Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет7/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   117
Байланысты:
Казакстан археологиясы 334 бет Түркістан

Республикасы тәуелсіздік алған 1991 жылдан бастауға болады. Бҧл кездері 

ғылымға 


бір 

топ 


зерттеушілер 

келді. 


Олар 

М.К.Хабдуллина, 

К.М.Қарабаспақова, 

В.В.Варфоломеев, 

И.А.Кукушкин, 

Ж.Е.Смаилов, 

А.З.Бейсенов,  М.С.Қасенов,  Д.А.Талеев,  М.Қожа,  А.М.Досымбаева, 

З.Ш.Шарденова, Г.А.Терновая, Т.Мәмиев еді.  

       Кеңес  Одағының  ыдырауы,  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси 

ӛзгерістер  қоғамда  тҥрлі  қарама-қайшылықтар  тудырды.  Бҧрынғы 

идеологиялық шектеулердің алынып тасталуы, формациялық ҧстанымнан бас 

тарту тарих методологиясына да әсерін тигізді. Сӛйтіп, жаңа кезең бҧрынғы 

идеологиялық  ҧстанымдарды  қайта  қарастыруымен  сипатталынады,  бір 

шетінен  қоғамда  этноцентристік  сипаттағы  тарихи  мифтер  де  кеңінен  белең 

ала бастаған еді. 

       Археологияда  да  бҧл  жайттардың  кейбірі  орын  алды,  бірақ  1991  жылы 

бәрі  ӛзгере  қалды  деу  аңқаулық  болар  еді,  ӛйткені  академиялық  дәлдіктің 

арқасында мәдени мҧраны зерттеудегі археологиялық бағыт бҧрынғысындай 

қала  берді,  ал  ғылыми  әдебиет  тӛңірегіндегі  «тарихты  қайта  жазу  керек» 

деген сӛз археологиялық ізденістерді шарпи қойған жоқ.  

       Жаңа  кезеңдегі  аса  ірі  оқиғалардың  бірі  1991  жылы  Археология 

институтының ашылуы болып саналады. 

       Кӛрнекті  ғалым,  археолог,  тарихшы,  этнограф,  шығыстанушы,  филолог, 

академик Ә.Х.Марғҧлан есімі берілген бҧл Археология институты Қазақ КСР 

Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 28-тамыздағы №496 Қаулысымен және 

Қазақ КСР ҒА Тӛралқасының 1991 жылғы 6-қыркҥйектегі №73 Қаулысымен 

Қазақ  КСР  ҒА  Ш.Ш.  Уәлиханов  атындағы  Тарих,  археология  және 



 

38 


этнография  институты  Археологиялық  зерттеу  орталығының  негізінде 

қҧрылған еді. 

      Айта  кететін  бір  жайт,  мемлекет  идеология,  мәдени  стратегия,  ғылым 

сауалдарын  назардан  тыс  қалдырмады.  1995  жылы  ҚР  Президенті 

жанындағы  мемлекеттік  саясат  бойынша  Ҧлттық  Кеңес  «Қазақстан 

Республикасындағы  тарихи  сана  тҧжырымдамасын»  бекітті.  1999  жыл 

Ҧлттық  бірлік  пен  ҧлт  тарихы  жылы  болып  белгіленді.  1998  жылы  ақпанда 

ҚР  Президентінің  Жарлығымен  Жібек  жолы  бойындағы  тарихи 

орталықтарды  қайта  ӛркендету,  тҥрік  тілді  мемлекеттердің  мәдени  мҧрасын 

қорғау  және  жалғастыру,  туризм  инфрақҧрылымдарын  қалыптастыруға 

қатысты  мемлекеттік  бағдарлама  қабылданды.  Ол  тарихи-мәдени  мҧра 

ескерткіштерін  зерттеу,  музейлендіру,  консервациялау,  қалпына  келтіру 

секілді  іс-шаралар  кешенін  қамтыды.  ҚР  Президентінің  Жарлығымен  2002 

жыл  Мәдениетті  қолдау  жылы  болып  жарияланды.  Ал  2004  жылы 

Мемлекеттік  «Мәдени  мҧра»  бағдарламасы  қабылданды.  Бҧл  бағдарламаға 

тӛменде біз арнайы тоқталып кетеміз. 

      Міне,  бҧл  аталған  мәдени  шаралардың  қай-қайсысы  болмасын  қоғам 

ӛмірінде,  соның  ішінде  археология  ғылымының  дамуында  маңызды  рӛл 

атқарды,  жаңа  ашылуларға  тың  серпін  берді.  Дегенмен,  жыл  сайын  жаз 

айларында  Қазақстан  археологтары  ҥзбей  далалық  ізденістер  жҥргізіп 

отырды.  Нәтижесінде  палеолиттен  бастап  кейінгі  орта  ғасырлар  соңына 

дейінгі сан алуан ескерткіштер зерттелінді, кҥрделі проблемалар жан-жақты 

қарастырыла бастады. 

        Бҧл  кезеңде  археологияның  кӛптеген  бағыттары  жаңа  қарқынмен 

дамыды. Орталық және Оңтҥстік Қазақстанның палеолиттік ескерткіштерінің 

типологиясы мен  кезеңдестірілуі толықтырылып,  бірқатар мустье кешендері 

ғылыми талдаудан ӛтті (О.А.Артюхова). 

      Тобыл-Ертіс 

ӛзендері  аралығындағы  голоцен  дәуіріне  жататын 

қҧралдарға  жҥргізілген  трассологиялық  талдаулар  атбасар  мәдениеті  

кешендерінің  шаруашылық  жайттарын  қалпына  келтіріп,  Солтҥстік 

Қазақстандағы мезолит пен  неолит тҧрғындарының ӛмір салтын нақтылауға 

жол ашты (А.А.Плешаков).  

      Қола  дәуірі  соңына  жататын  Сарыарқаның  археологиялық  материалдары 

ғылыми  талдаудан  ӛтті,  Жетісу  мен  Оңтҥстік  Қазақстан  қола  дәуірінде 

тіршілік  еткен  тайпалар  мәдениетінің  материалдары  жҥйеленді,  Тамғалы 

шатқалындағы қола ғасырынан орта ғасырға дейінгі ауқымды хронологиялық 

диапазонды 

қамтитын 

бірегей 


ескерткіштер 

кешені 


зерттелінді 

(А.Н.Марьяшев,  А.А.Рогожинский).  2005  жылы  Тамғалы  ЮНЕСКО-ң 

Әлемдік мәдени мҧра тізіміне енді.  

      Сондай-ақ  Тамғалы  шатқалындағы  ескерткіштер  кешенімен  бірге 

Тҥркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі де осы тізімге енді.     

       Ортағасырлық  қалаларды  зерттеуде  Талас  алабындағы,  Шу  мен  Талас 

ӛңіріндегі,  Орталық  Қазақстандағы,  Арал  маңындағы,  Солтҥстік-Шығыс 

Жетісу  мен  Келес  даласындағы  қалалар  мен  қоныстар  типологиясы 




 

39 


нақтыланды. Оңтҥстік Қазақстан мен  Жетісудың ортағасырлық сәулет  ӛнері 

зерттелінді.  

       Ортағасырлық  кӛшпенділердің  жерлеу  ғҧрыптары,  ежелгі  және  орта 

ғасырлардағы  Қазақстан  палеоэкономикасының  жекелеген  проблемалары, 

Орталық  Азия  петроглифтеріндегі  сан  алуан  бейнелер,  тас  мҥсіндер, 

қҧлпытастар қарастырылды.  

      Жыл  сайын  археологиялық  зерттеулер  барысында  қосымша  ақпарат 

беретін жаңа материалдар алынып, деректік қор қҧрамы толықтырыла тҥсті. 

Алынған  археологиялық  материалдар  деректемелік  базаны  нығайтып, 

ескерткіштер  типологиясы  мен  сыныптамасын  зерделеуге  және  жетілдіре 

тҥсуге,  жаңа  археологиялық  мәдениеттерді  жіктеуге,  шаруашылық-мәдени 

типтерді  және  тарихи-мәдени  қауымдастықтарды  нақтылауға,  хронология 

мен кезеңдестіру сауалдарын қарастыруға жол ашты. 

       Қазақстан  аумағында  қазба  жҧмыстарын  жҥйелі  тҥрде  жҥргізуде  кейбір 

археологиялық  экспедициялардың  мәні  зор.  Айталық,  Орталық  Қазақстан 

археологиялық экспедициясы (1946 жылдан бері жҧмыс істеп келеді), Батыс 

Қазақстан  археологиялық  экспедициясы  (1953  жылдан  бері),  Шығыс 

Қазақстан  археологиялық  экспедициясы  (1947  жылдан  бері),  Оңтҥстік 

Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (1946 жылдан бері), Жетісу 

археологиялық  экспедициясы  (1954  жылдан  бері),  Сарыарқа  археологиялық 

экспедициясы  (1980  жылдан  бері),  Қазақстан-Ресей  археологиялық 

экспедициясы  (1992-2002  жылдары  жҧмыс  істеді),  Талғар  археологиялық 

экспедициясы,  Орал  археологиялық  экспедициясы  (2000  жылдан  бері),  т.б. 

кӛптеген  ғылыми  нәтижелерге  қол  жеткізді.  Олардан  басқа  кӛптеген 

археологиялық экспедициялар (Алматы, Тҥркістан, Шілікті, Тҧран, Ҥйгентас, 

т.б.) да соңғы жылдары белсене қазба жҧмыстарын жҥргізіп келеді.        

       Ірі  археологиялық  экспедицияларды  Қазақстан  жоғарғы  оқу  орындары, 

басқа  мекемелер  де  жасақтады.  1970  жылдан  бері  Қазақ  Ҧлттық 

Университетінде  археология  және  этнология  кафедрасы  жҧмыс  істейді. 

Археология  ғылымымен  айналысатын  мҧндай  кафедралар  републиканың 

басқа оқу орындарында (ҚарМУ, ЕҦУ, ХҚТУ, ҚосМУ, ПМУ, т.б.) да соңғы 

жылдары  ашылды.  Олар  сонымен  қатар  мамандарды  даярлауда  елеулі  рӛл 

атқарып келеді.  

      Археологиялық  экспедициялар  қҧрамында  Франция,  АҚШ,  Италия, 

Германия,  Польша,  Бельгия,  Жапония,  Ресей  Федерациясы,  т.б.  елдердің 

мамандары да қатысып отырады. 

       Әдетте, табиғи факторлар мен техногенді және антропогенді әсер етулер 

археологиялық ескерткіштердің  бҥлінуіне,  қирауына  және  жойылып  кетуіне 

әсерін тигізетіндігі белгілі. Сол себепті де тарихи-мәдени мҧраны сақтау мен 

пайдалану  жҧмыстарының  жалпымемлекеттік  маңызы  зор.  Қазақстан 

аумағындағы  археологиялық  ескерткіштерді  тізімге  алудың  алғашқы 

тәжірибесі  1960  жылы  жарық  кӛрген  «Археологическая  карта  Казахстана» 

атты жинағынан бастау алады. 1981 жылдан бастап кӛптомдық «Тарих және 

мәдениет  ескерткіштерінің  Жинағын»  қҧрастыру  қолға  алынған.  Қазіргі 

таңда Шымкент (Оңтҥстік Қазақстан) облысы мен Жамбыл облысының тарих 



 

40 


және  мәдениет  ескерткіштерінің  Жинағы  жарыққа  шыққан.  Сонымен  қатар 

республика кейбір аудандар, ауылдық округтерінің де (Мәртӛк ауданы,  т.б.) 

жинағы  жарияланып  отыр.  Мҧндай  энциклопедиялық  сипаттағы  ғылыми-

ақпараттық  жҧмыстар  ескерткіштердің  орналасуын  кӛрсетіп  қана  қоймай, 

сонымен  қатар  оларды  сақтауға,  қҧрылыс  жҧмыстары  кезінде  кездейсоқ 

қиратылуға, қалпына келтіруге де кӛп септігін тигізеді.  

      Бҥгінгі  кҥні  Қазақстан  аумағынан  ҥңгірлік  тҧрақтардан  бастап  кездейсоқ 

ҧшырасқан  бҧйымдарға  дейін  есептегенде  450-дей  палеолит,  50  шақты 

мезолит, 800-дей неолит ескерткіштері анықталған (Д.С.Байгунаков).  

       Тас  дәуірін  зерттеуге  1992-2002  жылдары  біріккен  Қазақстан-Ресей 

археологиялық экспедициясы (жетекшісі академик А.П.Деревянко; Қазақстан 

жағынан  отряд  басшысы  Ж.Қ.Таймағамбетов)  кӛп  ҥлес  қосты.  Аталған 

экспедиция Қазақстанды тҥгелдей дерлік шарлап шықты. Қоcқорған, Шоқтас 

(Тҥркістан-Кентау  маңы),  Қараҥңгір,  Қызылтау,  Соркӛл  (Қаратау  сілемдері) 

археологиялық  нысандарында,  Арал  ескерткіштерінде  (Арал  маңы), 

Мҧғалжар ескерткіштерінде (60 шақты орыннан; Мҧғалжар таулары) зерттеу 

жҥргізіп,  Маңғыстаудан,  Шығыс  Қазақстаннан  кӛптеген  кешендер  тапты. 

Бірнеше  жылға  созылған  зерттеулер  травертинді  сақинасы  бар  Оңтҥстік 

Қазақстан  кешендерінде  (Шоқтас-1-3,  Қоcқорған-1-3)  шағын  индустриялы 

ӛзіндік  мәдениеттің  қалыптасқандығын,  Мҧғалжар  тауларындағы  бірегей 

ашельдік  дәстҥрдің  орын  алғандығын,  ерте  голоцендік  Шахантай  (Қаратау) 

сынды  ескерткіштердің  даралығын  дәлелдеуге  мҥмкіндік  берді.  Алынған 

материалдар 

тас 


индустриясының 

эволюциясын, 

тҧрақтардың 

геоморфологиялық  жағдайын,  кезеңдестіру  мен  хронология  сауалдарын, 

алғашқы  қоныстану  мәселелерін,  жергілікті  тас  дәуірі  мәдениеттерінің 

жайттарын, т.б. кӛптеген проблемаларды нақтылауға септігін тигізді.  

       Қола  дәуірінің  Орталық  және  Солтҥстік  Қазақстандағы  кӛптеген 

ескерткіштері  қазылып,  бірегей  материалдар  алынды.  Жезді  ӛңіріндегі 

Талдысай  шатқалындағы  металлургиялық  кешендері  бар  қонысты,  Орталық 

Қазақстандағы  Кент  кешендері  іргелі  ғылыми  ізденістерге  бастама  болды. 

Осы  аралықта  Беғазы-дәндібай,  т.б.  археологиялық  мәдениеттердің  жарқын 

ескерткіштері қазылды. 

      Айталық,  Тҥркістан  жазирасындағы  Шербай  қорымынан  андроновтық 

материалдардың  алынуы,  Оңтҥстік  Қазақстан  қола  дәуірі  туралы  таным 

кӛкжиегін кеңейте тҥсті (Е.А.Смағҧлов). 

     Жетісу  қола  дәуірі  туралы  да  толымды  мағлҧматтар  алынды.  Кӛп 

жылдарға  созылған  жҥйелі  археологиялық  зерттеулер  мҧнда  Жоңғар 

Алатауы,  Іле  таулары  мен  оның  солтҥстік  беткейлері  сынды  ҥш  жерде 

ескерткіштердің 

шоғырланғандығын 

дәлелдеді. 

Жетісудың 

таулы 

аймақтарынан  Тҥрген  кешені,  Бҧтақты-1,  Серектас,  Асы  қоныстары, 



Қызылбҧлақ-1-2,  Қалақай,  Қҧйған-2,  Кӛлсай,  Ҧзынбҧлақ  қорымдары  секілді 

ескерткіштер  кешенінің  қазылуы,  қола  дәуірінің  соңына  жататын  «кӛлсай» 

мәдениетін 

бӛліп 


кӛрсетуге 

мҥмкіндік 

берді. 

Кӛлсай 


типіндегі 

ескерткіштердің  мәдени-хронологиялық  атрибуциясы  анықталып,  оның 




 

41 


негізінде  жергілікті  сақ  мәдениеті  қалыптасқандығына  пайымдау  жасалды 

(А.Н.Марьяшев, А.А.Горячев, С.А.Потапов).  

      Ҥстірттегі  Тоқсанбай  кешенінен  де  қола  дәуіріне  жататын  кӛптеген 

материалдар  алынды.  Бҧл  ескерткіштің  ең  кӛне  материалдары  алғашқыда 

археологтар  тарапынан  неолитке-энеолитке  жатқызылғанымен,  кейіннен 

жаратылыстану  ғылымдары  мәліметтерінің  негізінде  оның  қола  дәуіріне 

тиесілі  екендігі  тҧжырымдалды  (З.С.Самашев,  А.С.Ермолаева,  Т.Лошакова). 

Қазба  кезінде  табылған  бҧйымдар  мен  ескерткіштер  қҧрылысы 

Тоқсанбайдың  палеометалл  кезінде  ірі  орталықтардың  бірі  болғандығын 

айғақтайды. 

      Ерте  темір  дәуіріндегі  ескерткіштер  мен  мәдениеттер  де  тәуелсіздік 

жылдарында  Қазақстан  археологтарының  ҥнемі  назарында  болды.  Әсіресе, 

қола  дәуірінен  ерте  темір  дәуіріне  ӛтетін  кез  ескерткіштерін  қарастырудың 

маңызы  артты.  Бҧл  бағытта  бірқатар  археологтар  нәтижелі  еңбек  етті.  Сақ 

және  усунь,  кагюй,  сармат,  ғҧн  заманындағы  біршама  ескерткіштер 

зерттелінді.  Іле  Алатауындағы  сақ  және  усунь  қоныстары  қазылып,  кейбір 

ескерткіштер  (Тҥзусай,  Цыганка,  Талғар-3)  жайлы  толымды  мағлҧмат 

алынды.  Мҧндағы  зерттеулер  американдық  «Sweet  Briar»  колледжі 

мамандарымен  бірге  жҥргізілді  (жетекшілері  К.М.Байпақов,  К.Чанг). 

Нәтижесінде  осы  ӛңірдегі  сақтардың  отырықшы  болғандығы,  егіншілікпен 

айналысып, суландыру жҥйелерін пайдаланғандығы анықталды. 

      Отырықшылық  пен  егіншіліктің  ерте  тҧрпаттары  (формалары)  Сарыарқа 

ерте  кӛшпенділерінен  де  байқалған.  Мҧндағы  Селеті  ӛзені  бойындағы  б.з.б. 

VІІ-VІ  ғасырларға  жататын  Тасқора-1-2  қоныстарынан  кӛтерілген  мәселеге 

қатысты мол ақпарат алынған. 

       Б.з.б.  ІХ-VІІ  ғасырларға  жататын  доңғал-кеңӛткел  ӛтпелі  кезеңдерін 

біршама 

айқындайтын 

Бҧғылы-1, 

Доңғал, 


Қарабҧлақ, 

Ендірей 


ескерткіштерінде де қазба жҧмыстары жҥргізілген. 

       Қазақстан  археологиясындағы  маңызды  жайттардың  бірі  Шығыс 

Қазақстан ӛңіріндегі Берел қорымында жҥргізілген қазба жҧмыстарын айтуға 

болады. Ондағы зерттеулерді бірнеше жылдардан бері З.С.Самашев басқарып 

келеді.  Зерттеу  жҧмыстарына  шетелдік  мамандар  (А.-П.Франкфор,  т.б.)  да 

кӛптеп  қатысты.  Қазба  барысында  скиф-сақ  тайпаларының  материалдық 

және  рухани  мәдениетін  айғақтайтын  мол  мағлҧматтар  алынды. 

Палеогенетика,  палеоэкология,  т.б.  ғылым  салаларына  қатысты  жайттар 

кӛтерілді.  Тоң  басқан  берелдік  обалардан  алынған  мәліметтер  жерлеу 

ғҧрпына,  ағаш  қҧрылыстарына,  аң  стиліне,  т.б.  қатысты  отандық  тарихнама 

беттерін толықтыра тҥсті.  

       Ресейлік  мамандар  (В.С.Ольховский,  т.б.)  да  отандық  археологтармен 

бірігіп  Арал-Каспий  ӛңірін  б.з.б.  І-мыңжылдықта  мекен  еткен  тайпалардың 

этномәдени  және  әлеуметтік-саяси  тарихын  зерделеді.  Қазақстанның  батыс 

ӛңіріндегі  Бәйте-3,  Сарықамыс  пен  Қаратон,  т.б.  ескерткіштерде  қазба 

жҥргізілді.  Қызылҥйік  секілді  сарматтардың  ғибадатханасында  қазба 

жҧмыстары 2004 жылдан бері жҥргізіліп келеді. 



 

42 


       Жартас  суреттерін  зерделеу  ісі  кең  қанат  жайды.  Археология 

институтының  қызметкерлері  1991  жылы  Франция  Ҧлттық  ғылыми-зерттеу 

орталығымен  бірігіп  «Орталық  Азия  петроглифтерінің  корпусы»  атты 

бірнеше  жылдық  бағдарлама  қабылдады.  Бҧл  бағдарлама  бойнша  жартас 

суреттерінің әмбебап аумақтық-хронологиялық сызбасы жасалынды, мҧндай 

ескерткіштер  хронологиясын  анықтаудың  және  кӛшірмесін  тҥсірудің  

заманауи  әдістері  меңгерілді.  Жетісу  жерінен  ең  ерте  кезі  қола  дәуіріне,  ал 

соңғы  кезеңі  кейінгі  орта  ғасырларға  дейін  баратын  30-дан  астам  жартас 

суреттері  анықталды.  Кӛптеген  ескерткіштердегі  маңызды  сюжеттер  мен 

бейнелердің интерпретациясы жасалынып, жекелеген семантикалық блоктар 

қарастырылды. 

        Сондай-ақ  қазақ  этнографиялық  суреттерінің  (Тҥпқараған,  т.б.),  сағана-

тамдардың,  кесенелердің,  қойтастар  мен  қҧлпытастардың  жай-жапсары 

зерделеніп,  ілкіден  тамыр  тартқан  мәдениеттер  жӛнінде  ғылыми  ақпараттар 

кеңістігі ҧлғая тҥсті.  

       Оңтҥстік  Қазақстандағы  б.з.б.  І-мыңжылдық  соңы  мен  б.з.  VІІ 

ғасырларына  жататын  Кангюй  мемлекетінің  тарихын  кӛрсететін  бірқатар 

археологиялық  кешендер  зерттелінді.  Талас,  Арыс  және  Сырдария  ӛзендері 

бойынан алынған материалдар ерте ортағасырлық қалалар мен қоныстардың 

кангюйлік археологиялық нысандар негізінде дамитындығын дәлелдеп берді. 

Кейбір  жҧмыстарға  Франция  Ҧлттық  ғылыми-зерттеу  орталығының 

қызметкерлері  (Р.Бушарла,  т.б.)  де  қатысты.  Нәтижесінде  жетіасар 

мәдениетінің 

материалдары, 

ескерткіштердің 

топографиясы 

мен 

хронологиясы  нақтыланып,  алынған  материалдар  талдаудан  ӛтті  және 



жҥйеленді. 

       Арал  ӛңіріндегі  кӛпжылдық  археологиялық  ізденістерді  қорытқан 

еңбектер  да  жарияланды.  INTAS  «Climan»  гранты  бойынша  Аралдың 

солтҥстік-шығыс  бӛлігінде  геологтар,  гидрогеологтар,  топырақтанушылар, 

палеонтологтар  мен  археологтар  кешенді  зерттеулер  жҥргізді  (жетекшісі 

Х.Оберхайсли).  Тереңӛзектен  шығысқа  қарай  120  км  жерде  Аралдың  кеуіп 

кеткен  орнынан  ХІV-ХV  ғасыр  бас  кезіне  жататын  екі  қаланың  орны 

анықталып,  «Арал  дағдарысы»  тек  қана  ХХ  ғасыр  соңы  мен  ХХІ  ғасыр  бас 

кезінде орын алмағандығы дәлелденді (К.М.Байпақов, Д.А.Воякин). 

      Талас  алабындағы  Ақыртас  кешенінде  археологиялық  зерттеулермен 

қатар  музейлендіру  жҧмыстары  да  жҥргізілуде  (К.М.Байпақов,  Д.А.Воякин, 

З.Ж.Шарденова).  

       Талғар қаласындағы қазба жҧмыстары сан алуан қҧрылыстар, баспаналар 

орнын 


анықтап, 

алынған 


тҧрмыстық-шаруашылық 

материалдар 

ортағасырлық Талғар қаласы Жетісудағы темір ӛндіретін ірі орталықтың бірі 

болғандығын  дәлелдеп  берді.  Мҧнда  тіптен  болаттың  да  ӛндірілгендігі 

анықталды (Т.В.Савельева, Н.М.Зиняков). 

     Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан  бергі  уақыт  ішінде  ортағасырлық  қалаларды 

зерттеу ісі де зор қарқынмен дамыды. Далалық ізденістер нәтижесінде Қҧлан, 

Жуантӛбе,  Қостӛбе,  т.б.  кӛптеген  қалалардың  мәдени  қабаттары  аршылып, 

тың мәліметтер алынды. 



 

43 


      Қарлҧқ  жабғуының  астанасы  болған  ортағасырлық  Қаялық  (Қойлық, 

Қайлақ)  қаласымен  салғастырылатын  Антоновка  қаласындағы  ХІІ-ХІІІ 

ғасырларға жататын будда храмын зерттеу жҧмыстары да аяқталды. Сондай-

ақ  ХІІ-ХІІІ  ғасырлармен  мерзімделінетін  бай  усадьба  аршылды. 

Баспаналарды  бірнеше  пештермен  жылытып  тҧрған  кан  жҥйесіне  қатысты 

қосымша  ақпараттар  алынды.  Қаланың  қызықты  қҧрылыстарының  бірі 

ретінде  ХІҤ  ғасырға  жататын  хаммам-моншасы  мен  ХІІ  ғасырға  жататын 

кесенені  де  атауға  болады.  Қазба  барысында  қыш  ыдыстардың,  металдан 

және  шыныдан  жасалған  бҧйымдар  топтамасы  алынды  (К.М.Байпақов, 

Д.А.Воякин, Б.А.Железняков, М.М.Нҧрпейісов). 

      Тҥркістан,  Кҥлтӛбе,  Шойтӛбе  қалаларында  зерттеу  жҧмыстары  да  ӛз 

жалғасын тапты. 

       Археологиялық  барлау  нәтижесінде  Тҥркістан  оазисінен  бірнеше 

ортағасырлық қалалар табылды, олардың арасынан І-ІХ ғасырларға жататын 

Сидақ  қаласын  ерекше  атап  кетуге  болады.  Тҥркістан  қаласының 

тӛңірегіндегі  материалдар  мҧнда  оңтҥстікқазақстандық  ірі  егіншілік  мәдени 

орталық  қалыптасқандығын  дәлелдеді  (Е.А.Смағҧлов,  М.К.Тҧяқбаев, 

М.Е.Елеуов). 

        Бҧл 

жылдары 


Оңтҥстік 

Қазақстан 

кешенді 

археологиялық 

экспедициясының  (жетекшісі  К.М.Байпақов)  негізгі  зерттеу  нысаны  Отырар 

қаласы болып қала берді. Мҧнда ХІІІ ғасыр соңы мен ХІV ғасыр бас кезінде 

пайдаланылған  мешіт  орнында  қазба  жҥргізілді.  Бҧл  қҧрылыс  Тҥркістанда 

Әмір  Темір  бҧйрығымен  салынған  Қожа  Ахмет  Ясауи  кесенесімен  қатар 

тҧрғызылған еді. 

       2000-2004  жылдары  Отырар  мен  Отырар  шҧратындағы  (оазисіндегі) 

қалаларда «Кӛне Отырар қаласын сақтау мен қалпына қалпына келтіру» атты 

ЮНЕСКО-Қазақстан-Жапония 

біріккен 

бағдарламасының 

негізінде 

археологиялық-консервациялық  жҧмыстар  жҥргізілді.  Оның  мақсаты  қазба 

арқылы  жаңа  мағлҧматтар  алу,  бҧрын  қазылған  ХІV  ғасыр  соңы  мен  ХV 

ғасыр  бас  кезіндегі  мешіт,  ХVІІ-ХVІІ  ғасырлардағы  мешіттерді,  ХІІІ-ХІV 

ғасырлардағы  моншаларды,  қыш  қҧмыра  жасау  шеберханаларын,  ХVІ-ХVІІ 

ғасырлардағы  қала  махаллаларын  консервациялау,  ескерткіш  нысандарын 

фортификациялау  арқылы  Отырарды  археологиялық  саябаққа  және  Ҧлы 

Жібек жолы бойындағы туризм орталығына айналдыру еді.  

        2004  жылы  бҧл  бағдарлама  аяқталған  соң,  жҧмыстар  «Кӛне  Отырарды 

ӛркендету»  жобасы  аясында  жалғастырылды.  Отырардағы  далалық 

жҧмыстармен  қатар  Қҧйрықтӛбе  қаласындағы  моншада,  мешітте  қазба 

жҥргізілді,  мешіт  пен  сарай  консервациясы,  Мардан-Кҥйік  фортификациясы 

жасалына бастады (К.М.Байпақов, Д.А.Воякин, Т.С.Дощанова). 

        Ортағасырлық  тҥрік  мәдениетін  толымды  тҥрде  кӛрсететін  басқа  да 

ескерткіштер  кӛптеп  зерттелді.  Мысалы,  кӛне  тҥріктер  заманындағы 

қорымдар,  ғибадатханалар,  жартас  суреттері  жайлы  еңбектер  шықты 

(Л.Н.Ермоленко).  Мерке,  Шу  алабындағы  Жайсан  ӛңіріндегі  тас  мҥсіндер, 

жартас  суреттері  туралы  ақпараттар  ғылыми  айналымға  еніп,  қазақ  және 

орыс  тілдерінде  бірнеше  монографиялар  жарияланды  (А.М.Досымбаева). 



 

44 


2000  жылдан  бері  Батыс  Қазақстанда  Орал  археологиялық  экспедициясы 

нәтижелі  жҧмыстар  жҥргізіп  келеді.  Экспедиция  барысында  алынған  тың 

мәліметтер  монографиялық  еңбектерде  кӛрініс  тапты  (А.А.Бисембаев, 

С.Ю.Гуцалов,  т.б.).  Мҧндай  орталықтар  Қазақстанның  басқа  ӛңірлерінде  де 

ашыла бастады.  

       Кӛптеген  мамандардың  (К.М.Байпақов,  З.С.Самашев,  У.Х.Шәлекенов, 

Е.А.Смағҧлов,  М.Е.Елеуов,  Т.В.Савельева,  А.Ә.Нҧржанов,  Ж.Смаилов, 

Г.А.Ахатов,  т.б.)  монографияларында  осы  орта  ғасырлық  мәдениетке 

қатысты сан алуан мәселелер кӛтеріліп, соны мәліметтер жарияланды.  

       Ӛткен ғасырдың 90 жылдарының бас кезінде К.М.Байпақов, В.Ф.Зайберт, 

В.H.Логвин,  Ж.Қ.Таймағамбетов,  З.С.Самашев,  т.б.  мамандардың  іргелі 

ізденістері бірнеше кітап болып шыққан болатын, уақыт ӛте келе археологтар 

жаңа мәліметтер негізінде бірнеше еңбектер жариялап ҥлгерді. 

       Жартас  суреттеріне  қатысты  бірнеше  іргелі  еңбектер  жарыққа  шықты 

(А.Н.Марьяшев,  А.Горячев,  B.Новоженов,  т.б.).  Ол  кӛне  мәдениет 

туындыларын біршама толымды тҥрде сипаттауға жол ашты.  

       Соңғы  жылдардағы  мәліметтер  негізінде  қола  дәуіріне  жататын  беғазы-

дәндібай  кешендері  жайлы  монография  жарық  кӛрді  (А.З.Бейсенов,  т.б.). 

Оған  дейін  жарық  кӛрген  Э.Р.Усманова,  С.Жауымбаевтың  монографиялары 

қола  дәуірін  зерделеуге  тың  серпін  берген  еді.  Ерте  темір  дәуірінің 

сауалдарына қатысты бірқатар ізденістер шықты (К.М.Байпақов, З.Самашев, 

т.б.).  Берел  қорымындағы  кӛптеген  материалдар  негізінде  бірнеше  іргелі 

еңбектер  жарияланды  (З.С.Самашев,  т.б.).  Тас  дәуірінің  зерттелуін,  негізгі 

мәселелерін  қарастырған  еңбек  жарыққа  шықты  (Ж.Қ.Таймағамбетов, 

Д.С.Байгунаков).  Сонымен  қатар  қола  дәуіріне  жататын  ескерткіштердің 

зерттелуін  бір  ізге  тҥсірген,  кейбір  мәселелерін  қаузаған  тарихнамалық 

бағыттағы монография да жарық кӛрді  (Ж.Қ.Қҧрманқҧлов, Д.С.Байгунаков). 

Альбом-каталогтар, тақырыптық альбомда, т.б. да шығып тҧрады. Белгілі бір 

ӛңірдің  археологиясына,  тарихы  мен  этнологиясына  арналған  жинақтар  да 

соңғы  жылдары  кӛптеп  шығып  отыр.  Сайып  келгенде,  Қазақстан 

археологтары тас дәуірінен кейінгі орта ғасырларға дейінгі аралықтағы тҥрлі 

мәселелерді қозғап, отандық тарихнамаға мол ҥлес қосты. 

       Шетелдік  басылымдарда  да  Қазақстан  Республикасының  археологтар 

еңбектерін  кӛптеп  жариялап  келеді.  Отандық  археологтар  алыс-жақын 

елдерде  ӛткен  кӛптеген  басқосуларда,  жиындарда  баяндамалар  жасап  жҥр. 

Ғылыми  жҧртшылыққа  Ресей  Федерациясында,  Францияда,  Италияда,  т.б. 

елдерде жарыққа шыққан еңбектер кеңінен танымал. 

      Қазақстан  археологиясы  тарихында  орын  алған  бҧл  кезеңнің  жарқын 

қҧбылыстарының бірі алыс-жақын елдердің мамандарымен байланыстардың 

кҥшеюі  болып  табылады.  Отандық  археологтар  шетелдік  гранттарға  да 

қатысып  отырады,  олар  бойынша  да  жҧмыс  істейді.  Шетелдерде 

ҧйымдастырылған кӛрмелер арқылы Қазақстан археологтарының жҧмыстары 

мен  жеткен  жетістіктері  кӛрсетіледі.  Мәселен,  «Алтын  адам  және 

Қазақстанның  ежелгі  қазыналары»,  «Қазақстанның  ежелгі  діндері»  секілді 




 

45 


Археология  институтының  музейі  ҧйымдастырған  кӛрмелер  Италия, 

Франция сынды елдерден зор табыспен оралды. 

       Мемлекеттік  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы.  Археология  ғылымын 

дамытуға  бірінші  кезеңі  2004-2006  жылдарды,  екінші  кезеңі  2007-2009 

жылдарды  қамтыған  Мемлекеттік  «Мәдени  мҧра»  бағдарламасы  да  зор 

қарқын  берді.  Бҧл  бағдарламаны  Қазақстан  Республикасы  Президенті  2004 

жылғы  13-қаңтарда  (№1277)  бекіткен.  Бағдарламаның  негізгі  мақсаты  деп, 

рухани  және  білім  беру  саласының  дамытылуы,  елдің  мәдени  мҧрасын 

қорғау  және  тиімді  пайдалануды  атауға  болады.  Ал  негізгі  міндеттеріне 

елдегі  маңызды  архитектуралық  және  тарихи  мәдени  ескерткіштерді  қайта 

қалпына келтіру, мәдени мҧраны, соның ішінде ҧлттық мәдениет, фольклор, 

салт-дәстҥрді  зерттеудің  толық  жҥйесін  жасау  секілді  кҥрделі  мәселелер 

кіреді.  Осыған  орай  мәдени  мҧраны  сақтау  мен  қалпына  келтірудің 

тӛмендегідей негізгі бағыттары нақтыланған: 

-  ерте  және  ортағасырлық  ескерткіштерді  археологиялық  тҧрғыдан 

зерттеу,  солардың  негізінде  қорық-музейлер  қҧру  және  оларды  туризм 

инфрақҧрылымы жҥйесіне қосу; 

-  Қазақстанның  бірегей  тарихи,  мәдени  және  архитектуралық 

ескерткіштерін реставрациялау, консервациялау және пайдалану; 

-  ғылыми  білімді  тҥсіндіріп  тарату,  тарих  ғылымының  теориялық 

мәселелерін  жасау,  ғылыми,  кӛркем  және  энциклопедиялық  әдебиеттерді 

шығару; 


-  республикадағы  тарихи-мәдени  мҧраны  қорғау  мен  белсенді  тҥрде 

пайдаланудың  ҧтымды  қҧрылымын  жасау  жӛніндегі  мәселелері  мен  оның 

міндеттері:  облыстық  инспекциялардың,  реставрациялық  ҧйымдардың 

қызметтерінің  басшылығын  қамтамасыз  ету,  тарихи-мәдени  ескерткіштерді 

қорғау жӛніндегі бекітілген бағдарламалар мен жобаларды жҥзеге асыру. 

      Міне,  2004-2006  жылдарға  арналған  Мемлекеттік  «Мәдени  мҧра» 

бағдарламасының  негізгі  талап-мақсаттары  мен  міндеттері,  жҥргізілетін 

бағыттары  осындай  деп  кӛрсетілген  болатын.  Нәтижесінде  бҧл  бағдарлама 

бойынша  кӛрсетілген  мерзімде  орасан  зор  жҧмыстар  атқарылған-ды.  Бҧл 

кездері – біріншіден, 35 тарих және мәдениет ескерткіштерінде реставрация 

жҧмыстаыр  аяқталды;  екіншіден  –  маусымдық  археологиялық  қазба 

жҧмыстары  30-дан  астам  кӛне  қалаларда,  қоныстар  мен  тҧрақтарда, 

қорымдар мен обаларда атқарылды; ҥшіншіден  - әрбір ӛңірдің ескерткіштер 

Жинаған жасауға ден қойылды.   

        Кез келген тарихи-мәдени кезеңнің ескерткіштерін бір ізге тҥсіретін осы 

Жинақтардың маңызы зор. Бҧл жерде әңгіме  облыстық тарихи  және мәдени 

ескерткіштердің  Жинағы  туралы  болып  отыр.  Бҥгінгі  таңда  республикада 

Оңтҥстік  Қазақстан,  Жамбыл  секілді  бірнеше  облыстың  ғана  Жинағы 

жарыққа  шыққан.  Керек  болса  Оңтҥстік  Қазақстан  облыстық  тарихи  және 

мәдени  ескерткіштер  Жинағы  кеңестік  замандағы  мағлҧматтармен  ғана 

шектелген. Яғни, Қазақстан археологиясының кеңестік кезеңдегі жетістіктері 

ғана Жинақта сӛз болады. Одан бергі уақыт ішінде ашылған ескерткіштерді, 




 

46 


археологиялық  олжаларды  кӛрсету  ҥшін  Оңтҥстік  Қазақстан  тарихи  және 

мәдени ескерткіштер Жинағын қайтадан басып шығаруды қажет етеді.  

       Мемлекеттік 

«Мәдени  мҧра»  бағдарламасы  бойынша  Алматы, 

Қызылорда  және  Солтҥстік  Қазақстан  облыстарының  тарихи  және  мәдени 

ескерткіштер Жинақтары қҧрастырыла бастады. Бҧл Жинақтарды қҧрастыру 

кезінде  жаңадан  археологиялық  экспедициялар  жасақталды.  Мҧның  ӛзі 

Қазақстанда  археологиялық  ескерткіштерді  іздестіруге  тың  серпін  берді. 

Нәтижесінде  бҧрынғы  сан  алуан  нысандар  жайлы  мағлҧматтар  бір  ізге 

тҥсірілуімен қатар, бҧрын белгісіз болып келген тҥрлі ескерткіштер ашылды. 

Сӛйтіп,  облыстық  Жинақтарды  қҧрастырудың  арқасында  тҥрлі  тарихи 

дәуірлердің  мҧрасынан  хабардар  ететін  деректік  қор  шоғырланды.  Сол 

себепті  біз  атқарылған  ауқымды  жҧмыстар  арасынан  тек  осы  Жинақтарды 

тҥзуге қатысты жайттарды баяндап ӛтеміз. Ӛйткені стационарлық жҧмыстар 

жҥргізілген тҥрлі тарихи-мәдени дәуір ескерткіштері жайлы мағлҧматтардың 

кӛпшілігі осы еңбекте қамтылған.    

        Алматы  облыстық  тарихи  және  мәдени  ескерткіштерді  тауып  ғылыми 

айналымға  енгізу  ҥшін  2004  жылы  Еңбекшіқазақ,  Райымбек,  Кӛксу,  Ақсу, 

Кербҧлақ,  Жамбыл,  Алакӛл  аудандарында  барлау-зерттеу  жҧмыстары 

жҥргізілді. Кӛксу ауданынан Мҧқыр маңынан ерте темір дәуіріне жататын 10 

қорым,  Жамбыл  ауданындағы  Қарақыр  мен  Қарғалы-бастау  тауларынан  5 

қорым  мен  екі петроглифтер  тобы,  ғибадатхана,  Лабасы  тауынан  екі  шоғыр 

петроглифтер,  қорым  және  қоныс,  Кӛксу  ӛзені  алабынан  20  қорым,  Ақсу 

ауданындағы  Баянжҥрек,  Жоңғар  Алатауы  тауларынан  ғҧрыптық  тастар, 

қоныс,  сақ  дәуіріне  жататын  ғҧрыптық  қҧрылыс  және  петроглифтер  тобы 

анықталған.  Кербҧлақ  ауданындағы  Қоғалы,  Жайнақ  батыр,  Тастыӛзек, 

Шоқан,  Кербҧлақ  ауылдары  маңынан  ірі  обалардан  тҧратын  темір  дәуірінің 

қорымдары  зерттелген.  Еңбекшіқазақ  ауданындағы  Новоалексеевск,  Есік, 

Қаракемер,  Тҥрген  қорымдары  қайта  қарастырылып,  Шошанай-2,  Сҥмбе-4, 

Кіші  Ақсу-1-2,  Абат-1,  Ақтам-1-3,  Ардалаты-1-2,  Мойынтоғай-1-2, 

Сарытоғай-1-2,  Сӛгетті-1  қорымдарының  ғылыми  анықтамасы  қайтадан 

жасалды.  Сонымен  қатар  1958-1964  жылдары  зерттелген  Ақтасты 

қорымдары мен қоныстары қайтадан тексеруден ӛтті. Олардан басқа да ерте 

темір дәуіріне жататын бірқатар ескерткіштер ашылды.  

        2004 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы 

ескерткіштер тізімге алынды. Шиелі ауданынан анықталған ескерткіштердің 

жалпы  саны  49  дана,  олардың  38-і  ерте  темірден  орта  ғасырлар  уақытына 

жататын қорымдар мен обалық қорымдардан (Бесбҧлақ-1-5, Майтӛбе, Егеулі, 

Дарбаза,  Ақтӛбе,  Диірмен  тау,  Ақжар,  Ақмая,  Ақбҧлақ,  Дәуітбай  саз, 

Берікқара, Қоскӛл, т.б.) тҧрады. Тӛрт жерден петроглифтер шоғыры шыққан. 

Ал  Жаңақорған  ауданынан  кӛне  заманнан  кейінгі  орта  ғасырға  дейінгі 

уақытқа  жататын  68  қорым  (Талап-1-11,  Бесарық,  Қараҥңгір,  Кепес, 

Қарауылтӛбе,  Қостӛбе-1-2,  Тоқтамыс,  Бірлік,  Қайнар,  Аққолтық-1-2, 

Алашапан, Қҧмбҧлақ-1-7, Қосҥйеңкі, т.б.) анықталған.          

       Бҧл  жылы  Солтҥстік  Қазақстан  облыстық  тарихи  және  мәдени 

ескерткіштерінің    Жинағын  топтастырушы  мамандар  6  маршрут  бойынша 




 

47 


жҥріп  ӛтіп,  барлығы  312  тарихи  нысандарды  тізімге  алды.  Олардың  басым 

бӛлігі қола және ерте темір дәуірлерімен мерзімделінеді. Сонымен қатар 170-

тен астам нысандардың сипаттамасы жасалынды.  

       2005  жылы  Алматы  облысының  жоғарыда  аталған  аудандарынан  басқа 

Ескелді,  Қарасай  аудандарында  да  археологиялық  жҧмыстар  атқарылды. 

Сонымен қатар басқа аудандардың елді мекендері маңындағы археологиялық 

нысандарды  анықтау  ӛз  жалғасын  тапты.  Айталық,  Еңбекшіқазақ  ауданы 

аумағынан  70  шақты,  Райымбек  ауданынан  200-ге  жуық,  Қарасай  мен 

Жамбыл  аудандарынан  170-тей,  Алакӛл  ауданының  жерінен  38 

археологиялық  нысандар  (қорымдар,  петроглифтер  тобы,  қоныстар, 

ортағасырлық  ескерткіштер,  қоршаулар,  т.б.)  анықталған.  Олардың  басым 

бӛлігі ерте темір дәуірімен мерзімделінеді. 

      Бҧл 

жылы  Қызылорда  облысындағы  Шиелі  мен  Жаңақорған 

аудандарында  археологиялық  зерттеулер  жалғастырылды.  Нәтижесінде 

Жаңақорған  ауданындағы  тарихи  және  мәдени  ескерткіштер  (жеке  обалар, 

оба  топтары  мен  қорымдар,  ортағасырлық  қоныстар,  қалашықтар, 

қарауылтӛбелер,  петроглифтер  тобы,  дамбалар,  кесенелер,  тас  қҧрылыстар) 

саны  256-ға  жетті.  Олардың  ішіндегі  жеке  обалар  саны  23,  ал  топты  обалар 

мен  қорымдар  саны  160.  Яғни,  бҧл  ескерткіштер  табылған  нысандардың 

басым  бӛлігін  қҧрайды.  Шиелі  ауданынан  22  жеке  обалар,  30  топты  обалар 

мен  қорымдар,  11  ортағасырлық  қоныстар,  5  қалашық,  1  қарауылтӛбе,  17 

петроглифтер тобы, 1 дамба, 14 кесене, 1 тас қҧрылысы анықталған.  

      Солтҥстік Қазақстан облысында да археологиялық ескерткіштерді тізімге 

алу ӛз жалғасын тапты. Ақжар және Уәлиханов секілді аудандардан мезолит, 

неолит,  қола  ғасыры,  ерте  темір  дәуірлеріне  жататын  тҧрақ,  қоныс,  оба, 

топты  оба,  қорым,  ҥйінді  қорым,  қыстау  сынды  200-ден  астам  тарихи 

нысандар  анықталған.  Олардың  арасындағы  Ленинградское-1-6,  Қарашай-1-

3,  Кӛмбайсор-1-4,  Талшық-1-8,  Ащысу-1,  Қулыкӛл-1-8  сынды  ескерткіштер 

болашақта зерттелуі қажет деген ойдамыз.  

       2006 жылы да Алматы облысындағы ескерткіштерді сипаттап, тізімге алу 

және  ішінара  қазу  жҧмыстары  жҥргізіле  берді.  Әсіресе  Тҥрген  отряды 

Райымбек,  Ҧйғыр,  Панфилов  аудандарында  нәтижелі  жҧмыстар  жҥргізді. 

Далалық  зерттеулер  барысында  бҧл  аудандардан  355  археологиялық 

ескерткіштер  анықталған.  Бҧл  ескерткіштердің  басым  бӛлігі  ерте  темір 

дәуіріне  жатады.  Кейбір  ескерткіштердің  диаметрі  100-ден  асады.  Ал 

Қарасай  отряды  Жамбыл  және  Қарасай  аудандарының  аумағынан  20-30 

нысан, Кӛксу отряды аудан жерінен 50 ескерткіш, Ақсу ауданы аумағынан 30 

археологиялық  ескерткіштер  тапқан.  Сонымен  қатар  Іле,  т.б.  аудандарда  да 

зерттеу жҧмыстары атқарылған. 

        Қызылорда  облысына  тиесілі  Жинақты  қҧрастырушылар  Арал,  Қазалы 

және  Қармақшы  аудандандары  аумағынан  қола  дәуірінен  жаңа  заман 

уақытына 

дейінгі 


ескерткіштер 

ретінде 


сипатталынатын 

170-тей 


ескерткіштерді тізімге алған. Бірқатар ескерткіштердің ғылыми сипаттамасы 

қайта жасалғанымен, негізгі кҥш жаңа мағлҧматтар алуға ҥшін жҧмсалды. 




 

48 


       Сонымен  қатар,  Ақтӛбе  облыстық  тарихи  және  мәдени  ескерткіштер 

Жинағын  қҧрастыру  жҧмыстары  да  басталып  кетті.  Жекелген  аудандардың 

ескерткіштері  зерттеліне  бастады.  Солардың  бірі  Уіл  ауданы  болып 

табылады.  Мҧндағы  Қайыңды,  Кӛсембай,  Саралжың,  Қоңырат,  Қҧмжарған, 

Қаратал,  Қарасу,  Кӛптоғай,  Ақшатау,  т.б.  ауылдардың  маңынан  осы  елді 

мекендермен  аттас  55  тарихи  ескерткіштер  анықталған.  Олардың  арасынан 

бірегей деп 161 обадан тҧратын Қырықоба кешенін де атауға болады.  

      Бағдарламаның  2007-2009  жылдардағы  екінші  кезеңінде  де  бірқатар 

ескерткіштерде қазба жҥргізілді. Ендігі кезекте беғазы-дәндібай мәдениетінің 

ескерткіштеріне,  солтҥстік  ӛңірдегі  Кеңӛткел  археологиялық  нысандарына, 

Жетісу  жеріндегі  жартас  суреттеріне  және  де  кӛптеген  ортағасырлық 

қалаларға баса назар аударылды.  

      Мемлекеттік  «Мәдени  мҧра»  бағдарламасын  халыққа  және  ӛскелең 

ҧрпаққа  берері  мол  ғибратты  тарихи  шара  ретінде  бағалауға  болады.  Бҧл 

бағдарлама аясында археология ғылымы бойынша мол жҧмыстар атқарылды. 

Айталық,  тас  (Қошқорған,  Шоқтас  кешендері,  т.б.),  мысты-тас  (Ботай 

қонысы,  Шідерті-3,  т.б.),  қола  (Талдысай,  Тоқсанбай,  Айбас-Дарасы,  Кент, 

Кеңӛткел-18, т.б.), ерте темір (Шілікті, Берел, Қызыл-Ҥйік, Қырыоба, Шірік-

Рабат,  т.б.)  дәуірлеріне  жататын,  сонымен  қатар  ортағасырлық  кезеңге 

жататын  кӛптеген  ескерткіштер  (Бҧзоқ,  Талғар,  Отырар,  Ақыртас,  Қойлық, 

Сарайшық,  Мерке,  Жайсан,  Сығанақ,  Сауран,  Жуантӛбе,  Сидақ, 

Қараспантӛбе, Шымкент,  Бӛріжар, т.б.)  соңғы ғылыми жетістіктер бойынша 

қазылып, орасан мол деректік қор жинақталды. 

        Әйтсе де, республикада бҧл бағдарламадан басқа іргелі және қолданбалы 

ғылыми-зерттеу  бағдарламалары  бойынша  кӛптеген  жобалар  атқарылып 

жатады.  Олардың  да  ҥлесі  жоғарыда  аталған  бағдарламадан  артық  болмаса, 

кем  емес.  Мемлекеттік  «Мәдени  мҧра»  бағдарламасы  осындай  кӛп 

бағдарламалардың бірі ғана.  

      Сайып  келгенде,  Қазақстанның  барлық  ӛңірлерінде  археологиялық 

ізденістер  кеңейіп  келеді,  кешенді  зерттеулер  жҥріп  жатыр.  Бҧл  мемлекет 

тарапынан ӛткенді зерттеуге қамқорлық туындағандығын кӛрсетеді.             

                  

                                                                      

 

 




 

49 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет