІІ мыңжылдық соңы мен б.з.б. Ҥ мыңжылдық
ортасы; орта неолит – жанбас – б.з.б. Ҥ мыңжылдық соңы мен б.з.б. ІҤ
мыңжылдық ортасы; кейінгі неолит – б.з.б. ІҤ мыңжылдық соңы мен б.з.б. ІІІ
мыңжылдық.
Заттай мәдениетінің сипаты. І. Алғашқы өңдеу. Алғашқы ӛңдеу
ӛнімдерінің арасындағы негізгі дайындамалар (заготовка) кӛлемі 15-32х3-7
мм шағын тас тілікшелерінен, сондай-ақ тас тіліктерінің кесіндемесінен
(сечения); Ақшадария (Жанбас-4) және Жоғарғы Ҥзбой (Қҧртыш-1)
ескерткіштеріне тән кӛлемі 25-50х9-14 мм және де профилі тік орташа тас
тілікшелерінен; сонымен қатар профилі аздап қайырылған тас тілікшелерінен
тҧрады. ІІ. Екінші қайтара өңдеу. Негізін дорсаль жағынан келіп бҥйір
тҧсынан тҥскен тҥзетулер қҧрайды, оған екі шетіне дорсаль жағынан
тҥсірілген тҥзету де тән, ал вентраль жағынан тҥскен екі жақты тҥзету аса
айқын емес. Қҧралдар жиынтығы жеті тҥрлі қҧралдардан тҧрады, олардың
арасындағы негізгілері: бір жақты шеткі және де қарама-қарсы тҥсірілген
тҥзетулер, шеттері ӛткір емес әрі тҥбі шабылған қыстырмалар.
Шығу тегі. Қолдағы мәліметтер жиынтығы келтеминар мәдениетінің
шығу тегі кӛп қҧрауышты (компонентті) екендігін және де оның негізінде
оңтҥстік қҧрауыштар басымдау екендігін кӛрсетеді (Археология СССР.
Неолит Северной Азии. М.,1996).
Қараҥңгір ҥңгірінен алынан материалдарды Орта Азиядағы келтеминар,
гиссар, орталықферғана секілді неолиттік мәдениеттердің материалдық
81
қалдықтарымен салыстырып қараған кезде келтеминар мәдениетінде
алғашқы жаңқалау техникасында, екінші қайтара ӛңдеуде, қҧралдар
жиынтығында аздап болса да жақындық (ҧқсастық) бар екендігін айта кеткен
жӛн. Сонымен бірге келтеминар мәдениетіне тән шағын тастық (микролит)
белгілермен қатар мҧнда кездесетін «дӛрекі» ӛзектастар оны гиссар және
орталықферғана мәдениеттерімен де байланыстыра тҥседі. Егер Қараҥңгір
ҥңгірінен алынған материалдық қалдықтар бірнеше кезеңдерге жатпайтын
болса, онда біздің алдымыздағы қҧбылыс гиссар және орталықферғана
мәдениеттеріне жататын еді. Және де, бҧл жерде жеке мәдениет жайлы сӛз
қозғаған дҧрыс сияқты, ӛйткені онда жазық жерлерге тән шағын тас пен
малта тас қҧрауыштардың араласуынан тау беткейлерінде ӛзіндік мәдени
қҧбылыс қалыптасқан секілді. Осыған байланысты Қараҥңгір ҥңгірін зерттеп,
қолындағы матеиалдар негізінде Қазақстанның оңтҥстігінде ӛзіндік
неолиттік мәдениеттің болғандығын айтқан Х.А.Алпысбаев кӛзқарасын
жоғары бағалағанымыз абзал.
Қараҥңгір ҥңгірінде нақты жерлеу орны жоқ. Бірақ кем дегенде екі
адамға тиесілі тіс қалдықтары, қызыл тҥсті заттардың қалдықтары,
әшекейлерде сақталып қалған тесіктер мен әшекейлер секілді фактілер ӛзіне
ерексіз назар аудартады. Егер де бҧл қҧбылыстарды кешенді тҥрде
қарастырсақ, онда белгілі бір дәрежеде адамды жерлеу ғҧрпы орын
аландығын байқауға болатын сияқты. Остеологиялық материалдар мен
сҥйектен жасалған бҧйымдардың, қабыршақ-ҧлутастардың жақсы сақталуы
антропологиялық материалдардың да осындай кҥйде сақталуы мҥмкін
екендігін кӛрсетеді. Әйтсе де біздің қолымызда бҧл пайымдауды нақты
дәлелдей тҥсетін одонтологиялық олжалардан басқа материалдар жоқ.
Қысқаша тҥрде Қараҥңгір ҥңгірінен алынған адам тіс қалдықтарына
қатысты пайымдауларға тоқтала кетелік. Ең алдымен, біріншіден, ҥңгірде
адам қаңқасы толық жерленбеген болуы мҥмкін, оның тек белгілі бір бӛлігі,
айталық бас сҥйегі ғана жерленуі мҥмкін. Мҧндай сирек кездсетін жерлеу
ғҧрпы ерекше жосын-жоралғыға байланысты болуы да ықтимал. Мҧндай
ғҧрып Месопотамияның халав мәдениетінде, Солтҥстік Қазақстандағы
Ботайда кездеседі, онда бірнеше жҧлынмен бірге бас сҥйек және қызыл тҥсті
балшық ҧшырасқан болатын. Айта кететін бір жайт, Қараҥңгір ҥңгірінен
табылған тістердің бірінен қызыл тҥсті затпен бірге мойынға іліп жҥруге
арналған тесік жасалғандығы анықталған.
Екіншіден, ол инициация ғҧрпымен байланысты болуы мҥмкін. Жас
ерекшелік инициациясы тҥрлі ғҧрыптар мен манипуляциялардан тҧрды,
бҧлар жасӛспірімдерді ересектерге тән қасиеттерге баулуы тиіс. Олардың
арасында денені жарақаттау, әдетте тісті ҧрып тҥсіру, т.б. болды. Мысалы,
Австралияның шығыс және оңтҥстік-шығыс бӛлігіндегі тайпаларда ғҧрып
бойынша тіс, соның ішінде кҥрек тіс әдейі сындырылды. Қараҥңгір
ҥңгіріндегі тістер жас мӛлшері 20-30-дардағы әйел адамдарға және 55-60
жастағы тағы бір адамға тиесілі болған, демек, шыдамдылыққа баулуға
арналған ғҧрып мҧнда орын ала қоймаған секілді.
82
Ҥшінші пайымдау бойынша, тіс сҥйектері магиялық жосын-
жоралғыларда пайдаланылып, бойтҧмар ретінде қолданылуы мҥмкін.
Әлбетте, айтылған пайымдаулар мҧндай олжалардың нақты мәнін
ашуды бірден шеше қоймайды. Оны табысты шешу ҥшін кешенді
жҧмыстармен айналысқан абзал. Қараҥңгір ҥңгірінен алынған қҧрал-
саймандардың негізгі бӛлігін сипаттауды аяқтай келе, Оңтҥстік
Қазақстандағы бҧл ескерткішті одан ары зерттеу қажеттілігіне де назар
аударған жӛн дейміз. Тарихи-мәдени тҧрғыдан Қараҥңгір Орта Азиядағы
келтеминар мәдениетінің ескерткіштеріне жақын екендігін де тағы бір рет
айта кеткен жӛн.
Оңтҥстік Қазақстандағы бірқатар неолиттік тҧрақтардан да (Тасқотан,
Шілік, Дермене-1-4, Арыс-1, т.б.) нақты материалдар алынған. Олардың
кӛпшілігінде қыштан жасалған ыдыстар жоқ. Мҧны археолог Х.А.Алпысбаев
кейбір жергілікті тайпалардың теріден жасалған ыдыстарды кеңінен
пайдаланғандығымен тҥсіндіреді. Оңтҥстік ӛңірдегі кейбір ескерткіштерде
қыш ыдыстардың болмауы немесе болуы (мысалы, Қараҥңгір ҥңгірі) мҧнда
кӛне замандарда-ақ сан қилы мәдениеттердің тоғысқандығын кӛрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |