З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет36/97
Дата19.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#119424
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   97
Байланысты:
академ жазба

 Тапсырмалар 
1-тапсырма. Зерттеудің теориялық маңыздылығын қандай өлшемдер 
арқылы анықтайды? Жауабыңызды негіздеңіз. 
2-тапсырма. Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығын қандай өлшемдер 
арқылы анықтайды? Жауабыңызды негіздеңіз. 
3-тапсырма. Зерттеу процесінің деңгейлері мен негізгі кезеңдерін 
көрсетіңіз. 
4-тапсырма. Ғылыми зерттеу әдістерін сипаттаңыз.
5-тапсырма. 
https://www.youtube.com/watch?v=mHQTnijw4iI
сілтемесі 
бойынша 
Гүлшат Түсіпованың «Теориялық негіздеме бөлімін жазу» 
тақырыбындағы вебинарын тыңдап, талқылаңыздар.
Бақылау сұрақтары: 
1.
Теориялық зерттеудің мақсаты мен міндеттері қандай? 
2.
Тәжірибелік зерттеу дегеніміз не? Мысал келтіріңіз. 
3.
Өлшеудің қандай әдістері бар? 
4.
Зертханалық тәжірибе қалай жүзеге асады? 


71 
5.
Күрделі және қарапайым тәжірибенің айырмашылығы неде?
6.
Ғылыми-техникалық мәтіндермен жұмыс істеу ерекшеліктері туралы 
не білесіз? 
 Біліміңізді тексеріңіз! 
1. Теориялық зерттеулер жұмыс гипотезасы мен зерттеу нысаны неден 
басталады және немен аяқталады? 
а) үлгілеуден, теорияны қалыптастырумен 
b) зерттеу нәтижелерінен, нәтижелерді қалыптастырумен
с) математикалық есептерді шешуден, аналитикалық әдістерді 
қолданумен
d) қазіргі ғылыми зерттеудің негізгі әдісінен, оны қорытындылаумен 
е) әртүрлі құралдарды қолданудан, оның жобасын зерттеумен 
2. Эксперимент дегеніміз не?
а) қарапайым объектілерді зерттеу 
b) әртүрлі құрал-жабдықтарды қолдану 
с) ғылыми зерттеулердің маңызды құрамдас бөлігі
d) әртүрлі энергияның зерттелетін объектіге әсерін зерттеу 
е) зерттелетін объектінің моделімен жұмыс жасау 
3. Зертханалық жағдайда әртүрлі құралдарды, арнайы модельді 
қондырғыларды, стенд және жабдықтарды қолдану арқылы жүргізілетін 
эксперимент қалай аталады? 
а) зертханалық 
b) жаратылысты 
с) қарапайым 
d) күрделі 
е) заттық 
4. Табиғи жағдайларда нақты объектілерге орындалатын эксперимент 
қалай аталады? 
а) күрделі
 
b) қарапайым 
с) заттық 
d) жаратылысты
е) зертханалық 
5. Әртүрлі энергияның зерттелетін объектіге әсерін зерттеу үшін 
қолданатын эксперимент қалай аталады? 
а) энергетикалық 
b) қалыпты 


72 
с) модельді 
d) бірфакторлы 
е) көпфакторлы 
6. Технологиялық үрдіс элементтерін немесе толық үрдісті (өнім, 
жабдық, жұмысшылардың қызметі, т.б.) зерттеуге бағытталған эксперимент 
қалай аталады? 
а) әлеуметтік 
b) технологиялық
с) заттық 
d) бірфакторлы 
е) көпфакторлы 
7. Арнайы шығарылатын сигналды таңдаумен байланысты және 
зерттелетін жүйенің шығыны мен кірісін бақылайтын эксперимент қалай 
аталады? 
а) активті 
b) пассивті 
с) заттық 
d) күрделі 
е) зертханалық 
8. Озық тәжірибенің бірінші белгісі 
а) жаңалық 
b) ғылыми қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері 
с) тұрақты, жақсы нәтижеге жету үшін құралдарды орнымен жұмсауы 
d) көкейтестілігі, оның ғылым үшін және тәжірибе үшін құндылығы 
е) қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі
9. Озық тәжірибенің екінші белгісі 
а) ғылыми қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері 
b) тұрақты, жақсы нәтижеге жету үшін құралдарды орнымен жұмсауы 
с) қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі 
d) жаңалық 
е) көкейтестілігі, оның ғылым үшін және тәжірибе үшін құндылығы 
10. Озық тәжірибенің үшінші белгісі 
а) қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі 
b) ғылыми қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері 
с) тұрақты, жақсы нәтижеге жету үшін құралдарды орнымен жұмсауы
d) көкейтестілігі, оның ғылым үшін және тәжірибе үшін құндылығы 
е) жаңалық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет