Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет9/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   117
Байланысты:
Казакстан археологиясы 334 бет Түркістан

Тӛменгі (ерте) палеолит 

 

       Палеолит  дәуірі  (ежелгі  тас)  адамзат  тарихындағы  ең  маңызды 

кезеңдердің  бірі  болып  табылады.  Біздің  ілкідегі  ата-бабаларымыздың  тік 

жҥруге  кӛшуі  және  қолдарының  еңбек  ету  ҥшін  босауы,  алғашқы  дӛрекі 

ӛңделген еңбек қҧралдарының  жасалуы адамзат қоғамының қалыптасуының 

бастамасы еді. Кейінгі бірнеше мыңжылдықтар дәуірі адамның биологиялық 

тҥр ретінде  (Homo sapiens) біртіндеп қалыптасу, оның еңбек қҧралдары мен 

ӛмір  сҥру  салтының  жетілу,  қоғамдық  ҧйымдасуының  ҥдейі  дами  тҥсуінің 

уақыты болды. Жердің әрқилы тҥкпірлерінде адамның қалыптасуы мен даму 

тарихында,  оның  еңбек  қызметінде  ҧқсастықтар  ӛте  кӛп  және  олар  ӛзара 

тығыз  байланысты  болып  келеді.  Бҧған  қарағанда,  Қазақстан  аумағындағы 

адам  эволюциясын  әлемдік  тарихтың  қҧрамдас  бӛлігі  деп  қарастыруға 

болады.  

        Қазіргі  кезде  біздің  арғы  бабаларымыздың  тҧрмыс  туралы  осы  заманғы 

тҥсініктер  олардың  тҧрған  жерлеріне,  адам  еңбектерінің  қалдықтары  -  тас 

қҧралдарына,  оларды  жасағанда  қалған  ӛндіріс  қалдықтарына,  жан-

жануарлар  сҥйектері  тҥріндегі  тағам  қалдықтарына  негізделеді.  Сондай-ақ, 

бҥгінде  даму  деңгейі  артта  қалған  деп  аталатын  халықтар  ӛмірінен  алынған 

этнографиялық  мәліметтердің  де  маңызы  аз  емес.  Бҧлар  ежелгі  адамзаттың 

заттай және рухани мәдениетінің кейбір қырларын мейлінше нақты тҥсінуге 

мҥмкіндік  береді.  Бірақ,  ең  басты  ақпаратты  алғашқы  қоғамның  негізгі 

материалы болып табылатын – тастан жасалған еңбек қҧралдары береді.  

       Ежелгі адам ӛзінің дамуында бірінен соң бірі келген бірнеше кезеңдерден 

ӛтті.  Бҧлардың  негізінде  тасты  ӛңдеу  техникасының  жетілуі  және  осыған 

байланысты еңбек ӛнімділігінің, заттай және рухани мәдениеттің ӛсуі жатыр.  

       Ғылымдағы  қазіргі  классификацияға  бойынша,  ежелгі  тас  ғасыры  ҧзақ-

ҧзақ  ҥш  хронологиялық  дәуірлерді:  ерте  (төменгі),  орта  және  кейінгі 

(жоғарғы)  палеолитті  қамтиды.  Батыс  Еуропа  материалдарына  негізделген 

ежелгі  палеолит  классикалық  ҥлгі  бойынша  ҥш  кезеңге:  ерте  -  олдувэй, 

ашель; орта палеолит – кейінгі ашель мен мустье; кейінгі палеолит – ориньяк, 

солютре  мен  мадлен  болып  бӛлінеді.  Соңғы  жылдары  бҧл  ҥлгіге  бірқатар 

тҥзетулер енгізілді. Бірқатар авторлар мустье мен  кейінгі  палеолитті межеге 

алып,  палеолитті  ежелгі  және  кейінгі  деп  бӛледі.  Кӛбінесе  Африкадан 

табылған жаңа мағлҧматтар негізінде, дошелльді қамтитын адамзат ӛмірінің 

ерте кезі бҧл кҥнде олдувэй дәуірі деп белгіленеді. 

       Тӛменгі палеолиттің дошелль немесе олдувэй мәдениеті деп аталатын ең 

ежелгі  кезі  шамамен  2,5  млн.  жылдардан  800  мыңжылдықтарға  дейін 

созылды.  Ежелгі палеолиттің кейінгі екі дәуірі – шелль мен ашель 800 мың 

жылдан 140 мың жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Кӛптеген зерттеушілер орта 




 

55 


палеолитті  (кейінгі  ашель  мен  мустье)  б.з.б.  140-40  мыңжылдықтарға 

жатқызады.  Кейінгі палеолит шамамен 40-10 мыңжылдықтарға сай келеді.  

      Ежелгі  тас  дәуірі  -  адамның  және  оның  шаруашылығының  қалыптасу 

уақыты  ӛндіргіш  кҥштердің  тӛмен  деңгейімен  сипатталады.  Долбарлы  

шаруашылық  мәні  табиғаттан  дайын  ӛнім  алу:  жабайы    дәнді-дақылдарды, 

жемістер  мен  жидектерді  жинау,  аңдарды  аулау  сынды  іс-әрекеттерден 

тҧрды.  Адамдардың  қарым-қатынасы  ҧжым  мҥшелерінің  экономикалық 

теңдестігіне,  еңбектің  табиғи  тҥрде  жыныс-жас    жағына  қарай  бӛлінуіне  

қарай қҧрылды және ӛзіндік бір сипаты жағынан ҧжымшылдықта болды.      

       Адамдардың палеолит дәуіріндегі қоғамдық ҧйымы кҥрделі де ҧзақ даму 

жолынан  ӛтті.  Оның  бастапқы  кезеңі  -  бірігіп  қорғану  мен  шабуылдау,  аң 

аулау  мен  терімшілікпен  айналысу  ҥшін  қҧрылған  –  тобыр  болды.  Руға 

дейінгі  бҧл  әлеуметтік  қҧрылым  –  тҥбірсіздігімен,  қоғамдық қатынастардың 

дамымауымен, 

қауымдық-отбасылық 

шаруашылықтың 

жоқтығымен 

сипатталынады  (ерекшеленді),  сонымен  қатар  оған  некелік  қатынастардың 

кейбір  қырынан  ғана  реттелуі  (кӛсемнің  рӛлінің  кҥштілігі,  т.б.)  тән  еді.  

Алғашқы қауымдық тобырдың ӛмір сҥрген уақытына тӛменгі палеолиттің ең 

ерте сатысына – олдувэй кезеңіне жатқызылады.  

       Ашель  заманында  біртіндеп  жаңа  әлеуметтік  қҧрылым  –  алғашқы 

қауымдық  қҧрылыстың  алғы  шарттары  пісіп  жетіле  бастайды.  Ал  мустье 

дәуірінде  отырықшылық  орнықты,  жыныс  пен  жас  мӛлшеріне  қарай  еңбек 

бӛлінді, қауымның алғашқы тҧрпаттары байқалды. Кейінгі палеолиттегі адам 

ҧжымы  әлеуметтік  жағынан  алғашқы  рулық  қауымның  кемеліне  жеткен 

қатынастарымен сипатталынады. Бҧл сапалық секірім, кӛптеген зерттеушілер 

пайымдауынша  неандертальдықтардың  осы  замандағыдай  дене  бітімі  бар 

адамға (Homo sapiens) айналуымен тҧстас келген. 

     Homo  тҥрінің  нақты  ежелгі  ӛкілдері  бҧдан  2,5  млн.  жыл  бҧрын  пайда 

болды.  Бҧл  уақытта  австролопитектер  ӛмір  сҥргендігі  туралы  пікірлер  бар. 

Қазір  1959-1963  ж.  Олдувэй  шатқалынан  (Шығыс  Африка)  дӛрекі  шапқы 

қҧралдарымен (чоппер) бірге сҥйек қалдықтары да табылған презинжантроп  

Жер  шарындағы  ең  ежелгі  еңбек  етуге  қабілеттілер  ретінде  саналады.  Бҧл 

ежелгі гоминидке ғалымдар «Homo habilis» («шебер адам») деген атау берді. 

Оның калий-аргон әдісі бойынша алынған абсолюттік жасы - 1 млн. 750 мың 

жыл. 

      Homo habilisтің ми кӛлемі (652 см 3) антропоид маймылдар миынан біраз 



асады. Басқа бірқатар мәліметтер де, мысалы, тік  жҥргендікті айқындайтын, 

айқын  білінетін  табан  имектігі,  бҧл  тіршілік  иесінің  адам  тәрізді 

маймылдардан  ежелгі  адамды  бӛлген  шектен  әлдеқашан  ӛтіп  кеткендігін 

кӛрсетеді.  

       Адам  эволюциясының  келесі  қадамы  Homo  erectus  («тҥрегелген  адам») 

сатысымен  байланысты.  Бҧл  тҥрдің  ӛкілдері  тас  ғасырында  шелль-ашель 

мәдениеттерін қалдырған - питекантроп пен синантроп болды. Ява аралынан 

табылған  питекантроптың  ми  кӛлемі  950  см3,  ал  Пекин  маңындағы 

Чжоукоудянь  ҥңгірінен  алғаш  рет  қазып  алынған  синантроп  миы  1075  см3 

еді.  Есте  қаларлығы,  синантроп  сҥйектерімен  бірге  тҥрлі  тҧрпаттағы 




 

56 


(формадағы)  дӛрекі  тас  қҧралдары,  қатты  отқа  кҥйген  тастар  және  тӛменгі 

антропоген фаунасындағы жануарлар сҥйектерінің ҥлкен кӛлемде жатқан-ды.      

      Қазіргі  уақытта осы заманғы адамның ең ежелгі  тҥпкі  отаны  (ата мекені) 

мен расалық тҥрлердің тегі туралы бірыңғай пікір жоқ. Екі ғылыми болжам: 



көпорталық  (полицентрлік)  және  бірорталық  (моноцентрлік)  кең  тараған. 

Біріншісі  бойынша,  осы  заманғы  адам  планетаның  Еуропа,  Азия,  Африка, 

Австралия  секілді  бірнеше  бӛліктерінде  қалыптасқан;  бір-бірінен  біршама 

бӛлек  (оқшау)  тҥрлі  қарқынмен  еуропа  тектес  (еуропеоид),  моңғол  тектес 



(монголоид),  зәңгі  тектес  (негроид),  австралия  тектес  (австралоид)  ҥлкен 

расалардың  қалыптасу  ҥрдісі  (процесс)  жҥрген.  Бірорталық  (моноцентрлік) 

ғылыми  болжамын  жақтаушылар,  барлық  расалық  тҥрлер  алғашқыда 

Солтҥстік-Шығыс Африканың, Алдыңғы және Оңтҥстік Азияның орасан зор 

аумағын  мекендеген  бір  арғы  ата-бабалардан  тараған  деп  есептейді.  Бҧл 

алғашқы  адамдарда  осы  заманғы  расалардың  бірде-бірінің  нышандары 

болған  жоқ,  тек  қана  адам  топтарының  Жер  шарының  тҥрлі  ӛңірлеріне 

мҥмкіндігінше  таралуы  мен  сонда  тҧрақтап  қалуына  орай,  біртіндеп  сол 

немесе басқа расалық тҥрлер қалыптасқан.        



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет