БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАУҒА ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ Аңдатпа Мақалада мектептің бастауыш сынып мұғалімдерінің қазіргі заманауи технологиялардың
бірі инклюзивті білім беруді жетілдіру, біліктілікті арттыру мақсатына қол жеткізуі
көзделген. Мұғалімдер білім беру сапасын саралау және дағдыларын даралау және
назарға оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту үрдісін инклюзивті білім
беру үрдісін қолдана отырып нақты жоспарлау қажет. Инклюзивті білім беру балалардың
дене, психикалық, зияткерлік, мәдени-этникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне
қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балалар-
ды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың
әлеуметтік бейімделуін, жалпы қоғамға кірігуін көздейді. Инклюзивті білім беру – мектеп
жүйесі оның сәйкестігі немесе әрбір жеке оқушыларға құрмет пен қабылдау бере отырып,
барлық балалардың білім алу құқығын береді.
Түйін сөздер: инклюзивті білім беру, психикалық, зияткерлік, мәдени-этникалық,
ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялары, қашықтықтан және өзін-өзі оқыту.
К іріспе. Қазақстан Республикасының
2011-2020 жылдарға арналған білім
беруді дамыту Мемлекеттік бағдарлама-
сында инклюзивті білім беруді дамытудың
мәселелері қарастырылған. Бұл қазіргі
уақытта біздің Еліміздің білім беру саласын-
да өзекті мәселелерің бірі екені айқындалып
отыр.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2015 жылғы 01 маусымдағы №
348 бұйрығымен «Қазақстан Республика-
сында инклюзивті білім беруді дамытудың
тұжырымдамалық тәсілдері» бекітілді.
Бұл құжат инклюзивті білім беруді жүзеге
асыру үшін қажет біршама мәселелерді
қарастырып, болашақта қандай міндеттер
шешімін табу керек екендігін айқындап беріп
жатыр. Онда біздің еліміздегі инклюзивті
білім берудің ағымдағы жағдайы, инклюзивті
білім беруді дамытудың тұжырымдамалық
тәсілдерінің стратегиялық бағыттары тұжы-
рымдамалық тәсілдерін іске асырудың
тетіктері мен күтілетін нәтижелер, оны іске
асыру кезеңдері жан-жақты қарастырылды.